Қазақ тілі сабағында қолданылатын диктант түрлері

Оқу қазақ тілінде жүргізілетін мектептердегі жазба жұмыстарының тоқсан сайын орныдалу мөлшері сағат санына байланысты:

тоқсан1 тоқсан2 тоқсан3 тоқсан4 тоқсан
жұмыс

түрі

дмшбждмшбждмшбждмшбж
сынып                
53111211131112111
62111211131112111
73111211131112111
81111111121211111
91121112111211121
10111/21111/21111/21111/21
11111/21111/21111/21111/21

 

Мұндағы «Д» — диктант, «М» — мазмұндама, «Ш»- шығарма, «Бж»- бақылау жұмысы. 10,11 – сыныптарда бағдарлы оқытуға байланысты жаратылыстану- математика бағытында шығарма саны қоғамдық – гуманитарлық бағытқа қарағанда 1 сағатқа кем.

Оқу қазақ тілінде жүргізілетін мектептер үшін диктанттағы сөз мөлшері төмендегідей:

Сынып567891011
Сөз мөлшері100-110110-120120-130130-160160-180180-200200-220

 

Жазылған диктантты бағалау нормасы:

БағасыҚателер саны
«5» деген бағаЕшбір қатесі болмаса немесе емле, тыныс белгісінен бір қате жіберсі;
«4» деген бағаЕмле және тыныс белгілерінен екі-екіден қателері болса;
«3» деген бағаЕмле және тыныс белгілермен 4-5-тен қателері болса немесе 3 емле, 5 тыныс белгі қатесі болса;
«2» деген бағаЕмле мен тыныс белгілерінен әрқайсысынан 6-дан 10-ға дейін қате жіберсе;
«1» деген бағаЕмле мен тыныс белгілерінен қателер саны «2» деген баған нормасынан асып кетсе;

 

Диктант мәтініне байланысты мұғалімнің ескеретіні:

  • Қажет болған жағдайда мәтін мазмұныны жөнінде қысқаша мәлімет беру;
  • Сөйлемдердің құрылысы мен тыныс белгілерін , оқылу интонациясын ескеру;
  • Жай сөйлем, құрмалас сөйлемдердің қандай түрлерінің барын анықтау;
  • Сызықша, тырнақша тәрізді тыныс белгілерді қолдану жүйесіне көңіл аудару.

            Диктант өткізудің де әдістемесі бар. Ең алдымен талапқа сай мәтін іріктелініп алнады. Мәтін іріктеуде төмендегідей шарттар ескерілуі тиіс:

1)Диктант мәтіні мазмұнды, түсінікті, әдеби тіл нормаларына сай болуы;

2)Диктанттағы сөз мөлшерінің сыныптар бойынша талапқа сай болуы;

3)Сирек қолданылатын жазуда қиындық келтіретін сөздердің мейлінше аз болуы;

4)Диктан мәтінінің өтілген ережелер мен емлелерді қамтуы.

5)Мәтін мазмұнының тәрбиелік мәнді болуы.

 

          Оқушы білімін бағалағанда ескерілетіні: егер оқушы бір әріптің орнына екінші әріпті жазса, әріп қалдырып кетсе, бір әріпті екі рет қайталаса, оларды ауыстырып қолданса, олардың әрқайсысы бір-бір қатаге саналады.бір сөзді бірнеше жерде қате жазса, ол бір қатеге есептеледі. Диктант мәтіні ұқыпсыз жазылса, түзетулері көп болса, каллиграфиялық талапқа сай болмаса, диктант бағасы төмендетіледі.

Диктант келесі сабаққа тексеріліп әкелінуі керек.жұмыстың соңында орфографиялық, пунктуациялық қате саны көрсетіледі. Шартты белгілерді оқушы  «оқи» білулері керек.

Тексеру барысындағы шартты белгілер:

/ — емле қатесі;

V – тыныс белгісі қатесі;

? – түсініксіз;

Z – азат жол.

Грамматикалық тапсырмасы бар диктант сабағының құрылымдық кезеңдерін шамамен төмендегідей көрсетуге болады:

  1. Сабақтың мақсаты, оқушы міндеті түсіндіріледі.
  2. Өтілген грамматикалық материалдарды еске түсіру, тілдік дайындық.
  3. Диктант мәтінімен таныстыру, жазғызу.
  4. Диктант мәтінін тексеру мақсатымен оқу.
  5. Грамматикалық тапсырманы орындату.
  6. Жұмысты жинау.

 Диктанттың өткізілу мақсатына байланысты бірнеше түрлері бар: әріп, буын, сөз, сөздік, сөйлем, түсіндірме, терме, еркін, шығармашылық, көру, өздік, қатеден сақтандыру, бақылау.

Әріп диктанты — әріптер мен дыбыстардың айырмашылықтарын білуге үйретеді. Сондықтан бұр жұмыс түрі бастауыш сыныпта көбірек қолданылады.

            Буын диктантының – мақсаты оқушыларға буындарды, үндестік заңын үйрету. Оқушылар буынға бөліп жазу арқылы дыбыстардың буын құрау ерекшеліктерімен танысады.

            Сөз диктанты – сөздің белгілі бір ұғымды білдіретініне бағытталған. Аталған диктант буын мен дыбыс, әріп ерекшеліктерін де қамтиды.

            Сөйлем диктанты – қазақ тіліндегі сөйлем түрлерін тануға, сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтауға үйретеді.

