Фотосуреттің шығу тарихы
19 ғасырдың 3-ші онжылдығында жарықтық сурет жайлы әңгімелер жүрді. Көптеген ғалымдар ізденісте болды. Ең шешуші сәттілікпен 3 кісі байланысты, олар франсуз Ньепс және Дагер сосын ағылшын Тальбот. Жозеф Нисефер Ньепс (1765-1833).Ол өзінің көпжылдық тәжірибесін көре алмай кетті. Осы күнге дейін оның аты көлеңкеде қалып келеді. Өйткені оған ең бірінші өнертапқыш атағын беру керек еді.1826 жылы Ньепс өзінің Мастерскойының терезесінен камера –обскурамен ең бірінші рет сурет түсіріп, бұлдыр болса дажарықтық сурет шығарады. Луй Жак Манде Дагер (1787-7851) суретші болды. Ол өзінің арманын ұлғайту үшін Ньепспен келісім-шарт жасап бірігіп жаңа камера –обскураның конструкциясын және
Химиялық өңдеудің жарықсезгіштігін зерттеуге келіседі. Бірақ Ньепс көп ұзамай қайтыс болады. Дагер Ньепстің тәжірибелік базасында зерттеуді өзі аяқтайды. 1838 жылы 28 апрельде өзінің жаңалығын жариалайды. Өзінің ойлап тапқан жаңалығын Париждің ғылым академиасының секретары Доминик Франсуа Арагоға ұсынады. 7 январда 1839 жылы Араго академияға суретші Дагердің “жарықтық сәуле арқылы Камера-обскурамен күміс пластинаға түскен нақты суретті” хабарлайды. Осы күн фотоның туған күні деп тарихқа кірді. Уильям Генри Фокс Тальбот (1800-1877). 1835 жылы Тальбот жарты сағаттық ұстамдылықпен өзінің саяжайын суретке түсірген.1889 жылы “Фотографический вестник” журналы «Бұл ғимарат алғашқы рет өз-өзін бейнелеген» деп хабарлаған.