Мен және мені қоршаған орта.
Мен және мені қоршаған орта.
Кіріспе: Бізді қоршаған орта туралы туралы ұғымдарды сендер 4 –сыныпта Дүниетану сабағынан оқып үйрендіңдер . Табиғат туралы не білесіңдер? Табиғатты қорғау керек, оның әрбір бөлшегіне аяушылықпен қарау керек, қазба байлықтарын үнемдеу, экологиялық апаттарға ұшыратпау,Ауасы, суы,жасыл –желеңін, жан – жануарын дұрыс қарауды үйренуіміз керек. Сонда сендер өз отандарыңа берілген, адамгершіліктерің қалыптасқан азамат болып өсетіндеріңе Ата –аналарың тіпті мұғалімдерің қуанып жүретін болады. Сендерге үйден «Табиғат» тақырыбына шығарма жазып келуге тапсырылған Қанеки шығармаларыңды маған жинап беріңдер.
- Бастаушы Құрметті оқушылар бүгін біз «Мен және мені қоршаған орта » атты тәрбие сабағын бастаймыз.Адам баласы дүниеге келгеннен кейін өзін қоршаған ортада өмір сүреді. Қазір барша адамзат қауымы XXI-ғасырға аяқ басқан тұста бүкіл дүние жүзін елеңдеткен жағдай табиғаттағы дағдарыс. Күні кеше ғана өзінің тәуелсіздігін жариялап, бүгін терезесі тең елдердің қатарына қосылу үшін ерінбей тер төгіп жатқан, жас тәуелсіз Республикамызда табиғаттың тепе-теңдігі, бүгінгі жағдайы басты орында түр, өйткені:
- Қазір біздің Республикамыз атмосфераның ластануы бойынша бүкіл дүние жүзінде алдыңғы орынға шығып отыр.
- Арал теңізі мен Балқаш көлі суларының тартылып табиғатқа үлкен зиянын тигізуде.
- Атмосфераға шығарылатын зиянды қалдықтар
- Семей өңіріндегі болған ядролық жарылыстан әлі күнге зардап шегудеміз.
- Бастаушы Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» атты жолдауында әрбір азаматтың табиғат және оның байлықтарын пайдалану процесінде , табиғатты таза , көркем,мәңгілік қалпында сақтап қалудың қажет екені бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі екендігі атап көрсетілді.
1 бастаушы
Қымбатты, өнер-білім сүйгіш жас достар! Біз қазірден бастап өзіміз өмір сүрген ортамызды,таза қалпына келтіруге ат салысуымыз керек.
Ей замандас ең алдымен досыңды ұқ,
Досың-жер, мөлдір ауа, өсімдік.
Ала жүріп осылардың сыйлығын,
Осыларды қорлау деген не сұмдық?
Жер ешкімге жазбайды деп арызда,
Барын сарқып ала беру парыз ба?
Жоқ, замандас, әр ұрпаққа шуған жер.
Не берсе де беретіні қарызға.
(Х. Ерғалиев)
2Бастаушы
Тіршілікті қорғауға біз жарасақ,
Қорық жасап, егін егіп, қала сап.
О, адамзат, космостық дәуірің
Талап етер сенен биік парасат.
(Н.Исабеков)
1) Бастаушы Табиғатқа қомқорлық жасау -әрбір адамзаттың абыройлы міндеті, әрі парасатты парызы.
Табиғаттың тарылтпайық мөлдір кәусәр тынысын,
Пәк табиғат! Жүрегімнің тамылжыған жырысың.
Ей адамдар! Қалай ғана қатігездік жасайсың.
Ол – анаң ғой, ал сен-кенже ұлысың:
(М.Мақатаев)
2) Бастаушы II. 1) Оқушылар сендер Қарабұлақ ауылындағы экологияны бұзатын жағдайларды атаңдаршы?
Дұрыс жауабы:
Жауап әр түрлі болуы мүмкін
1)Ауылда машинаның көбеюі.
2) Зауыттан шыққан балық қалдығының ауылға жақын төгілуі.
3)Жазды күні жаңбыр жаумаған кезде шаң басуы.
4) Ағашының ауылда аз болуы
1)Бастаушы 1) Неліктен көктемде ағаш талдарын ақтайды немесе ағартады?
Жауабы : Тал –теректерді күннен түскен сәулені кері қайтарып күйіп кетуден ,құрғаудан сақтайды .
2) Ауаны тазалаушылар нелер?
Жауабы: Ағаштар әсіресе жеміс бермейтін ағаштар ауа тазалайды.
3) Экологиялық жағдайды қалпына келтіруге қандай көмек жасар едіңдер?
Мысалы : мектепте, үйде, көшеде?
3- тур.
2бастаушы
Туған өлкеміздің тамаша табиғатының бір байлығы .