Түсіндерме диктант — өтілген тақырыпты оқушылардың қалай меңгергендігін тексеру мақсатымен бірден мұғалімнің айтуымен жазылып, керекті түсініктер беріледі. Үлгі ретінде оқушының тақтада орындауына болады. Тапсырманың орындалуына бүкіл сынып оқушылары қатыстырылады, ережені есте сақтау мүмкіншілігі жоғары болады.

            Еркін диктант – мәтінін мұғалім оқып шыққан соң оқушылар өздігінен жазып шығады, кейін өз жазғандарын негізгі мәтінмен салыстырады.

          Өздік диктантын – оқушылар мұғалімнің айтуымен емес, жатқа жазады. Алдын  ала оқушыларға сәйкес материалдарды қайталап келу тапсырылады. Мысалы, жаттаған өлеңдерін, мақал- мәтелдер, қанатты сөздер, жұмбақ, жаңылтпаштар, өткен ережелерді жатқа жаздыруға болады. Кейде оқулықтағы мәтінді бірнеше рет оқып шығып, жатқа жазу ұсынылады, кейін оқулықпен салыстыруға болады. Мәтінді тақтаға жазуға да болады. Өздік диктанты оқушылардың орфографиялық сауаттылығын, өткен тақырыптарды қалай меңгергендіктерін тексерудің тиімді бір жолы болып табылады.

Қатеден сақтандыру диктанты немесе ескерту диктанты – жоғарыда аталған диктант түрлерінің элементтерін қамтиды. Бұл диктант түрі оқушылардың өтілген ережелерге арналған тапсырмаларда, жазған жұмыстарында қате жібермеуін көздейді.

           Сөздік диктантын — әр сабақта өткізуге болады. Себебі, өзге тілді оқушылар үшін бұл диктант түрі сөздік қорын байытудың бір жолы болып табылады.

Терме диктанты – белгілі бір ережеге, емлеге байланысты өткізіледі. Оқушылар диктант мәтінін толық жазбай, тапсырма бойынша қажеттісін ғана теріп жазады.

            Шығармашылық диктант – оқушы ойын дұрыс және сауатты жазуға баулиды, шығарма жаза білуге жаттықтырады. Бұл диктант түрін өткізгенде белгілі бер тақырып бойынша мәтін құрастыру, орын тәртібі бұзылған сөйлемдерді қалпына келтіру, көп нүктенің орнына қажетті сөздерді табу сияқты тапсырмалар ұсынуға болады. Тапсырма дұрыс орындалғанына көзжеткізілгеннен кейін ғана жұмыс орындалады.

Көру диктанты – оқушылардың көру, есте сақтау, затты тану қабілеттерін дамытуға ықпал етеді. Диктант мәтінін тақтаға жазып, оқушылаға белгілі бер уақыт арасында мәтінді есте сақтау тапсырылады, есте сақтағандарын оқушылар жазып шығады. Сондай-ақ суреттер іліп қоюға, заттардың сұлбаларын көрсетіп, қандай зат екенін анықтап, дұрыс нұсқасын жаздыруға болады.

            Бақылау диктанты – оқушылардың білімі мен сауаттылығын тексеру мақсатында жүргізіледі. Бұл диктант түрі көлемді тақырыптан соң әр тоқсанның аяғында, оқу жылының соңында өткізіледі. Бақылау дитанты туралы оқушыларға алдын ала ескертіледі, бекіту, қайталау сабақтары өткізіледі. Дайындық жұмыстары оқушы білімін жүйелеумен бірге жақсы нәтижеге жетуге ықпал етеді. Бақылау диктантына тұтас мәтін алынады, диктант тақырыбы, қиын сөздер тақтаға жазылады.

 

                                                   

 

 

 

 Түсіндірме диктант

             Мына сөздердің айтылуын көрсете отырып, сөздің айтылуы мен жазылуын түсіндір.

Көлдік, өрік, өтірік, төзім, төсек, көңілді, көше, жөндеу, көмек, көну, жөнсіз, орынсыз, қоныс, толық, жолды, қоңыр, осы, оқымысты.

Мына сөздерге қосымшалардың тиістісін жалға, түсіндір, сөйлем құра.

әділ ( -дық/дік; — ы, і)

тарих ( -тың/тің; — ы,і)

парк (-та/те;-тан/тен)

кінә (-лы/лі; -ла/ле)

дәреже (-ға/ге; -сы,сі)

мәжіліс (та/те; -тан/тен)

күмән (-дан/ден)

әдеп (ті/ты; — сыз/сіз)

адал (-дық/дік)

жазық (-ты/ті)

жиналыс (-та/те; -тан/тен)

атақ (-қа/ке; — ы/і)

дағды (-лы/лі)

                              Қос сөздерді тап, мағыналық түрлерін ажырат, түсіндір.

Өркеш-өркеш жота. Әжем айналып-толғанып , арқамнан қағып жатқаны. Жалма-жан ердің қасынан шап беріп ұстай алдым. Сүріне-қабына еркелей жүгірем. Мен болсам зәре-құтым қалмай қорқсам да, қаздиып тұра беріппін.Бұл сонда үн-түнсіз шаруақор менің әкеме ұқсайтын. Онда мен кіп-кішкнтай сәби едім.Сонда өрік-мейізге бір тойып қаламыз. Ағайын-туыс арасындағы  алыс-беріс, көрші-қон мәселесі, ас-той, дау-дамай  – бәрі-бәрі Момыштың араласуынсыз  шешілмеген.

