Антарктика мен Антарктиданың физикалық-географиялық орны сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы:§ 59.  Антарктика мен Антарктиданың физикалық-географиялық орны

Мақсаты: Антарктика мен Антарктиданың физикалық-географиялық орны, жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер,зерттелу тарихы туралы білім мазмұнын игерту;

Тәрбиелік: өмірге шығармашылық көзқарасын, өзін-өзі  ұстай білу,бірін-бірі тыңдау,сыйлай білу қабілеттерін қалыптастыру;

Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілетін, зерттеушілік құштарлығын, сөз шеберлігін  қалыптастыра білу, өз білімін арттыруға талпынушылықты дамыту;

Сабақтың типі: Жаңа білімді баяндау

Сабақтың әдісі: Оқытудың белсенді стратегиялары , «Стоп-кадр», Уақыт шеңбері,ББҮ, Де Бононың ойланудың алты қалпағы,тренинг

Пәнаралық байланыс:    қазақ  әдебиеті, биология,экология, дүние жүзі тарихы.

Көрнекілігі: алты қалпақ ,Антарктида материгінің физикалық –географиялық картасы,Антарктида материгінің фото суреттері

Ұйымдастыру: түрлі түстер арқылы 3-топқа бөлу

Үй тапсырмасы§57, 58.   Мұхит аралдары

Оқушылар үй тапсырмасын талқылау үшін уақыт шеңберіне жиналады.

Уақыт шеңбері әдісі

Мақсаты: Идеялар, тәжірибелер және ойлармен бөлісу. Өз-өзіңді және басқаларды  түсіну алға бастыру. Топ сұрақтарын құрастыру.

Ұйымдастыру: Барлығы орындықта немесе еденде шеңбер құрып отырады. Сөйлеуші ғана ұстайтын зат бар (мысалы, доп).

Жаттығудың  сипаттамасы:

Мұғалім оқушылар сияқты орындықта немесе еденде отыр. Бұл мына ерекше сынып тапсырмасында мұғалімнің директор емес, делдал екенін білдіреді. Мұғалім уақыт шеңберіндегі құрылымдық ережелерінің сақталуына, әр оқушының эмоциясын қорғауға және лайықты тапсырмаларды дайындауға жауапты. Егер оқушылар  ережелерді үнемі бұза берсе, мұғалім тапсырманы аяқтауға дайын болуы керек.

Уақыт шеңберіндегі ең маңызды ереже – талқылауға барлығы түгелдей қатысулары керек. Бұл бірінші болып өткізілуге тиісті тапсырмалардың бірі.  Негізгі үш ережені талқылау керек:

Тек біреуғанасөйлеукерек – әңгіме тақырыбы ережелердің сақталуына мүмкіндік туғызуы керек.

Егер сіз бір тақырып аясында сөйлегіңіз келмесе, «сөзіңізді» басқаға бере аласыз.

Ешқандай  қатты ескерту болмауы керек.

Қызығушылықты ояту бөлімі Стоп-кадр әдісі

Мақсаты:  Талқылауды  демеу үшін кинестетикалық әдіс.

Ұйымдастыру:

Шеңберде бастап кейін топтарға бөліну – үстелдерді жылжып әрекет етуге мүмкіндік болатын дайкеңістік қалдырып қойыңыз.

Жаттығудыңсипаттамасы:

Оқушылардан тақырыптың, хикаяның және мақұлдаудың  стоп-кадрын жасауды сұрайды. Стоп-кадр бұл «камера»  өз жұмысын тоқтатқан нүкте –  стоп-кадрдың сыныпқа көрінбейтін  басы  және аяғы  бар (Сонымен  де  олфотографиялықсуреттенайрықшаланады). Топтар өз  стоп – кадрларын сыныпқа,  суретте  не  болып жатқанын талқылау үшін, көрсетеді.

Интерактив тақтасынан Антарктида материгінің фото суретін көрсету

-Суреттен не көрдіңіздер?

-Суреттер туралы не айта аласыздар?

Олай болса,бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:

  • 59. Антарктика мен Антарктиданың физикалық-географиялық орны

халқы

Жаңа сабақтың барысы:

Мағынаны тану бөліміББҮәдісі

БілемінБілгім келедіҮйрендім
Оқушылар Антарктида материгі туралы не білетіндерін жазады.

Мысалы,Антарктида суық материк

 

 

 

 

Антарктида материгі туралы не білгілері келетінін жазып толтырады.Сабақтың соңында материк туралы не біліп,үйренгендерін жазып толтырады.

 

Тренинг: Пингвиндер ойыны. Оқушылар шеңбер құрып тұрады.Сыртқы шеңберде 8 оқушы,одан кейінгі шеңберде 6 оқушы,оның ішінде 4-еу ,ішінде 2-еу.Ішкі шеңберде тұрған оқушылар сыртқы шеңберде тұрған оқушылармен ауысады.Сыртқы шеңберде тұрған оқушылар ішкі шеңберге ауысқанша,ойын жалғаса береді.Бұл ойын пингвиндердің Антарктиданың суығынан жылыну үшін жасалатын әдіс болса,оқушылар үшін бір -біріне жылы қарым- қатынасты орнату үшін ойнатылады.