“ Көгілдір қазына” деп аталатын өзен мен көлдер. Олар адамның көңіліне нұр, жүрегіне жыр, сезіміне гул сыйлаған береке бастауы болып саналады.Халқымыздың суға байланысты айтылған қаншама нақыл сөздері бар десеңізші !
Су бар жерде өмір бар
Сусыз өмір тұзсыз аспен тең
Су-атасы, жер-анасы.
Су табиғаттың ажары;
Су — дүниенің басы
Сулы жер – нұрлы жер,
Судың да сұрауы бар,
Өзен жағалағанның өзегі талмас;
Өрісіне қарап мал өсер;
Өзеніне қарап тал өсер,
Өзің ішетін суға өлген тастама.
1 бастаушы
Қандай ғажап кереметті табиғат,
Уа , бауырым пейіл қойшы пайымдап,
Игілігің –көкше көлдер, өзендер,
Сеңгір таулар,гүлді орман, қайың бақ.
Сұрақ. 1) Оқушылар суға, табиғатқа байланысты қандай өлеңдер білсеңдер?
1 бастаушы
Оқушылар енді біз тапсырма орындайық
1 тапсырма
Тамылжыған жайма шуақ жаздың күндерінің бірі. Кешқұрым. Қаланың көпшілік демалыс орны . Анадай жерде 3 жасөспірім орындықта отыр. Олар қызу әңгіме үстінде Келешекте не болмақ? Болашаққа көз жүгіртеді.
Бұдан 100-50 жыл өткеннен кейін келешекте өмір жақсартады;тағы да адам еңбегін жеңілдететін машиналарп мен түрлі механизмдер, қондырғылар шығарылып, 21 ғасыр кибернетика заманы болмақ; газбен, сұйықтьықпен жүретін машиналар, паравоз, автобус, тепловоздардың орнына трамвай, тралейбус, күн энергиясымен жұмыс істейтін күн машиналары келеді; Ауа мөп – мөлдір шаң тозаңсыз болады ;Айнала түгел жарқырап, көшелер қолдан соққандай тегістеліп асфальт төселіп, үйдегі, түздегі барлық жұмыстарды машина – роботтар атқаратын болады. Осылайша ұзақ әңгімелесіп 3 дос күннің ауғанын да байқамай қалыпты, орындарынан тұрып, үйлеріне тарасты. Бұлар кеткеннен кейін олар отырған орындыққа бір де бір адам отырмайды. Өйткені олар отырған орындықтың төңерегінен не керек, бәрін кездестіруге де болар еді: Шекілдеуік қабығы, сағыз бен әр түрлі тәттінің қораптары мен қағаздары жатты.
Сұрақ: Сендер 3 жасөспірімдердің істеріне қалай қарайсыңдар?Оларға не айтар едіңдер,Өздерің оқып білім алып жатқан мектептің іші – сырты таза болу үшін қандай шара қолданатын едіңдер?
2 бастаушы.
Көрермендермен ойын. жұмбақ шешу.
Жауабын тапқан оқушы сыйлыққа ие болады .
Бар-жоғы білмейсің,
Онсыз өмір сүрмейсің.
(Ауа)
Түнеріп келіп
Бұлт егіп кетеді.
(Жаңбыр)
Үстінде орманы,
Суы бар
Сені де мені де
Көтерген алыпты тауып ал.
(Жер)
Аспандағы алып доп,
Жарқырайды жарық боп.
(Күн)
Сұлудың сұлуы
Бойында жоқ жылуы.
(Ай)
Дүниенің жүзінде
Жүйріктердің түрі көп
Бірақ соның ішінде
Одан озар жүйрік жоқ
Өгіз,есек,түйеңіз,
Ілеспейді шаңына
Ат дегенді білеміз
Жолай алмас маңына
Қос қанатты тұлпарың,
Ілесе алмас шабысқа
Болат топшы сұңқарың
Шыдай алмас алысқа
Сағатына шамамен
Алады ол қырық бес
Қаһарынан, қара, сен
Қандай жүйрік үрікпес?
(Пойыз)
Шаңға толған тамағы
Қоқыр-соқыр тамағы.
1 бастаушы
Оқушылар табиғат байлықтарын қорғау дегеніміз. Бұларды мүлдем пайдаланбау емес, керсінше оларды уқыпты, тиімді пайдаланып, ысырапшылдыққа жол бермеу болып табылады.
Заңды көрсетілгендей сендерзаңды сақтауға міндеттісіңдер:
- Табиғаттың таза сақтауға
- Табиғаттың мол қазынасын сақтауға
- Табиғаттың көркемділігін сақтауға
Табиғатпен қарым-қатынасты дұрыс жасау. болашақ ұрпақтарыңа жасаған аманаттарың болсын.