Арманы үлкен азат ел
Арманы үлкен азат ел
Мақсаты:
Қазақ елінің өткен тарихын бере отырып, халқымыздың бір туар
тұлғаларының еңбегі мен күресін оқушыларға таныстыраотырып,патриоттық тәрбие беріп, елін, жерін сүйетін ұлтжанды азамат болуға тәрбиелеу.
Жүру барысы:
І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
А) Алаш туы астында,
Күн сөнгенше сөнбейміз.
Б) Менің Қазақстаным
ІІІ.Қорытынды
Біз ертеңгі болашақ
Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны
Кітапханашы:
Қазақстан Жоғарғы Кеңесі 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанды тәуелсіз Республика деп жариялады. Сөйтіп, 300 жылдай патшалы Ресейдің отары, 70 жылдан астам Кеңес өкіметінің бұғауында болған. Қазақстан егемен ел болды. Бұл күн – Қазақстан тарихына тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріптермен жазылды.
Ұлболсын:
Азаттық қазақтың ежелгі арманы еді. Ел азаттығы үшін талай тарланның тақымындағы тер кеппеді. Ат үстінде өткен ғасырлар көп болды.
Абай, Шоқан, Ыбырай дәуірі қылыштан гөрі қаламның қуатты екенін дәлелдеді. ХІХ ғасырдың соңын ХХ ғасырдың басын ала бере тарих сахынасына қазақтың оқығандары Мағжан, Мұстафа, Сұмағұлдар Алаш туы астында ел болуға, мемлекет құруға шақырды. Қазақтың еркіндігінен қорыққан қызыл империя көсемдері Алаш туы астына біріккендердің бәрін біртіндеп құртты. Ең алдымен Жүсіппек Аймауытовты атты. Қалғандарын, қияндағы Шәкәрімнен бастап қаладағы қазақ оқығандарын түгел қырды. Алаш деген сөзді тарихи санадан өшіру әрекеті басталды. Қазақтың өз билігі өз еркінен кеткен соң қара халықты қалай қорлаймыз деп қызыл империя аса қиналған жоқ.
Алмас:
Жоңғар шапқыншылығынан басталағн біздің тарихымызда халқымыз талай ауыр кезеңді бастан кешті.
Көш өтеді.
Ән «Елім-ай»
Нұрбану:
… 32-33- тің ашаршылығы қолдан жасалды.
32 …бір үн келеді, бір үн келеді со жақтан.
Бір үн келеді, ыңылдаған, шыңылдаған дозақтан.
Бір үн келеді, жарты ғасыр өтсе-дағы тынбастан,
Жер жастанған үш миллион қазақтан.
Ол үні еді таяқ ұстап қаңғып қалған бабаның
Төрт тағандап тас емшегі иімей,
Қоңыз терген ананың.
Ол үні еді таяқ ұстап, қаңғып қалған бабаның,
Ол үні емес – қарғыс еді, қарғыс еді,
Қарғыс еді кер заманға айтылған.
Гүлден:
36-37-нің қырғыны әдейі істелді.
Тасады оғы атылып, қас-жаулықтың,
Көбесі сөгілді де ақ сауыттың,
Баянның бір биігі құлап түсті.
Шамы сөнді ауылында Аймауыттың.
Ән «Баян елі» Қыздар тобы
Гүлсім:
… 41-45-те ең көп қырылған қазақ еді.
… 49 жылдан қазақ халқы Атом палигондарының сынағына тасталды.
… 54-55-ші жылдары Тың игеру желеуімен бос қалуға қараған қазақ жеріне кілең «Түремшікті» әдейі топырлатты.
Бота:
… 70-80-ші жылдары тілді тұқыртты, салт-дәстүрді быт-шыт қылды.
… 86 жылғы желтоқсанда орталықтың әміршілдік-әкімшілді, солақай саясатына қарсы, алғаш рет бас көтеріп, әйгілі желтоқсанда халқым деп аттандап жүріп қазаға ұшыраған, жазықсыз жазаға тартылған он екіде бір гүлі ашылмай ерте солған жауқазындарымызды ерліктері көпке аян қылышынан қан тамған колбинизм заманының бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ деп шындықты шындықты айтамыз деп шырылдаған азаматтарымызды жазықсыз жазаға тартты.
ХХ ғасырда дүние жүзіндегі бірде-бір ел қазақ көрген азапты көрген жоқ.
Алмас:
Біз енді кімді құрметтеуіміз керек, кімді кемел көруіміз керек.
Нұрсұлтан:
Олар: Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейхан.
Азат:
Олар: Мұстафа Шоқай, Смағұл Садуақасов.
Нұрсұлтан:
Олар: Тұрар Рысқұлов, Міржақып Дулатов.
Азат:
Олар:Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев.
Нұрсұлтан:
Олар: Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин.
Азат:
Олар: Бейімбет Майлин, Мұхтар Әуезов.
Нұрсұлтан:
Ғабиден Мұстафин, Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова.
Азат:
Олар азап пен қорлықтан басқа түк көрген жоқ.
Сәбит:
Олар қазақтың ес жиып, етек жауып, өз алдына ел, мемлекет болғанын, өзгелермен терезесі тең болғанын көкседі, көрген жоқ. Бірақ олар осы күнді жақындатып кетті.
Кристина:
Олар: Тек қазақ үшін қан төкті, жанын берді. Қазақтың баласы ешкімнен көзтүрткі болмауын құдайдан күндіз-түні тіледі.
Сәбит:
Олар бар білімін. Қажыр-қайратын, тәңіріміз сыйлаған талантын тек қана халқының көзін, бағын ашуға, азаттыққа арнады.
Олар: Көл-көсір дүние жимады, кітап, ақыл, парасат, ілім-білім жиды.