               Қайсысы шылау,қайсысы жалғау,  қайсысы сөйлем мүшесі екенін ажырат, түсіндір.

Қу түлкі үнсіз қала ма? Өзі  бермесе алма. Алма- дәмді жеміс.  Айдағаны мал ма? Қолыңды суық суға малма. Малыма су берейін. Сенен бұрын келдім. Бұрын мұндайды көрмеппін. Ағаммен бірге келдім. Біз бірге отырдық. Бірге бірді қосса екі болады. Мәселе баста ма? Асығып іс бастама. Бұл- игі бастама . Жаңбыр мен қар араласып жауды. Алматы  жаңбырымен ерекше. Мен қалалықпын. Қыз да, ұл да менікі. Қызда көйлек, ұлда жейде болады. Сенен кейін менің кезегім. Қонақтар кейін келді.

Еркін диктант

Менің Отаным – Қазақстан

Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы. Қазақстан ірі мемлекеттердің бірі. Біздің елімізде жүз отыздан астам ұлт өкілдері тұрады. Қазақстанның жері кең – байтақ, шекарасы он алты бүтін оннан бес мың шақырымға созылып жатыр. Отанымыз батысында Ресеймен, шығысында Қытаймен, оңтүстігінде Орта Азия Республикаларымен шектеседі.

Қазақстанның жер қойнауы толған байлық. Қарағандыда – көмір, Өскеменде – мырыш, Балқашта – мыс, Маңғыстауда – мұнай өндіріледі. Еліміздің табиғаты да ерекше, климаты шұғыл кнотинентальді.

Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Өзінің тәуелсіздігін 1991 жылы алды. Біз Отанымызды сүйеміз, мақтаныш етеміз. (77сөз)

Су – тіршілік көзі

Жердің үштен екі бөлігін су алып жатыр. Мұхыттар, өзен, көлдедге қоса жер асты сулары да бар. Су бұлт, тұман, бу, жаңбыр түрінде  атмосферада болады. Мұздықтар мен айсбергтер де су болып есептеледі. Адамның, өсімдіктердің,  жануарлардың денесінің белгілі бер бөлігі де судан тұрады. Сусыз тіршілік жоқ.  Бүкіл жан иесі сусыз өмір сүре алмайды.

Жер бетіндегі  судың жалпы мөлшері өзгермейді. Су буға  айналады. Ьудан бұлт пайда болады. Ол жаңбыр, қар, бұршақ болып жерге қайта жуады. Яғни, қайтадан суға айналады. Ішуге жарамды су өте аз. Ол күннен – күнге азайып барады. Суға қамқорлықпен қарау керек. Су – тіршілік көзі. ( 96сөз)

 

Аурудан аяған күштірек

             Сейіт орам үстінде жүгіріп бара жатқанда , бір арбалы келіп, аңдаусыз соғып кетіп, аяғын сындырыпты.  Ойбайлап жылап жатқан баланы көріп шошынғаннан шешесі есінен танып қалыпты. Мұны көрген соң  , Сейіт жыламақ түгіл, сынған аяғын орнына салып , таңып жатқанда  да дыбысын шығармай, қабағын да шытпай  жатты. Сонда сынықшы кісі :

– Аяғың ауырмай ма, қабағыңды да шытпайсың , –деп сұрады.

Сейіт шешесі шығып кеткен соң , демін  алып,сынықшыға сыбырлап айтты дейді:

  • Ауырмақ түгіл жаным көзіме көрініп тұр, бірақ менің жанымның қиналғанын көрсе, әжем де қиналып , жүдемесін деп , шыдап жатырмын, –дейді.

 

                                                Өздік диктантына арналған өлеңдер

Өлеңдерді жатқа жазайық:

Ана тілің – арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.

                        (Қ.Мырзалиев)

Көк аузынан түспейтін

Отан деген немене

Оның тұлға , түс-кейпін,

Достым, білгін келе ме

Отан-сенің ата-анаң,

Отан-досын, бауырың.

Отан-өлкең,астанаң,

Отан-аудан,ауылың.

Отан-тарих,Отан-тіл,

Жасаған елің,ер халқың,

Отан-өлең,Отан-жыр,

Көтерген көкке ел даңқын.

                                                      (Б.Ысқақов)

Нанда өмірдің иісі иенен дәмі бар,

Нанда адамның еңбегі мен ары бар.

Нан-өмірдің ана сүті, арқауы,

Нансыз жерде қай өмірдің сәні бар

                                                        (Ө.Тұрманжанов)

 

Мен істеді дегенше,

Мың істеді десеңші.

Мың істеді дегенше,

Ер істеді десеңші.

Ер істеді дегенше,

Ел істеді десеңші.

                                       (Б. Момышұлы)

 

              Мақал – мәтелдерді жатқа жазайық:

Әдептілік, ар –ұят –

Адамдықтың белгісі,

Тұрпайы мінез, тағы жат –

Надандықтың белгісі.

 

Батыр – елдің сәулеті,

Балқұрық – көлдің сәулеті.

 

Білімдіге дүние жарық,

Білімсізге дүние кәріп.

 

Сөз атасы – құлақ,

Жол атасы – тұяқ,

Су атасы – бұлақ.

 

Тазалық – саулық негізі,

Саулық – байлық негізі.