  • Топтық әңгімеТоптық ( қайталау, мақұлдау, түсіндіру)

Оқушылар эмоцияларын білдіруге, бағалауға, сипаттама беруге және өз ұстанымдарын білдіруге ынталандырады. Кейде дебат та болуы мүмкін, бірақ оның дәлелдерге негізделген стилі қауіпсіз және қолайлы  орта құра алмайды. Бұл оқушыларды өз көзқарастарына бағытталған орынсыз шабуылдардан  сақтанып, тайсалмай сөйлеуге итермелейді. Топтық әңгіме  қауіпсіз ортана құруға барынша ыңғайлы.  Бұл жерде «сөйлеушілер әңгіме  құрып, өз бетінше және өзара қолдау көрсету арқылы, сынап-мінемей ақпаратты ұсына отырып,  білім және түсінік негізін бірлесіп құрады.» Мұғалім топтарға  мәтінді оқып ойланып шығуға 5 минут  уақыт береді.Әр қайсысы жеке оқып шығады.Оқушылар жұптарға бөлініп,өздерінің ойларын ортаға салады.Өздерінің жауаптарымен сыныппен бөліседі.

Ітопқа тапсырма  Антарктиданың табиғат ерекшеліктері туралы

ІІтопқа тапсырма  Антарктиданың ашылуы

ІІІтопқа тапсырма Ресей  және Қазақстандық экспедицияның  саяхаты

Толғаныс бөлімі  Де Бононың ойланудың алты қалпағы әдісі

Мақсаты:

Айтарлықтай нәтижелі  және сіздің  ойларыңызға  деген  әсерден  хабардар  болу  үшін, сананың  түрлі  бөліктерін  бөлу.

Ұйымдастыру: Арнайы еш  нәрсе  жоқ

Бұл  қалай  жұмыс істейді:

Алты  қалпақ бар, әр қайсысы ойланудың  түрлі  элементтерінің  ролін  атқарады. Оқушыларға  қалпақ беріп (шынайы  немесе ойдан  шығарылған), қалпақты  қолдану арқылы талқылауды  ойластыруларын  сұрайды. Мағынасы – сұрақтың  немесе  идеяның  түрлі  элементтерін  басатын карта  жасау.  Сыныпты  түрлі  қалпақтарға бөліп  және мұғалім талқылауды басқара  алады.

Фактілер,цифрлар,орташа обьективті ақпарат береді.

Сыни аналитик, Логикалық негатив,Бұл орындалмайды,себебі…

 

Шығармашылық өсу, мүмкіндіктер, жаңа идеялар тудыратын шығармашылық ойлар айтылады.

Бағдарлама, үдеріс, Ұйымдастырушы, шолу, шешім,жоғары деңгейдегі жалпы көзқарас қорытындылайды.

 

Шуақты оптимизм, логикалық позитив  өсу, конструктивті ойлар,ұсыныс,мүмкіндіктер, идеялар туындайды.

 

Эмоциялар болжамдар, сезу, алдын ала сезу ,интуицияға жүгінеді.

 

Ақ қалпақ : Антарктида материгінің жер көлемі,орташа биіктігі,ең биік нүктесі,теңіз деңгейінен ең төмен жатқан жері

Қызыл қалпақ :Дж.Куктың болжамын жоққа шығарған ғалымдар туралы не білесіз?

Жасыл қалпақ :Арал теңізінен ұшқан тұздар Антарктида материгінен табылуда.Бұл туралы сіздердің ойларыныз?

Сары қалпақ :Антарктида- ең суық материк.Бұнда жер шарындағы ең төмен температура -89oC тіркелген.Соған қарамастан,Антарктиданы зерттеуге әлем ғалымдары өз үлестерін қосып,өз туларын тігуде.Біздің Қазақстандық ғалымдар Антарктидаға зертеу жүргізе алды ма?

Қара қалпақ:Қазір ғаламдық жылыну байқалуда .Егер климат жылынатын болса, Антарктидадағы мұздар еріп,жер  бетін су басу қаупі туа ма?

Көк қалпақ :Антарктида «Бейбітшілік материгі»  дегенді қалай түсінесіз,көзқарастарыңыз?

Бағалау:    Бағалау парағы арқылы жүргізіледі.Бағалау парағын  сабақтың басында топ жетекшісіне жүргізіп отыру тапсырылады.Сол бойынша топ мүшелері бағаланады.

Оқушының аты-жөніҮй тапсырмасы

Уақыт шеңбері

Топтық жұмысДе Бононың ойланудың алты қалпағыБаға

 

Үйге тапсырма:

1.Антарктида материгі туралы 10 сұрақтан тұратын тест тапсырмаларын құрастырып келу;

2.Кескін картамен жұмыс  Материк жағалауындағы теңіздер мен түбектер,бұғаздар,биік тауларды салып келу тапсырылады