Темірлан:
Олар… өзінен бұрын өткен бабаларын пір тұтты, өнегесіне адал болды.
Олар: Тек қана «Алаш», «Қазақ» деген ұғыммен ғана тыныстады.
Олар оралуы керек. Олар ортамызда жүргендей сезіну керек өзімізді.
Гүлсім:
Алаш туы астында,
Күн сөнгенше сөнбейміз.
Енді ешкімнің Алашты
Қорлығына бермейміз!
Адамдықтың жолына
Бастаған елрер соңында.
Басқаға көңіл бөлмейміз,
Қандай шайтан келсе де ,
Алдауына көнбейміз.
Өлер жерден кеттік біз,
Бұл заманға жеттік біз!
Жасайды Алаш өлмейміз!
Жасасып Алаш , өлмейміз.
Ән «Өз елім» Гүлден,
Нұрбану
Гүлден: Қалса да қайда жерің, қайда көлің,
Қасқайып қақ жолынан, таймап едің.
Айрылып күндіз-күлкі,
Түнде ұйқыдан
Күткенің осы еді ғой,
Қайран елім!
Еркеболат: Тербетіп тірек болды, жер-бесігім,
Дәулетті тілемеймін көл көсірін.
Көз тимей, кірбің түспей қабағыңа,
Жалғыз-ақ, құтты болғай енді осы күн!
Толтырған гүлге, даланы
Жайнатқан ауыл, қаланы.
Ардақты ата-мекенім
Отаным Қазақстаным!
Әшмұхан: Ғибрат алып дәстүр-салты ісінен,
Біз келеміз аталардың ізімен.
Орындасық бабалардың тілегін
Бақыт көрем ұрпағының жүзінен.
Қасиетім көк байрағым табынар
Елтаңбасы, әнұрандай елімізде тұратын
Әділетті ортақ Алтын заңы бар.
Темірлан: Ұлттығымды ерекшелер өз тілім,
Бар әлемге қазақпын деп қосты үнім.
Өз алдына егеменді ел болып
Қазақстан білдіреді достығын.
Еламан: Қалің қалай, көне жұрт, жаңа астана
Сен болар деп тілейміз Алашқа ана.
Жаңа астана, жаңғыртшы дала рухын,
Жаныңнан жат тарихты аласта да!
Өзіңе көне тарих ізі бардай,
Жалға соны жаңғыртып, үзіп алмай.
Ей, Астана, қазаққа құтты орда бол,
Вашингтон, Лондондар қызығардай!
Ән «Астана» Нұрбану
Әшмұхан: Мақтанар «Менің Қазақстаным» деп
Міне енді жерлесім көп, достарым көп.
Ұласқан дастархандас, мерекеміз
Ұрандас ағасы бар, інісі бар,
Ұялмай: «Мен қазақ» дер ел екенбіз.
Кітапханашы:
Міне, осылай қазақ халқы ХХ ғасырдың қилы-қилы, ащылы-тұщылы тағдырды бастарынан өткізді. Қазақ дүниеге даласын да, дарасын да әкелді, қуанды. Асылынан айырылып, қанатынан қайырылып күңіренді. Бірақ ерлігімен, төзімділігімен елдігін жоғалтқан жоқ. Тарих дөңгелегі уақыт бізді егеменді ел болуға жеткізді. Біз ХХІ ғасыр бүлдіршіндерін оқытып, тәрбиелеп отырмыз. Жаңа ғасыр азаматын білімді, саналы, ойы озық, терең, жан-жақты етіп тәрбиелеу парызымыз.
Кітапханашы: «Болашақтың кілті кімдерде»
Оқушылар: біздерде «Біз ертеңгі болашақ»
( Шығармашылық жұмыс)
Сәбит:
Тәуелсіздік ұраны
Көп аңсаған тәуелсіздік, Қайрат пенен Ләззаттардың,
Келді міне еліме. Ерлігінен нәр алдық.
Қарыштаған мемлекетпіз, Еркін ұшқан қырандардың
Бейбітшілік төрінде. Ұрпағы болып біз қалдық.
Ұлболсын:
Туған жеріме
Туған елім, аңсаған, Болашақты көздеген,
Тәуелсіздік – бақ-ырыс. Елім менің көреген.
Осы күнді жеткізген, Елбасымыз жасасын,
Бабаларға мың алғыс. Бейбіт өмір тілеген.
Еркеболат:
Бабалардың арманы тәуелсіздік
Тәуелсіздік құтты болсын қазағым, Тәуелсіздік мәңгілікке жасай бер,
Аз болған жоқ сенің көрген азабың. Тату болғай ғаламшарда әрбір ел.
Жиырма жылда көркейіп сен келесің, Қазақ елін дүниеге танытқан,
Құтты болсын әрбір басқан қадамың. Ең алдымен Президентім жасай бер.
Бота:
20 жыл толды бүгінде, Жиырма жылға ұласқан,
Тәуелсіз менің еліме. Президентке ел риза.
Тілеймін бейбіт, қуаныш, Тізгінін берік ұстаған,
Кең байтақ, әсем жеріме. Тұғыры биік – Қазақстан.
Тәуелсізідк белестер,
Шарықтап шыққан бүгінде.
Ғасырлармен тоғысқан,
Азаматтық кезінде.
Шарықтап шықтың бүгінде, Жиырма жылда көркейткен,
Қанаттарың қатайып. Президентке ел риза.
Азаматтық көрсеттің, Тізгінін берік ұстаған,
Ғасырлармен тоғысып. Тұғыры биік – Қазақстан.
Ән «Қазақ жігіттері» Темірлан
Еркеболат
Хор «Қазақстан»