 

             Жаңылтпаштарды жатқа жазайық:

Тоғай толған торғай бар,

Торғай тоғайды ұнатады.

Тоғай торғайды қуантады.

 

Өте мерген Орман атты

Ор түбінен ор қоян атты.

Оқ тиген соң өте қатты

Ор түбінен ор қоян атты.

 

Қала бардым,

Қалам алдым,

Түр – түсіне қарап алдым.

Қарап алдым,

Қалап алдым,

Қажетінше санап алдым.

 

Үш кіші ішік піштім,

Бес кіші ішік піштім,

Неше кіші ішік піштім.

 

Ойдан – ой, ой ойдан туындайды,

Ой – ойдан, ойдан ой туындамай,

Ой болар ой қайдан туындайды?!

 

Жүз кісіден жүзгішті жүзгіш дей ме,

Жүзгішіңнен жүзгішті жүзгіш дей ме.

Жүзгіш жүзген уақытта жүзе алмайды,

Жүзден озған жүлделі жүзгіш кейде.

 

              Қанатты сөздерді жатқа жаттау:

Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін – білім.

(М. Әуезов)

Адамның адамшылығы істі бастағынан білінеді.

(Абай)

Айтар сөзді алдымен ойлап ал.

(Қорқыт)

Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді.

(Жиренше)

 

                                                           Ескерту диктанты

Марқакөл қорығы – Шығыс Қазақстан, Алтай тауының  Азу мен Күршім жоталарының аралығында. Терең ойпатта. Марқакөл – үлкен, мөлдір сулы, балықты көл. Оның айналасы тасты, орманды тау. Бұл көлге бірнеше өзендер мен бұлақтар, жылғалары ұяды.

Табиғаты қатал. Жері ылғалды. Қысы аязды. Қар қалың түседі. Мұнда жиі – жиі күшті желдер де соғып тұрады.

Қорықта алуан – түрлі ағаштар, жеміс – жидектер өседі. Солардың ішінде балқарағайды ерекше атауға болады. Бұл ұзақ жасайтын әрі ұзын, әрі қатты ағаш. Оны кезінде кеме жасауға пайдаланған. Сондай – ақ,  балқарағайдан көптеген пайдалы заттар алынады.

Марқакөл – Қазақстандағы ең жас қорық. ( «Балдырған»).

                                           

                                                             

 

 Сөздік  диктант

                                                              Отан

Атамекен, туған жер, туған ел, кіндік қаны тамған жер, мемлекет, көпұлтты, елтаңба, ту, әнұран, ұлт, ұлт өкілдері, халық, астана, рәміздер, елбасы, саясат, тату, татулық, достық, шекара, Ата заң, тәуелсіз, егеменді, еркін.

                                                            Уақыт

Ғасыр, заман, дәуір, өмір, жыл, жарты жыл, ай, күн, апта, тәулік, сағат, минут, секунд, бүгін, ертең, биыл, былтыр, бүрсігүні, арғы жылы, осы жылы.

Апта күндері: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі.

Жыл мезгілдер: қыс, көктем, жаз, күз.

Тәулік мезгілдер: таңертең, түс, сәске, кеш, ымырт, түн.

                                        

                                                      Мата атаулары

Ақдабы, ақсаң, барқыт, баршын, бәтес, борлат, бөз, бүлде, доқаба, дүрия, жібек, қамқа, қатипа, құлпы, мақпал, масаты, мауыт, патсайы, торғын, торқа, үлде, шағи, шұға.

Үй-жай атаулары

Албар, ауыз бөлме, балаған, балахана, бастырма, бұғат, долан, дың, жатын, жер үй, жеркепе, жерошақ, жертөле, кәң, керене, кепе,күмбез, қақыра, қамба, қамсау, қапас, қарабура, қасбет, қоржын үй, қос, қыстау, мәтке, рабат, сағана, сенек, там, тауша, ас үй, төр үй, уақап үй, ұра.

                           

                                        Түрлі заттармен ойналатын ойындар

           Ағаш аяқ, аққала, ақпа, ақсүйек, ақшамшық, алакүшік, алтыбақан, арқан тартыс,арқан тартпақ, арынды арқан, асау мәстек, асық, аттамақ, ауыртаяқ, батпырауық, әуе таяқ, белбеу соқ, белбеу тартыс, жаяу көкпар, орамал тастау, сақина жасыру, тобық, түйілген орамал, сиқырлы таяқ

 

 

 

 

 

 

 

Терме диктант

                                             Бірыңғай мүшелерді теріп жазу.

Ғылым таппай мақтанба

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ-

Бес дұшпаның, білсеңіз,

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым ойлап қой –

Бес асыл іс, көнсеңіз

(Абай.)

       Жалпы жасқа

Әйел, еркек, жалпы жас!

Көтеріліп, көрін, көзіңді аш!

Жаңбырлы жазғы жапырақтай,

Көркей, көгер, гүліңді шаш!

 

Оян, ойлан, ұрандас!

Қатарлас, теңел, құрал, жас!

Құлқыны жаман құзғындар,

Құралсаңдар – тұра алмас.

                                            (  І. Жансүгіров)

 

                                                        Үй жиһаздары

Қазақтың киіз үйіне лайықталып жасалған үй жиһаздары болған. Олар: кебеже, абдыра, кереует, жастық ағаш, жүкаяқ, кілем. Еденге төселетін  бұйымдар: алаша, текемет, сырмақ, тулақ, құрақ көрпелер, жер жастық. Тұтынатын заттар: аяққап, кесеқап, тұлып, қоржын. Ыдыс – аяқ: қазан, кесе, таба, тостақ, ожау, елеуіш, күбі, торсық, қыш ыдыстар.

