Дара және күрделі етістік сабақ жоспары

Ғарапша Гүлназ Ерланқызы.

Рубежин ЖОББМ-балабақшасы.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

 

Пәні:қазақ тілі
Сыныбы:             2
Уақыты: 
Сабақтың тақырыбы:Дара және күрделі етістік
Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:

а)ақпараттық:

 

ә)коммуникативтік:

 

б) проблеманы шешу:

 

—         Ақпарат көздері арқылы дара және күрделі етістіктер жайында түсіндіру.

—         Күнделікті өмірде дара және күрделі етістіктердің қандай рөл атқаратындығын білдіру.

-Шығармашылық  тапсырмалар арқылы оқушылардың сауаттылығын арттыру. Сұрақ тапсырмаларға қатесіз жауап беру дағдыланын қалыптастыру.

Сабақтың типі:Аралас сабақ
Сабақта қолданылатын педагогикалық техналогиялар:Білім беруді ізгілендіру
Сабақтың әдісі:Сөздік, көрнекілік, практикалық.
Пәнаралық байланыс:Әдебеттілік оқу
Оқыту құралдары:Қазақ тілі 2-сынып (Ж. Қ. Балтабаева, М.Қ. Сұлтанғазина, П.С.Лекерова),( «Алматыкітап баспанасы» 2009жыл. )
Сабақтың барысы:Оқытушының міндеті:Оқушының міндеті:Күтілетін нәтиже:
1. Ұйымдастыру бөліміАмандасады. Саббаққа дайындықтарын тексереді.Амандасады, саббаққа дайындалады, назарларын сабаққа аударады.Сабаққа даярлықтарын ұйымдастырып,оқушылардың зейінін аударады.
2.Үй тапрсырмасы тексеруҮйге берілген тапсырманы бағасы аз оқушылардан сұрайды. Үй тапсырмасын сұрақтар қою арқылы сұралады.Үйге берілген тапсырмаға дайындалады.Оқушылар өз ойларын үй тапсырмасы бойынша сұраққа жауап беру арқылы береді.
3. Өткен сабақты қайталау арқылы жаңа сабақты меңгертуӨткен сабақ бойынша сұрақтар қойылу арқылы жаңа сабақты түсіндіріледі.

-Қандай сөз таптарын білесіңдер ?

-Етістік дегеніміз не?

-Етістіктің сұрақтарын ата?

-Етістіктің қандай түрлерін білесіңдер?

Қойылған сұрақтарға дәл жауап беруге тырысады.

-Зат есім, сан есім, сын есім ,етістік

-Заттың қимылын білдіретін сөз -табын етістік дейміз

-Не істеді не қылды қайтті

-Дара және күрделі

Материалдардың айырмашылықтарын табады. Сұрақтарға жауап береді.
4.Жаңа материалды меңгерту

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Дара және күрделі етістіктер»

Етістіктер дара және күрделі болып екіге бөлінеді.  Дара етістік бір сөзден тұрады: барды, келді, кетті. Күрделі етістік екі немесе одан да көп сөздерден құралады: алып бар, қайтып кел, көріп кет

Мұғалімнің түсіндірген жаңа тақырыбын назар салып тыңдайды.

Буын, оның түрлері туралы анықтаманы тыңдап, мысалдар келтіреді.

Тасымалдың ережесімен, сөздердің тасымалдануы туралы мәліметпен танысады

Буын, оның түрлері, буынға тән негізгі белгілерді, тасымал, тасымалдауға болмайтын сөздер туралы білімдерін кеңейтеді.

 

 

 

Етістіктің түрлерін біледі, ажыратады.

 

Жаңа материалды оқушылардың қабылдауы анықталады. Сабақ бекітіледі.

 

5.Жаңа сабақты бекіту

1-жаттығу . Сөйлемдерді көшіріп жаз. Екі бағандағы етістіктерді тауып, сұрақ қой. Оларды өзара салыстыр.

1.Жаңбыр жауды.

2.Әли достарымен көп ойнадыы.

3.Айман әжесінің әңгімесін тыңдады.

4.Серік күйсандықты ойнады.

1-    Жаттығуды көшіріп алып, екі бағандағы етістіктерді тауып, сұрақ қояды.

1.Жаңбыр жауып тұр.

2.Әли достарымен доп ойнап жүр.

3.Айман әжесінің тыңдап отыр.

4.Серік күйсандықта ойнап отыр.

 

Берілген жаттығуларды дәптереге орындайды. Мұғалімнің айтқанын мұқият тыңдайды.
 

6.Оқулықпен жұмыс

2-Жаттығу. Жаңылтпаштарды оқы. Дара, күрделі етістіктерді тап.

Жатта тақпақ,

Жатта тақ-тақ.

 

Далада Дана да ойнап жүр,

Далада Сана да ойнап жүр.

 

4-Жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқы. Етістіктерді тауып, сұрақ қой.

Қолғабас

Улкендерді сыйлаймын,

Үйдің ішін жинаймыз.

Қойды өріске айдаймын,

Атты жемге байлаймын.

