Сөз құрамы
Сабақтың тақырыбы : Сөз құрамы
Сабактың мақсаты:
а) Сөз, сөз құрамы оның мағынасы туралы білімін кеңейту; берілген сөздермен мағыналас сөздерді таба бірлуге, мағынасын анықтауға үйреті.
ә) Оқушылардың тіл байлығын дамыту, ауызша және жазбаша тілін дамыту.
б) Әдептілікке , адамгершілікке, сауаттылыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтыңәдісі: әңгімелесу, ашық ой
Сабақтың барысы
I.Қызығушылықты ояту
Окушылардың сабаққа дайындығын тексеріп қадағалау
Ережелерді пысыктау (ауызша)
II Мағынаны тану
Жаңа тақырып
1) Кіріспе
— Сөзге қосымша жалғанғанда сөз мағынасы өзгереді. Қосымша екіге бөлінеді: жұрнақ пен жалғау.
Жалғау сөз бен сөзді байланыстырса, жұрнақ сөздің мағынасын өзгертіп тұрады.
2) Оқулыкпен жұмыс.
1 – жаттығу
Аңшылық, таулы, ерлік, өжеттілік, қайраттылықтың.
Түбірі – аң, тау, ер, өжет, қайрат.
Жұрнағы – шы, -лық, -лы, -ті, -лік, -ты, -лық.
Жалғауы – тың.
- – жаттығу
Ағатай, кітапша, құлыншақ, балапан.
— Ағатай, қашан келдіңіз?
— Қойын кітапшаға жазып алдың ба, Айжан?
— Аулада қара торы құлыншақ шауып жүр.
— Қаздың екі балапаны адасып қалыпты.
- 3– жаттығу
— Доп, С, жастық.
Достық.
Түбірі – дос, -тық – жұрнақ.
Достық – әлемдегі ерекше бағаланатын сезімдердің бірі.
4 – жаттығу
Конькиге де, шаңғыға да, шанаға да
Жоқ бүгін бір тыныштық.
Өңкей жүйрік қара бала
Төмен қарай өрден ұштық.
- Түбірі мен қосымшасын ажыратып белгілеу.
ІІІ Толғаныс:
Бекіту.
а) Сызбамен жеке жұмыстану
ә) Топшамамен жеке жұмыс
Қорытындылау.
1.Қарама-қарсы мағыналы сөздерге мысал келтір.
- Түбір дегеніміз не?
- Жалғаудың жұрнақтан айырмашылығы неде?
Бағалап мадақтау
Үйге тапсырма
7 — беттегі 3 -жаттығу және ережені жаттау.