 Одағайларды теріп жазу

            Сірә, және, пәлі, мен, сондай-ақ, моһ-моһ, Қарағанды, өй, тарт, пай-пай, береке, бәрекелді, әттең,уһ, ұстап қалды, да, де, құрау-құрау, ойпырай, түу, балам, тәйірі, ау, бәсе.

 

 

 

Одағайларды қатыстырып сөйлем жаз.

                                   Қосарлама қос сөздерді теріп жазу

У-шу, ығы-жығы, опыр-топыр, ата-тегі, бау-бақша, бала-шаға, қол-аяғы, сенер-сенбесімді, жалма-жан, аң-таң, екі-үш, қас-кірпігіне, ыдыс-аяқтарын, өзін-өзі,жөн-жоба, егіл-тегіл, алыс-беріс, жан-жаққа, ары-бері, бірте-бірте, еміс-еміс,ала-құла, абыр-сабыр,оқта-текте, үрім-бұтағы, жиын-терін , дәм- тұзы, үн-түнсіз.

 

Шығармашылық диктант

            Мақал – мәтелдердегі айтылмай тұрған сөзді табыңдар, ол қай сөзбен антонимдік мағына құрайды?

Арқанның ұзыны жақсы,

Әңгіменің …… жақсы.

 

Дұшпанға таста қатты бол

……  балдай тәтті бол.

 

Жолдасы жақсы жолды болар

Жолдасы ….  қолды болар.

 

Ақыл – дос, ашу ….

 

Алыстағыны  ақын болжар,

…….   пақыр болжар.

 

Ақымақ ішкен – жегенін айтады.

…..  көрген – білгенін айтады.

 

Өз білмегеніңді кісіден сұра

Үлкен болмаса,  …… сұра.

Білгенге сүйен,

Білмегенге ….,

 

Көп сөз күміс,

….. сөз алтын.

 

Жалқауға жатса да – мейрам,

……..   да мейрам.

 

Қыс азығын ……  жина.

 

Қыс абаңды сайла

…….. шанаңды сайла.

 

Көп жүрген жер – көл.

Құм жүрген жер – шөл.

(Қазақ мақал – мәтелдері)

            Тіркесті толықтыр, етістік қандай жұрнақтар арқылы жасалады.

                                  Сөйлем құра.

Себепсіз  кінә …..                               Кішілерге көмек ……

Шындықты із……                                     Мамандық туралы ой ….

Білуге талап …..                                       Үйге қарай бет ……

Болашақты арман ….                               Жоспарды талқы…..

Достармен әңгіме ….                               Әңгімені аяқта …….

Үлкенді сыйла ….                                   Кемшілікті аз ……

               Тұрақты тіркестерді     синонимдермен ауыстыр.

Жұмған аузын ашпау — …………                                көмектесті — …………………

Қайран қалу — ………………..                                        өкпелеу — …………………..

Тіл алмау — …………………                                             ұнатпау — …………………

Сөзге келу — ……………….                                             сөйлеу — …………………..

Қол жұмсау — ……………..                                             көрмеу — ………………….

Тісін қайрау — …………….                                             мақұлдау — ……………….

Көз түсу — ………………….                                              біріктіру, жинау — ……..

Дем берді — ………………..                                              серттесу — ………………….

Тыңдамау — ………………..                                              қаралау — ………………….

 

Еліктеуіш сөздерді етістіктермен тіркестір, сөйлем құра.

Бұрқ – сарқ …………..

Сатыр – сұтыр ………

Шиқ – шиқ …………..

Зыр – зыр ……………

Зу – зу ………………..

Гурс …………..

Сарт – сұрт …………

Қытыр — құтыр

                                                             Есімдік  түрлері                                              

            Сұраудың орнына тиісті сыңар қойып, бастауыштың қай сөз табынан жасалғанын анықта.

  1. (Не?) Жасылкөлді айнала қонған екен. Ауыл
  2. (Кім?) Бір сәт үнсіз қалды. Ол
  3. (Кім?) Маған бұрылып, байыппен барлай қарады. Әкем
  4. (Кім?) Бізді жимия қоштайды. Жанбай
  5. (Нелер?) Жасылкөлге біржола бауыр Аққулар
  6. Бұл сөзді естіген (кімдер?) сүйіншілеп ауылға тартты Жігіттер
  7. Құс падишасы атанған аққуды сонда (кім?) алғаш рет көрдім. Мен
  8. (Кімдер?) үнсіз қалыппыз. Бәріміз
  9. Табиғат тыныштығын енді (кім?) де бұзбайды. Ешкім
  10. Күләш апайымызды (кім?) де мақтанг тұтамыз. Біз

 

 

Көру диктанты

                                                       Дара және күрделі сан есім

 

Жаңылтпаш

Арқада алты арқар бар,

Қырқада қырық арқар бар.

Қырық арқарда қарт арқар бар,

Алты арқарда марқа арқар бар.

Жұмбақ

Бірі ақ, бірі – оның туған қара,

Отыздан он екі рет өскен дара.

Үш жүз алпыс әрбірінің серігі бар,

Жұп қылып бөліп алған екеу ара.

