Ұлғайтқыш құралдар Өсімдік жасушасының құрылысы.

Ұлғайтқыш  құралдар

Өсімдік  жасушасының  құрылысы.

  1. Затты 3-5 есе  үлкейтіп  көрсететін  құрал: 

а)тұтқалы  ұлғайтқыш  әйнек  ә)микроскоп  б)ұлғайтқыш  қол  әйнегі

  1. Затты 10-25 есе  үлкейтіп  көрсететін  құрал:

а)микроскоп  ә)тұтқалы  ұлғайтқыш  әйнек  б)ұлғайтқыш  қол  әйнегі.

  1. Жарық түсіру  қызметін  атқаратын  микроскоп  бөлімі:

а)окуляр  ә)айна  б)объектив  в)көру түтігі

  1. Микроскоптың барлық  бөлімдері  бекітілген  тірегі:

а)табан  ә)заттық  үстелше  б)бұранда  в)тұтқа

  1. Микроскоптың бірнеше   линзасы  бар  бөлімі:

а) көру  түтігі   ә)айна  б)окуляр  в)объектив

  1. Көру түтігін  қозғау  қызметін  атқаратын  микроскоп  бөлімі:

а)бұранда  ә)табан    б)тұтқа   в)заттық  үстелше

7.Барлық  күрделі  тіршілік  әрекеттеріне   қатысатын  желімтек , созылмалы , қоймалжың    тірі  зат:

а )цитоплазма    ә)жасуша  қабықшасы    б)ядро   в)вакуоль

  1. Тек өсімдік  жасаушасында  болатын  органоид:

а)ядро   ә)пластидтер    б)вакуоль   в)цитоплазма

  1. Жасушаға белгілі  пішін,  мықтылық  қасиет  беріп,  зақымданудан  қорғайтын  органоид:

а)цитоплазма   ә)жасуша  қабықшасы   б)ядро   в)вакуоль

10.Жасуша  ішіндегі  сұйықтықтың  қысымын  реттейтін,  керексіз  улы  заттарды  ыдырататын  және  жасушаның  қоректенуіне  жұмсалатын  шырын  жиналатын  орын:

а)цитоплазма    ә)ядро    б)пластидтер    в)вакуоль

  1. Цитоплазмасыз тіршілік  ете  алмайтын,  көбеюге  қатысатын  жасуша  бөлігі:

а)вакуоль    ә)цитоплазма    б)ядро    в)пластидтер

  1. Өсімдік тұқымында,  тамырында,  түйнегінде  қор  жинауға  қатысатын  пластидтер:

а)хромопластар    ә)лейкопластар    б)хлоропластар

  1. Фотосинтез процесіне  қатысатын  пластидтер:

а)хлоропластар   ә)хромопластар   б)лейкопластар

  1. Жемтамырларға, піскен  жемістерге  түс  беретін  пластидтер:

а) хлоропластар    ә)лейкопластар    б)хромопластар

 

 

 

 

 

        

 

 

Өсімдік    ұлпалары.

І-нұсқа

 

1.Өсімдіктерді  әртүрлі  қолайсыз  жағдайлардан  қорғайтын  ұлпа:

а)түзуші    ә)негізгі     б)жабын

 

2.Тамырдың   топырақтан  сорып  алған  минералды  тұздарының  ерітіндісін  жер  үсті  мүшелеріне  жеткізетін  ұлпа:

а)бөліп  шығарушы    ә)өткізгіш    б)тірек

 

3  Жасушалары  ұдайы  бөлініп,  өсімдік  өсуін  және  бүршік  жаруын  қамтамасыз  ететін  ұлпа: 

а) өткізгіш    ә)негізгі    б)түзуші

 

  1. Өсімдіктердің жер  асты  және  жер  үсті  мүшелерінде  қоректік  заттарды  қорға  жинайтын  ұлпа:

а)негізгі    ә)түзуші    б)өткізгіш

 

