Серпімділік күштері. Үйкеліс күштері

 

 

Сабақтың тақырыбы: §10. Серпімділік күштері. Үйкеліс күштері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға серпімділік, үйкеліс күштері жайлы түсінік бере

отырып, теориялық білім беріп, білімдерін есептер шығарту

арқылы жетілдіру.

Дамытушылық: Оқушылардың таным, білім қабілеттерін арттырып, өз

ойын жүйелі әрі нақты жеткізе білуге үйрету, пәнге

қызығушылығын ояту.

Тәрбиелік: Оқушыларды техникалық ұқыптылыққа, алғырлыққа,

Іздемпаздылыққа, нақтылылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас

Сабақтың типі: Жаңа білімді игерту

Сабақтың әдісі: Тұсіндірмелі, сұрақ-жауап

Көрнекілігі: Плакат, электрондық оқулық

Пәнаралық байланыс: Математика,сызу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасып, түгелдеп, назарларын

сабаққа аудару

ІІ. Үй жұмысын сұрау:

12 нұсқа , №21 есепті шығару

№21 есеп.

Шексіз ортада центрлерінің арақашықтығы 20см екі шар орналасқан. Көлемдері 20см 3 және 40 см 3 , ал тығыздықтары 1000 кг/м 3 және 2000 кг/м 3 осы шарларға  әсер ететін күш ( G=6.67*10 -11 H*м2/кг2 )

Бер: r=20см=20*10-2 м

P1=1000 кг/м3

P2=2000 кг/м3

V1=20 см3= 20*10-6 м3

V2=40 см3= 40*10-6 м3

G=6.67*10 -11 H*м2/кг2

т/к   F

т/ү          P  = m/v  (1)

m = P 1*V1 (2);    m = P 2*V2 (3);

F =G   (4)

Шешуі: m1=1000 кг/м3 *20*10-6 м3 =2*104*10-6кг=2*10-2кг

m2=2000 кг/м3 *40*10-6 м3 =8*104*10-6кг=8*10-2кг

 

 

F=6.67*10 -11 H*м2/кг2  *=6.67*10 -11 H*м2/кг2  *=26.68*10-13H=2.66*10-12H =2.7*10-12H

 

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

Табиғатта кеңінен таралған күштердің тағы бір түріне серпімділік күштері жатады. Дененің деформациясы деп оның пішіні мен өлшемдерінің өзгеруін айтады. Деформация серпімді, пластикалық болып екіге бөлінеді. Егер күш әрекеті тоқтағаннан кейін дененің бастапқы пішіні мен өлшемдері қайта қалпына келсе ондай деформация серпімді ал қалпына келмесе пластикалық деп аталады. Серпімді деформацияны Ньютонның замандасы ағылшын физигі Роберт Гук (1635-1703ж) зерттеген 1660 жылы Р.Гук серпімді деформациялар кезінде денеде туындайтын серпімділік күші оның ұзаруына тура пропорционал екендігін тағайындайды. Математикалық түрде Гук заңы былай өрнектеледі:

F=-kx

Мұндағы: Ғ-серпімділік күшінің модулі к-пропорционалдық коэффициент(қатаңдық) х-ұзаруы

Үйкеліс күштері табиғатты кеңінен таралған күштер. Үйкеліс барлық денелердің арасында пайда болады және екі қатты дененің бір-біріне қатысты қозғалысы кезінде пайда болатын үйкеліс құрғақ үйкеліс деп аталады. Құрғақ үйкеліске қатысты тыныштық үйкелісі, сырғанау үйкелісі және домалақ үйкелісі қарастырылады. Қатты дене мен сұйық дененің немесе газ тәрізді ортаның арасындағы үйкеліс, сондай-ақ осындай ортаның қабаттарының арасындағы үйкеліс тұтқыр үйкеліс деп аталады.  Сырғанау үйкеліс күшінің модулі қалыпты қысым күшінің модуліне тура пропорционал:

Ғүйк=N   немесе                        Ғүйк=mg

Мұндағы: N-қалыпты қысым күшінің модулі. -үйкеліс коэффициенті. Кейбір беттер үшін сырғанау үйкеліс коэффициенті

 

Үйкелісетін беттерҮйкеліс коэффициенті
Металл металл бетімен

Ағаш ағаш бетімен

Шыны шыны бетімен

Металл (май жағылған) металл бетімен

Ағаш мұз бетімен

Болат болат бетімен

0,15-0,2

0,2-0,5

0,06-0,028

0,57-0,74

 

0,035

0,5-0,24

 

10-жаттығу. №2

Бер: Ғ1=45Н

Х1=9 см=0,09 м

Ғ2=112,5Н

Т/к:  Х2

Т/ү:  Ғ=кх    /1/       Ғ1=кх1     /2/

/3/     Ғ2=кх2       /4/

/5/

Шешуі:

 

Жауабы: х2=0,225 м=22,5 см

№3 Қандай да бір серіппе үшін к=1000Н/м. Серіппені 1 м-ге ұзарту үшін қандай күш жұмсау керек?

Бер: к=1000Н/м

х=1 м

Т/к: Ғ

Т/ү: Ғ=к*х

Шешуі: Ғ=1000Н/м*1 м=1000Н

11-жаттығу.

№3. Серіппенің қатаңдығы 50 Н/м-ге тең. Егер осы серіппенің көлемімен массасы 2 кг қорапты бірқалыпты тартсаң, онда серіппе 10 см-ден 15 см дейін ұзарады. Қораптың еденмен  үйкеліс коэффициенті қандай?

Бер: к=50Н/м

m=2 кг

х1=10 см=0,1 м

х2=15 см=0,15 м

Т/к:

Т/ү: х=х21     /1/

Ғ=к*х      /2/

Ғүйк=  /3/

N=mg      /4/        Fүйк=    /5/

 

Шешуі: x=0,15 м-0,1 м

Ғ=0,5 м*50Н/м=25Н

 

ІV. Жаңа сабақты бекіту сұрақтары.

1) Деформация дегеніміз не және қандай түрлерін білесіңдер?

2) Серпімділік күшінің теңдеуін атаңдар

3) Сырғанау үйкелісінің теңдеуін атаңдар.

 

  1. Қорытындылау.

Электронды оқулықтан серпімді және үйкеліс күштеріне бейне көріністер көрсете отырып қорытындылау.

 

 

VІ. Үйге тапсырма: §10, §11 оқып, түсінік айту. 11 жаттығудың №3 есебін шығару.

VIІ. Оқушыларды бағалау