( күн, түн, 12 ай, әр айдағы 30 күн)

           Дара сан есімдердің астын екі сызықпен, күрделі сан есімдердің астын бір сызықпен сызу.

                                                  Өлең

                              Балмұздақ

                  Ағасы:

–Көкем әлі өсерсің,

Талай тайғақ кешерсің.

Алып қандай мамандық

Қандай істі шешерсің?

Інісі:

–Оңашада жалғыз қап,

Дайындар ем балмұздақ.

Өзім тойып,

Саған да

Берер едім аз-мұздап!

Есімшелі және көсемшелі сөздердің астын сыз.

                                                        Ертегі

                                                  Сылтаушыл

Ертеде бір қойшы үйіне ұйықтап алуға келіпті де, қойды қарай тұруға баласын жұмсапты. Күн суық болса керек, баласы:

–Тоңамын! –деп, сылтау айтыпты.

Анасы ұлының аяғына жылы байпақ , үстіне тон, тері шалбар, жылы қолғап, басына үлкен тымақ кигізіпті де:

–Ал, балам, енді тоңбайсың , бара ғой, –депті.

Сонда баласы ұялмастан:

–Енді көзім тоңады, –деп жылапты.

Сын есімдерді тауып, астын сыз.

 

                                                                      Одағай

 

1.Ау, шырағым, құлыным, маңдайымда тұлымым, көлге біткен құрағым. 2. Тәйірі, осыны да жұмыс деп тұрсың ба? 3. Айналама қарасам, о  тобы қып-қызыл гүлдер жайқалып тұр. 4. Моһ- моһ, ала сиырым. 5. Алақай! Мен бірінші орын алдым. 6. Апыр – ай, мына бала аттан құлап кетер ме екен. 7. Бәрекелді! Ән деп осыны айт.

                  Сөйлемдерді көшіріп жазып, одағайлардың астын сызу.

 

Сандық диктант

                                                  Зат есімнің мағыналық түрлері

1234567891011121314151617181920
                    

 

1-деректі зат есім

2-дерексіз зат есім

Елік, керік, қуаныш, есік, сезім, етік, жастық, төзім, өкініш, терек, сағыныш, нан, көңіл, кітап, дәптер, жақсылық, уайым, өрік, орамал, парасат.

Дұрыс жауабы:

1234567891011121314151617181920
11212112212121122112

                                          

                                          Сын есімнің мағыналық түрлері

1234567891011121314151617181920
                    

1-сапалық сын есім

2-қатыстық сын есім

Қызғыш,жақсы, көйлекшең, өткір, аппақ, сүтті, асыранды, ұзын, елсіз, сұлу, шырайлы, нулы, негізгі, жеңіл, көрікті,күрделі, туынды, көмірдей, кең, таулы.

Дұрыс жауабын  тексеру керек

1234567891011121314151617181920
11221221212221212212

 

                                             Етістіктің мағыналық түрлері

1234567891011121314151617181920
                    

1-сабақты етістік

2-салт етістік

Кел, тазала, көрді, отырды, жина, барды, турады, жылынды, жақты, бітірді, бағынды, сағынды, озды, сезді, тозды,бақты,  оқыды, келді ,кезді, түсті.

 

 

Дұрыс жауабын  тексеру керек

1234567891011121314151617181920
211 21212112211211212

                                

Еліктеу сөздің мағыналық түрлері

1234567891011121314151617181920
                    

1-еліктеуіш сөздер

2-бейнелеуіш сөздер

Гүрс, мыж-мыж, тарс-тұрс, бүгжең, томпаң,сырт, домалаң,саңқ,селк, жалт-жұлт, бұрқ-сарқ, қарқ-қарқ, маймаң-маймаң, балпаң, сылдыр, күмбір-күмбір, желп-желп, ербең-ербең, сыңғыр-сыңғыр, маң-маң.

 

Дұрыс жауабын  тексеру керек

1234567891011121314151617181920
12122121221122112212

                                                      

                                                        Бақылау диктанты

                                                  Қазақ тілі— рухани асыл мұра

Адамдардың өмір сүруінің, тұрмыс-тіршілігін жүзеге асыруының құралы —тіл. Қазақ тілі қазақ ұлтының құралуымен бірге қазақ халқының ұлт тілі болып қалыптасты. Қазақтар өзінің ұлттық тілін «Ана тілі» деп атайды.Қазақтың ана тілі  — қазақ халқына ортақ, бәріне бірдей түсінікті , біртұтас тіл. Қазақ тілі —Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып бекітілді. Мемлекеттік тіл —Ту мен Елтаңба сияқты мемлекеттің рәмізі. Осыған сәйкес 1997 жылы 11 шілдеде «Қазақстан Республикасының Тіл туралы заңы» қабылданды. Оның 4-бабында «мемлекеттік тіл —қазақ тілі» екені жазылған.

Ана тілін ардақтап, мәпелеп, тәрбиелеп өсіру —ананың баланы мәпелеп, тәрбиелеп өсіруі сияқты. Ана тілге ұқыпсыз, көңілсіз,қалай болса солай қарауға болмайды. Қазақ тілінің байлығы —қазақ халқының  байлығы. Осы байлықты бағалай білуіміз керек.

(С.Аманжолов. 110 сөз.)

