Мазмұндама
Сабақ жоспары
1.Пән аты: әдебиеті
2.Сыныбы: 5
3.Күні, айы, жылы:
4.Тоқсан: ІV
5.Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы: Мазмұндама
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушыларды өз ойларын еркін әрі сауатты жеткізуге дағдыландыру.
2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, жазбаша тіл мәдениетін дамыту.
Сабақтың типі: бақылау сабағы.
Сабақтың түрі: шығарма
Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, түсіндіру, жазба жұмысы, мәнерлеп оқу.
Сабақтың көрнекілігі: Диктанттар мен мазмұндамалар жинағы.
Пәнаралық байланыс: тіл.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ. Оқушыларды мазмұндама мәтінімен таныстыру.
Апам
Апамның мінезі қызық. Әлі күнге шейін айналып-толғанып, өбектеп жүргені. Менің ер жетіп, ересектер қатарына қосылып, ерте тұрып, кеш жатқанымда жұмысы да жоқ. Басым жастыққа тиіп, көзім ұйқыға кетісімен маңдайымнан иіскеп, шашымды сипап, қасымнан шықпайды.
Кейде оянып, көзімді ашпастан ұзақ жататынмын. Ана мейірімінің таусылар, сарқылар шегі болмайтын да шығар. Әр еміренуі сонау кеудемнің түкпірінде ұйып қалған балалық шақтың елжіреуін қайта қоздатып кететін екі-үш ұлдан қалған жалғыз «қоңыр қозысы» болғаныма өзімді кінәлі санаймын ба, жұрт алдында қабақ түйсем, осындай оңаша шақта алақан иісін құшырлана сіміріп, шексіз қуанышқа бөленем. Анаға жетер не бар екен?! Ана мейірімін алмастырар құдірет бар ма екен!
Бүгін де апамның маңдайыма тиген жұп-жұмсақ еріндерінің лебімен күліп ояндым. Әкем жұмысқа кетіп қалыпты. Асығыс атып тұрдым. Апам үстел үстіне тағамдарын жасап жүр. Далаға шықтым. Өткір жарық көзе шағылысып, ті қаратар емес.
Үйге кіріп, апамның бәйек болғанына қарамастан, түрегеп тұрып суық еттен қарбытып бірер асадым да, ораулы түстік тағамымды қолтығыма қысып, жұмысқа кеттім.
Көз алдымнан апам кетпей келеді… әсіресе, жасы мөлдіреген жанары әлденеге зарыққандай, әлденеге көңілі ынтығып, соған мұңая қалғандай.
Жайдары жаз өтіп барады. Енді бірер айдан кейін мына жасылы азая бастаған далаға күз келіп түседі. Ондайда бұл жердің сұрқы адам көргісіз. Сіркіреп жаңбыр жауады-ай келіп. Жердің миы шығып, аяқ аттасаң ақыретке айналып бітеді.
Аспанға қараймын. Ноқаттай боп бозторғай тұр қос қанатын қайшылап. Алысқа қараймын. Маңай жап-жарық. Күн күйдіріп барады. Айналайын жаз ғой бұл.
Тағы да апамды ойлап келемін. Ұзақ сапар өмірімнің ащы-тұщысын, күйініш-сүйінішін еске алғанда, қысқа ғұмырдың күңгірт күзіне тап болғанын сезетін болар. Тап сол кездерде көз жетпеске кеткен жастықтың жайдары жазын сағынып, іштей елжірейтін шығар. Сол күйіне аңсары ауғанда тірлігінің қайта ашылған гүліндей, қайта көктеген құрағындай мен көрінетін шығармын. Өбектейтіні де сондықтан болар.
(С.Сматаев, 334 сөз.)
Мазмұндама бойынша жоспар құру.
- Ана мінезі.
- «Ананың көңілі – балада,
Баланың көңілі – далада».
- Оятқан ана алақаны.
- Ана көңілі.
- Жайдары жаздың өтуі.
- Күз – көңілсіздік белгісі.
- Өмірдің жазы, күзі.
ІV. Сабақтың аяқталуы.