  1. Өсімдікті ауру  тудыратын  микробтар  мен  зиянды  жәндіктерден,  малға  жем  болудан  сақтайтын  ұлпа:
    а)негізгі    ә)тірек    б)бөліп  шығарушы

 

  1. Өсімдіктің зақымданған  жерін  қайта  қалпына  келтіретін  ұлпа:
    а)жабын    ә)түзуші    б)өткізгіш
  2. Жасушалары қатты,  қиыршықты  ұлпа: 

а)бөліп  шығарушы    ә)өткізгіш    б)тірек

 

  1. Хлоропластары бар  тірі  жасушалы  ұлпа:

а)түзуші    ә)бөліп  шығарушы    б)негізгі

 

  1. Жасушалары ұзын, түтік  тәрізді  ұлпа: 

а) өткізгіш      ә)тірек           б)негізгі

 

  1. Судың артық булануынан   сақтайтын   ұлпа:

а)бөліп  шығарушы      ә)жабын    б)түзуші.

 

  1. Сабаққа , жапырақ   сағағына ,   жүйкелеріне   беріктік  қасиет  беретін   ұлпа:

а)тірек    ә)негізгі    б)өткізгіш

 

  1. Сүт жолы   мен   шайыр   жолы    ашылатын   ұлпа:

а)жабын    ә)бөліп  шығарушы        б)негізгі

 

 

Өсімдік    ұлпалары.

ІІ-нұсқа

 

  1. Жасушалары арасында   ауа   кеңістіктері    бар  ұлпа:

а)тірек       ә)негізгі       б)түзуші

 

  1. Сабақ пен    тамыр    ұшында   орналасатын     ұлпа:

а)түзуші      ә)жабын     б)өткізгіш

 

  1. Хош иіс,   тәтті   шырын     бөлетін      ұлпа:

а)түзуші      ә)тірек       б)бөліп     шығарушы

 

  1. Көмірсулар, нәруыздар  мен  майларды    қорға    жинайтын   ұлпа:

а)негізгі       ә)түзуші       б) жабын

 

  1. Жаңғақ, алхоры, шабдалы  сүйектерінде  болатын  ұлпа:

а )түзуші      ә)тірек           б)бөліп  шығарушы

 

  1. Су мен  улы  газдарды ,  жылуды,  дыбысты  ішке өткізбейтін ,  шірімейтін  тығыз қабат түзетін ұлпа:

а)өткізгіш         ә)негізгі     б)жабын

 

7.Қоректік заттар қозғалысын  қамтамасыз ететін ұлпа:

а)өткізгіш       ә)тірек        б)негізгі

 

  1. Өсімдіктің ұзарып  өсуін,  ағаштың  жуандауын қамтамасыз ететін ұлпа:

а) түзуші    ә)негізгі    б)бөліп  шығарушы

 

  1. Жасушалары алғашында  тірі  болғанымен,  біртіндеп  қабықтары  қалыңдап,  өлі  жасушаларға  айналатын  ұлпа:             

а)тірек    ә)өткізгіш    б)жабын

 

  1. Тін талшығы жасы жетілген  ұлпа:

а)бөліп  шығарушы    ә)тірек    б)негізгі

 

  1. Жасуша қабырғасы  сүзгі  тәрізді  ұсақ  саңылаулы  болатын  ұлпа:

а)өткізгіш    ә)жабын    б)бөліп  шығарушы

 

  1. Безді жасушаларда  тез  ұшқыш  эфир  майы  жиналатын  ұлпа:

а)түзуші    ә)тірек    б)бөліп  шығарушы

                                                                           

 

 

 

Тамыр.