 

                                                                     Кітап

            Кітап– мерзімсіз баспасөз басылымы.  Кітаптың алғашқы түрлері ежелгі Мысырда, Шығыс елдерінде, Грекияда, Римде қыш текшелеріне, тақтатастарға сына жазумен жазылатын болған.  Мысырда қыш текшелердің орнына папирус қолданылды.                Осыған байланысты кітапты көшіріп жазуға машықтанған көшірушілер мен қолжазбаны көркемдеуші суретшілер пайда болды. Кейіннен папирустың  орнына тері жарғақ қолданыла бастады.  Ежелгі Рим мәдениеті мен ғылымының аса ірі өкілдерінің туындылары жарғақ кітаптарға жазылып таралды.

Қарапайым қытай шебері Цай Лунь қағазды ойлап тапты. 13 ғасырда қағаз жасау өнері Шығыстан Батысқа тарай бастады. 15 ғасырдың ортасында неміс өнертапқышы И.Гутенбергтің баспа қалыбын ойлап табуына байланысты, жылжымалы құйма қаріппен құйылатын баспа кітап пайда болды.

Осы заманғы кітап түптелген , мұқабаға дәптерлер түрінде өзара тіркестіріліп бекітілген кітап блогы үлгісінде жасалады. Кітаптар оқырмандар қауымына қарай бұқаралық және мамандар мен балалар кітаптары болып бөлінеді.

                                                                                                                         (120 сөз)

                                             Қарлығаш —адамның досы

           Қарлығаш — адамның досы, жанашыры, қай кезде де қамқор боп жүретін адал құс. «Қарлығаштай өртіме қанатымен су сепкен» деген теңеудің айтылуы да бекер емес.

Қарлығаш —әдеміліктің де символы.

«Қасың бар қанатындай қарлығаштың,

Болсайшы бәрі сендей қарындастың» деген қара өлең —соның дәлелі.

Қарлығаш —талай әпсаналар мен аңызда кездесетін адамға жанашыр құс.

Қарлығаш кеш келіп, ерте қайтады. Кеш келетіні—ол негізінен шыбын-шіркейлермен қоректенеді. Жемтігін ұшып бара жатып қағып жейді, суды да солай ішеді. Ал шыбын-шіркей қар ерісімен бірден шыға қоймайды. Жер дүние жасыл желекке бөленген соң ғана шығады. Ерте кететіні де қорегіне байланысты.

Қарлығаш ұясые көбінесе үйдің маңдайшасына, қораның бел ағашына салады. Адамға үйірсек. Сүйкімді. Оның өзге құстарға ұқсамайтын әні бар. Құлаққа жағымды. Халық арасында айтылатын әңгіменің бірі—қарлығаштың бұзық ниетті, арам ойлы адамдардың үйіне ұя салмайтыны.

                                                                                                                         (120 сөз.)

                                                  Қайың  —әдемі ағаш

Қайың – ақ түсті қабығымен ерекшеленетін әдемі ағаш. Өмір сүру ұзақтығы — 100-150 жыл. Ол көктемде ерте бүршік жарып, кеш жапырақ түсіретіндігімен ерекшеленеді. Табиғатта қайыңның 140 түрі бар. Елімізде оның көптеген түрлері кездеседі. Ең кең таралған түрі — кәдімгі қайың ,аққайың. Баянауыл, Көкшетау қорықтарында  “үлпек қайың” деп аталатын түрі өседі. Қайың ағашының бұтағы мен діңі берік, шымыр. Жапырағы жұмыртқа пішіндес, жиектері ара тісті. Қайың сәуір, мамыр айларында гүлдейді. Гүлдері сырға секілді. Күзде ерекше сары түске боялатын қайың жапырақтары саябақтарға көрік беріп тұрады. Қайың өте тез өседі және оңай жерсінеді.  Әдемілігіне бола жолдың екі жағалауына, тіпті бақ ішіне қатар-қатар бірнеше түбін бірден егеді.

Қайыңның бүршігі мен жапырағында, гүлі мен діңінің қабығында және ағашы мен шырынында емдік қасиеттер бар. Шырынын сусын ретінде пайдаланады.

                                                                                                               (118 сөз)

 

                                                   Көксерек

Жетілмей келе жатқан тісі ғана. Көксерек  арлан еді. Сондықтан бұның бойы биіктене береді. Әрі тұрқы шығып ұзарған жоқ.  Барлық жүні қара-көк, жотасы күдірейіп, ауыз омыртқа мен құйрығына  шейін тұп-тұтас болып күлдіреуіштей бүгіледі. Атылып келе жатқан садақ оғындай  үңілген , сүйірленген бір бітімі бар.

Өзі ешкімге ізденіп соқтықпайды.  Ит баласына заты қастай жібімейді. Әлі күнге бір рет жадырыап ,ойнап көрген емес. Татулық жоқ, суық. Жалғыз –ақ атын біледі. Құрмаш пен әжесі шақырса, келеді. Онда да жүгіріп ккелмей , құйрығын сөлкектетіп, бүкпеңдеп қана келеді. Бұны да ашыққан уақытында ғана істейді. Әйтпесе көбіне анадай жерде қырыстанып, көзінің астымен жалт-жұлт қарап, жатып алады. Барып түрткілеп, орнынан тұрғызып жіберген соң ғана үйге жүреді. Өскен сайын сызданып, суықтанып келеді.

                                                                                             (М.Әуезов.110 сөз)

                                                     

                                                     Шығыс ұлына хат

Шығыс ұлы!

