Судың қасиеті сабақ жоспары
Қысқа мерзімді жоспар Дүниетану 3 сынып
Кубаева Баян Санаковна – бастауыш сынып мұғалімі
Сабақтың тақырыбы | Судың қасиеті | |||
Сабақтың мақсаты: | Су және судың күйі, қасиеттері туралы білімдерін жетілдіру.Тәжірибелер жасау арқылы судың қасиеттерін анықтау. Білімділік: Су туралы мақал-мәтелдер мен тыйым сөздер үйрету.Су туралы мағлуматтар беру. Дамытушылық: Пәнге деген қызығушылығын арттыру, ой-өрісін дамыту, шығармашылыққа баулу. Тәрбиелік: Судың адам өміріндегі маңыздылығын ескерту, суды қорғауға үнемдеуге үйрету.
| |||
Күтілетін нәтижесі: | Оқушылар дауыссыз дыбыстар туралы түсінеді.Дауыссыз дыбыстарды сөз арасынан таба біледі. Төрт түлік туралы түсінеді. «Төлді қалай шақырады?» өлеңін талдай біледі. Өлеңді жылдамоқиды,есте сақтайды.
| |||
Сабақтың барысы | ||||
Бөлімі | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | ||
Кіріспе
Ұйымдастыру бөлімі | Психологиялық тренинг Топқа бөлу, 1-топ Таза бұлақ 2-топ Ақ желкен 3-топ Мұхит тобы 4-топ Ақтолқын
— Балалар қазір қандай сабақ? -Дүниетану сабағында біз сендермен нені үйренеміз? (Айнала қоршаған табиғат, су, жан, жануарлар туралы білім аламыз.) -Табиғат туралы не білеміз? (Табиғат өлі және тірі болып екіге бөлінеді.) -Балалар адамға өмір сүру үшін не қажет? (Ауа, су, азық , киім , баспана қажет) -Олай болса адам бұл қажеттіліктерді қайдан алады? (Табиғаттан алады.) Олай болса бүгінгі сабағымызда су туралы өтпек. Алдымен үй тапсырмасын пысықтап алайық. Үйге қандай тапсырма берілді? -Судың күйі Оқушылардан үй тапсырмасын сұрау. | Оқушылар шеңберге тұрып, бір-біріне тілек айтады.
Балалар сұрақтарға жауап береді. | ||
Үй тапсырмасы | Жұмбақтар жасыру 1 Жылт-жылт етеді Жылғадан өтеді (су) 2 Өзі судан жаралған Бірақ судан қорқады.(мұз) 3. Көзге көрінгенімен қолға ілінбейді.(бу) | Оқушылар жұмбақ шешеді. | ||
Жаңа сабақ | Топтармен таныстыру.
1-топ Таза бұлақ Мөлдір, таза тау суы Кәусардай таза бұлақпыз Болсаң таза бұлақтай бол Деді Ыбырай атамыз.
2-топ Ақ желкен Жүзіп білім теңізінде Ғылымға қанат жаямыз Ақ желкен боп, желмен ойнап, Білімге бағыт аламыз.
3-топ Мұхит тобы Алып мұхит ,еңсесі зор Жер шарында жайылған Қазыналы мұхитпыз біз Жер мен жерді жалғаған
4-топ Ақтолқын Көк теңізге күле еркелеп, Кемелер мен жарысамыз, Екпінді, асау толқынбыз Білімге құштар ұланбыз | Топпен өздерін таныстырады. | ||
Сергіту сәті
Шығармашылық тапсырма | Тербеледі ағаштар Алдымнан жел еседі Кіп-кішкентай ағаштар, Үп-үлкен боп өседі.
-Балалар енді келесі тапсырма әр топқа жеке тапсырмалар беріледі 1-топ: Таза бұлақ тобы су туралы мақал -мәтелдер жазу,
2топ: Ақ желкен тобы Қазақстан көлдері мен өзендерін жазу. 3-топ Мұхит тобы су жануарларын атау.жазу -4топ Ақ толқын тобы судың пайдасы туралы әңгімелеу.өлең жазу | Қимылмен жасайды
Оқушылар шығармашылықпен айналысады | ||
Сабақты бекіту | Су туралы қандай тыйым сөздер білесіңдер? | Суға түкірме. Беті ашық қалған суды ішпе. Түнде суға барма. Суды ысырап қылма. Қолыңды жуған соң сілкіме.
| ||
Сабақты қорытындылау. | Сонымен балалар су- тіршілік көзі екен. Судың қоры бүкіл әлем бойынша азйып бара жатыр екен. Сондықтан үнемдеп жұмсау қажет екенін ескерек. Балаларды бағалау.
| |||
Рефлексия
| Смайлик арқылы | Тақтаға оқушылар өз ойларын жазады | ||