І-нұсқа

 

1.Өсімдіктің  вегетативті  (өсімді)  мүшелері:

а)тамыр    ә)гүл    б)сабақ    в)жеміс    г)жапырақ    ғ)тұқым

  1. Вегетативті мүшелердің  тамырлар  жүйесі:

а)сабақ    ә)тамыр    б)жапырақ

  1. Тұқымның ұрық  тамыршасынан  дамитын  тамыр:

а)қосалқы    ә)жанама    б)негізгі

  1. Негізгі тамырдың  жан-жағынан  таралатын  тамырлар:

а)жанама  тамырлар    ә)қосалқы  тамырлар

  1. Сабақ пен  жапырақтан  өсіп  шығатын  тамырлар:

а)қосалқы  тамырлар    ә)жанама  тамырлар

  1. Негізгі тамыры  өте  жақсы  жетілетін  тамыр:

а)шашақ тамыр      ә)кіндік  тамыр        б)жем  тамыр

  1. Негізгі тамырларының  жасушаларында  қорға  жиналып,  жуандап  түрін  өзгертетін   тамыр:

а)жем  тамыр        ә)кіндік  тамыр         б)шашақ  тамыр

  1. Жасушалары тірі,  сыртқы  жағындағы  жасушалар  топырақтағы  кедергілерге  үйкеліп,  зақымданып,  түлеп  түсіп  орнына  жаңа  жасушалар  түзілетін  тамыр  бөлімі:

а)тамыр  оймақшасы      ә) өсу      б)бөліну     в)сору

  1. Жасушалары дамылсыз  бөлініп,  басқа  бөлімдерінің  қалыптасуына  себепші  болатын  тамыр  бөлімі:

а)өткізу      ә)сору    б)бөліну    в)өсу

  1. Жас жасушалары  бөлінбейтін,  ұзынынан  созылып  ұзаратын  тамыр  бөлімі:

а)сору    ә)өсу    б)өткізу    в)бөліну

  1. Қалың түктері  бар  тамыр  бөлімі:

а) өткізу    ә)бөліну    б)өсу    в)сору

  1. Су мен  онда  еріген  қоректік  заттарды  тамырдан  өсімдіктің  жер  үсті  мүшелеріне  өткізетін  тамыр  бөлімі:

а)өткізу    ә)сору    б)өсу    в)бөліну

  1. Кіндік тамыр  жүйесіне  жататын  өсімдіктер:

а)арпа     ә)орамжапырақ    б)пияз    в)асбұршақ      г)қауын    ғ)қызанақ

  1. Шашақ тамыр  жүйесіне  жататын  өсімдіктер:

а) күріш     ә) асқабақ     б)жүгері    в)бидай    г)қоңырбас    ғ)қарбыз

 

 

 

 

 

 

 

 

Тамыр.

ІІ-нұсқа

 

  1. Өсімдіктің вегетативті  (өсімді)  мүшелері :

а)тұқым    ә)жапырақ    б)жеміс    в)сабақ    г)гүл    ғ)тамыр

  1. Тұқымның ұрық  тамыршасынан  дамитын  тамыр:

а)негізгі    ә)жанама    б)қосалқы

  1. Негізгі тамырдың  жан-жағынан  таралатын  тамыр:

а)қосалқы  тамырлар    ә)жанама  тамырлар

  1. Сабақ пен  жапырақтан  өсіп  шығатын  тамыр:

а)жанама  тамыр    ә)қосалқы  тамыр

  1. Негізгі тамыры  болмайтын,  болса  да  әлсіз  келетін  тамыр:

а)кіндік  тамыр    ә)жем  тамыр    б)шашақ  тамыр 

  1. Тамырдың бөліну аймағының  сыртын  қаптап,  қорғап  тұратын  тамыр бөлімі:

а)тамыр  оймақшасы    ә)сору    б)өсу    в)бөліну

  1. Атқаратын қызметіне  қарай  сыртқы,  ортаңғы,  ішкі  қабаттардан  түзілген  тамыр  бөлімі:

а)өткізу    ә)сору    б)бөліну    в)өсу

  1. Тамыр ұшының  топыраққа  терең енуіне әсер  ететін  тамыр  бөлімі:

а)бөліну    ә)өсу    б)сору    в)өткізу

  1. Топырақ түйіршіктерімен  тығыз  жанасып,  су  мен  онда  еріген  минералды  тұздарды  соратын  тамыр  бөлімі:

а) өсу    ә)бөліну    б)өткізу    в)сору

  1. Тамыр түктері  болмайтын,  жанама  тамырлары  көп  тамыр  бөлімі:

а)өткізу    ә)өсу    б)сору    в)бөліну

  1. 11. Органикалық тыңайтқыштар:

а)қи    ә)күл    б)қарашірік    в)құс  саңғырығы    г)азот    ғ)шымтезек

  1. Минералды тыңайтқыштар:

а)шымтезек    ә)азот  селитрасы    б)суперфосфат    в)қи    г)күл    ғ)сүйек  ұны

  1. Жем тамырлы  өсімдіктер:

а)сәбіз    ә)қызылша    б)орамжапырақ    в)картоп    г)шомыр    ғ)шалқан

  1. Түйнек тамырлы  өсімдіктер:

а)орхидея    ә)нарғызгүл    б)кипарис   в)батат    г)шырыш    ғ)таушымылдық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өркендер  мен  бүршіктер.  Сабақ.

І-нұсқа

  1. Тыныштық күйге  ауысқан  бүршік:

а)төбе    ә)бұйыққан    б)жанама    в)қолтық

 

  1. Өркеннің ең  ұшына  орналасқан  бүршік:

а)қолтық    ә)қосалқы    б)жанама    в)төбе

 

  1. Өсімдіктің кез  келген  мүшесінің  әр  жерінен  дамыған  бүршік:

а)қосалқы    ә)төбе    б)бұйыққан    в)жанама

 

  1. Төбе бүршіктің  өсімдіктің  өсуіне  әсері:

а)жуандап  өседі    ә)ұзарып  өседі    б)гүлдейді    в)жапырақ  шығарады

 

  1. Тік сабақты  өсімдіктер:

а)қайың    ә)жүзім    б)бидай    в)қауын

 

  1. Шырмалған сабақты  өсімдіктер:

а)жөке    ә)шырмауық    б)бақбақ    в)құлмақ

 

  1. Қысқарған сабақты  өсімдіктер:

а)жолжелкен    ә)пияз    б)жүзім    в)жүгері

 

  1. Сабақты жуандатып  өсіретін  қабат:

а)камбий    ә)сүрек    б)қабық    в)өзек

 

  1. Органикалық заттар  қорға  жиналатын      қабат: 

а)сүрек    ә)қабық    б)өзек    в)тін  талшығы

 

  1. Су мен  минералды  заттар  қозғалатын  қабат:

а)қабық    ә)сүрек    б)тоз  жасушалары     в)тін  талшықтары

 

  1. Сабақтың барлық  бөлімдерін  бір-бірімен  байланыстыратын  қабат:

а) өзек    ә)камбий    б)сүрек    в)қабық

 

  1. Сабақ тыныс  алатын,  жасымықша  жасушалары  орналасатын

қабат:

а) камбий    ә)сүрек    б)өзек    в)тоз  қабаты

 

  1. Буын және  буынаралығынан  тұрады:

а)тамыр    ә)тамырсабақ    б)түйнек

 

  1. Сыртында жапырақ  іздері   (көзшелері)    бар:

а)түйнек    ә)тамыр    б)тамыр

 

Өркендер  мен  бүршіктер.  Сабақ.

ІІ-нұсқа

  1. Жапырақ қолтығына  орналасқан  бүршік:

а)төбе    ә)жанама    б)қолтық    в)қосалқы

 

  1. Өсімдіктің төменгі  бөліміне  орналасқан  майда  бүршік:

а)қосалқы    ә)бұйыққан    б)төбе    в)қолтық

 

  1. Гүл бүршігінің  орналасқан орны:

а)қысқарған  өркен    ә)ұзарған  өркен    б)төбе  бүршігінде    в)қолтық  бүршігінде

 

  1. Өсу бүршігінің    орналасқан   орны:

а)қосалқы  бүршік    ә)қысқарған  өркен    б)қолтық  бүршік    в)ұзарған  өркен

 