Біздің қазіргі уақыттағы орнымыз қанды майдандағы қызу ұрыста ғой. «Ереуіл атқа ер салмай, егеулі найза қолға алмай, еңку-еңку жер шалмай» біздің ісіміз бітпейтін нағыз қызу кезең осы емес пе, Шығыс ұлы!

Шығыс ұлы!  Сонау туған өлкең  Арқаны есіңе түсірші. Ондағы мейірімді халықты, бізді тәрбиелеп өсірген Отан- ананы еске түсірші! Сен соларды сүйетін едің. Бүгін сол шын махаббатты іс жүзінде көрсету керек болып отыр. Бүгін сол шын махаббатты көрсету керек болып отыр.

Отан деген бір –ақ сөз.  Бірақ осы бір сөздің мағынасына тең келер ешбір сөз жоқ. Сол ардақты Отан бүгін қауіпте тұр.

Менің көз алдымда: « Қарағым ұлым, тағдырым сенің қолыңда», — деп тұрған ізгі ана —қазақ әйелінің бейнесі келеді. Бұл маған Отан өміріне төнген қауіпті аңғартады. «Ұланым,туған еліңді  сақтап қал!» —дегендей болады. Осы лебіз жанды жанып, күш-қуатты тасытады.

—Сақтаймыз, ана,өміріңді  сақтаймыз, —дегің келеді, сөзбен емес, іспен ақтауға ұмтыласың.

Ел қорғауға ер намысымен аттанған біздің алдымызда үлкен бел жатыр, Шығыс ұлы! Туған елдің келешегін сақтауға біз міндеттіміз.

                                                                                                       (Б.Бұлқышев. 117 сөз)

                                                   

 

 

Естемес күйші

            …Естемес ырғалып ,кеудесін көтере  беріп, тың күйді бастап кетті. Майда ырғақты , жұмсақ әуен  бояуы оңып кеткен шүберектей күзгі даланың үстінде қалықтай берді. Сәл бәсеңдеп барып , мұңды сазға, майда ырғаққа ауысты.

Оразымбет тарамыс денелі , қатқыл өңді, егде кісіден дәл  осындай  жүрек қылын шертетін нәзік күй шығады деп ойламап еді. Ол ұстазының  бетіне қарап, оны жаңа көргендей  болды. Терең әжімді, ашаң жүзіне жастық, балғын нұр жүгіріп, кішілеу өткір көзі дымқыл тартып, Естемес балқып тұр екен. Салалы ұзын саусағы буынсыз болып кеткендей , жібектей майысып , жылпылдап барады.  Жаңағы бір сезімтал майда әуенді қайталап келіп , енді көтеріле бергенде , өрге шыға алмағандай тайғанақтап, күй сазы қайта шегінді. Тағы бір-екі талпынып барып , булығып қалды. Естемес ыза болғандай , домбыраны қатты бір қақты да, бұрылып, артындағы қоржынға салып қойды.

                                                                                                             (Т.Ахтанов. 120 сөз)

 Наурыз көже

Әр үйдің алдында үлкен қара қазан асылып, наурыз көженің иісі шығады. Ырыс алды, кеңшілік басы , молшылық жолы осы наурыз көжедан басталғандай, бұл күні еш әйел қазанына таршылық жасаған емес. Қайда барсаң да, қатығы мол бидай көжеге қарық боласың. Ел жаңа жылын, жарқын кезеңін осылайша ашық пейіл, ақжарқын көңілмен қарсы алады екен  ғой.

Онсыз да қонақжай халықпыз, әсіресе наурыз күні қабақ шытқан емес. Қай үйге болсын қаймықпай кіріп, қалаулы қонағындай төрінен орын аласың. Ел топ- тобымен қыдырыстап, дастарқан үстінде ортақ тілектерін тоғыстырады.

Келген қонақтар наурыз көжені салт бойынша түгелдей тауысып шығуы керек. Кейбір әзілқойлар осындайда құрбы-құрдастарын аспен  «жазалауға»тырысатын.Қалжыңдасып жүретін адамына наурыз көжені үлкен шараға құйып әкеледі.Әрі салттан аса алмай, әрі санадағы діни сенімнен қаша алмай,  көжені әрең тауысар еді. Өзгелері күлкіге қарық болатын.                           

(Б.Момышұлы . 121 сөз.)

Пайдаланылған  әдебиеттер тізімі:

1.Қазақ тілінен жазба жұмыстары.  С.Ч.Тұрсынғалиева. «Арман-ПВ» баспасы, 2008

2.Диктанттар мен мазмұндамалар жинағы.М.С.Атабаева. «Білім», 2002

3.Сенің өмірің-сиқырлы әлем.ҚР Білім және ғылым министрлігі қазақтың Ы.Алтынсарин атындағы білім академиясы . «Шикула»,2002

4.Ұшқан ұя. Б.Момышұлы. «Атамұра»,2003

5.Қазақ әдебиеті (8-сынып) .Қ.Әбдезұлы. «Арман-ПВ» баспасы,2011

6.Қазақ әдебиеті (7-сынып) .Қ.Әбдезұлы. «Арман-ПВ» баспасы,2011

7.Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі. «Қазақстан»,1988

8.Қазақ тілі (6-сынып) . С.Исаев. . «Атамұра»,2006

9.Қазақ тілі (6-сынып) Г.Т.Тұрсынова. «Арман-ПВ» баспасы,2009