Шөпті тағы шабамын,

Қозыны да бағамын.

Келгеннен соң қолдан іс,

Атандым ғой Қолғабыс.

Д, Қанатбаев

Жаңылтпаштарды оқиды. Дара және күрделі етістіктерді табады.

 

Жатта тақпақ,

Жатта тақ-тақ.

 

Далада Дана да ойнап жүр,

Далада Сана да ойнап жүр.

 

Өлеңді мәнерлеп оқып. Етістіктерді тауып, сүрақ қояды.

 

Қолғабас

Улкендерді сыйлаймын,

Үйдің ішін жинаймыз.

Қойды өріске айдаймын,

Атты жемге байлаймын.

Шөпті тағы шабамын,

Қозыны да бағамын.

Келгеннен соң қолдан іс,

Атандым ғой Қолғабыс.

Д, Қанатбаев

 

 

 

 

 

Етістіктерді  тиісті орнына қолдануға үйренеді.

7. Дәптермен жұмыс

 

3-Жаттығу . Дара етістіктерді бір бөлек, күрделі етістіктерді бір бөлек жаз.

Жарқырап тұр, ұшты, секіріп жүр, еркеледі, алып келді, үтіктеді, жазып отыр.

Өзін қалаған үш етістікті қатыстырып, сөйлемдер құрастырып жаз

 

5-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазып, дара етістіктертің астын бір рет, күрделі етістіктің астын екі рет сыз.

Сәлима ыдыстарды жуды. Әсел апасына көмектесіп жүр. Әлібек кілемді шаңсорғышпен тазалады.Талғат домбыра тартып отыр.Бибігүл музыка мектебіне барып жүр.

Дара етістіктерді бір бөлек, күрделі етістіктерді бір бөлек жазады.

Дара  Күрделі

Ұшты       Жарқырап тұр

Еркеледі Секіріп жүр

Үтіктеді Жазып отыр

Бала анасына еркеледі. Құстар жылы жаққа ұшты.

 

 

Сөйлемдерді көшіріп жазады. Дара етістіктредің астын бір рет, ал күрделі етістіктердің астын екі рет сызады.

 

Сәлима ыдыстарды жуды. Әсел апасына көмектесіп жүр. Әлібек кілемді шаңсорғышпен тазалады.Талғат домбыра тартып отыр .Бибігүл музыка мектебіне барып жүр.

 

Дара және күрделі етістіктерді айыра білуге машықтанады.
8.Сергіту сәтіОқытушы сергіту сәтін өткізеді.

 

Тәртіпті бала сүйініш,

Төбең бір көкке жетеді.

Тәртіпсіз бала күйініш,

Төмендеп басың кетеді.

Ал, балалар, тұрайық,

Алақанды соғайық

Оңға қарай иіліп,

Солға қарай иіліп,

Бір отырып, бір тұрып,

Орнымызды табайық.

Сергіту сәтін орындайды.

 

Тәртіпті бала сүйініш,

Төбең бір көкке жетеді.

Тәртіпсіз бала күйініш,

Төмендеп басың кетеді.

Ал, балалар, тұрайық,

Алақанды соғайық

Оңға қарай иіліп,

Солға қарай иіліп,

Бір отырып, бір тұрып,

Орнымызды табайық.

Сергіту сәтін орындау арқылы оқушылар  шынығады.

 

9.Шығармашылық тапсырмаТаңертең күн нұрын алдымен тауларға түсіреді. Тау аттарын тасымалдап жаздыртады. Күннің келесі жылуы өзендерге түседі. Өзен аттарын тасымалдап жазады.Тау аттарын тасымалдап, өзен аттарын тасымалдап жазады.

Мұғалжар

Іле

Есіл

Алтай

Алатау

Ертіс

Жайық

Оқжетпес

Жаттығуды орындай отырып, тау аттары мен өзен аттарын ажырата біледі және оларды тасымалдайды.
10.Көркем жазуБуындарды оқы. Осы буындарға ортақ екінші буынды қосқанда күрделі етістік пайда болады. Ол қандай буын? Оларды жаз.

Кел-, шық-, кет-, қайт-, шығар-,жаз-.

 

Көркем жазу дәптерлерімен жұмыстанады.

 

Келді,шықты,кетті,қайтты,шығарды,жазады

 

Көркем жзу дағдыларын қалыптастырады.
 

12. Үйге тапсырма беру

 

Үйге тапсырма ретінде 6 -жаттығу беріледі.

 

 

Оқушылар үйге тапсырма алады

 

Үй тапсырмасын жазып алады.

13. Қорытындылау     Дара жіне күрделі етістіктер туралы тақырып өтілді. Тақырып бойынша жаттығулар орындалды.Оқушылар қорытынды бөлімді тыңдайдыСабақ  барысын  пысықтап,  етістік есім  туралы  ойларын

анықтау. Ережелерді

қайталап,

мысал келтіру.

Етістіктің түрлеріне топтастыру.

Сабақта орындаған жұмыстар аяқтала отырып, сабақты қорытындылау