  1. Жатаған сабақты  өсімдіктер:

а)құлпынай    ә)құлмақ    б)пияз    в)қияр

 

  1. Өрмелегіш сабақты  өсімдіктер:

а)тырбық  аңдыз    ә)қарағаш    б)асбұршақ    в)жүзім

 

  1. Тін талшықтары  орналасқан  қабат:

а)камбий    ә)қабық    б)сүрек    в)өзек

 

  1. Қабық пен  сүректің  арасындағы  қабат:

а)сүрек    ә)камбий    б)өзек    в)қабық

 

  1. Сабақтың органикалық  заттарды  қорға  жинайтын  қабаты:

а)өзек    ә)камбий    б)қабық    в)тін  талшығы

 

  1. Жарыққа байланысты түсін өзгертпейтін өсімдік мүшесі:

а)түйнек    ә)тамырсабақ    б)тамыр

 

  1. Буынында жетілмеген  түссіз  қабыршақтар  орналасқан  жер асты өркен:

а)тамырсабақ    ә)пиязшық             в)түйнек

 

  1. Пиязшықты өсімдіктер:

а)сарымсақ    ә)картоп    б)лалагүл    в)бетеге

 

  1. Түйнекті өсімдіктер:

а)орамжапырақ    ә)жер  алмұрты    б)картоп    в)пияз

 

  1. Тамырсабақты өсімдіктер:

а) бидайық    ә)қызанақ    б)бетеге    в)қызғалдақ

Жапырақ

 

  1. Қылқанды (ине  тәрізді)  жапырақты  өсімдіктер:

а)қарағай    ә)жүгері    б)емен    в)шырша

  1. Бір ғана  тақтасы  бар жапырақ:

а)күрделі  жапырақ    ә)жай  жапырақ

  1. Бір сағақта  бірнеше  жапырақшалардың  болуы:

а)күрделі  жапырақ    ә)жай  жапырақ

  1. Жүйкелердің жапырақтың  ұшына  дейін  қатарласа  созылуы:

а)қауырсын  тәрізді  торлы  жүйкелену    ә)параллель  жүйкелену  б)доғалы  жүйкелену    в)саусақ  салалы  жүйкелену

  1. Негізгі орталық  жүйкенің  жан-жағынан  жанама  жүйкелердің  теңдей  таралуы:

а)параллель  жүйкелену    ә)доғалы  жүйкелену    б)қауырсын  тәрізді  торлы  жүйкелену    в)саусақ  салалы  жүйкелену

  1. Орталық жүйкенің  бір  жерден  басталып,  жапырақ  жиегіне  дейін  салаланып  таралуы:

а)саусақ  салалы  жүйкелену   ә)қауырсын  тәрізді  торлы  жүйкелену   б)параллель  жүйкелену    в)доғалы  жүйкелену

  1. Жапырақ тақтасының  түбінен  қатарласа  шыққан  жүйкелердің  иілуі:

а)параллель   жүйкелеу ә)саусақ  салалы  жүйкелену  б)қауырсын  тәрізді  торлы  жүйкелену  в)доғалы  жүйкелену

  1. Қоректік заттар  қорға  жиналатын  жапырақ:

а)шырынды    ә)тікенді    б)мұртша    в)қабыршақ

  1. Өсімдіктің қоршаған  ортаға  бейімделіп,  тіршілігін  сақтап  қалуға  көмектесетін  жапырақ:

а)қабыршақ    ә)шырынды    б)тікенді    в)мұртша

  1. Өсімдіктің жарыққа қарай көтеріліп өсуін қамтамасыз  ететін  жапырақ:

а)тікенді    ә)мұртша    б)қабыршақ    в)шырынды

  1. Бүршіктердің нәзік  бөлімдерін  суықтан  қорғайтын  жапырақ:

а)мұртша    ә)тікенді    б)шырынды    в)қабыршақ

  1. Өсімдіктің құрғақшылыққа  төзімділігін  арттыратын  жапырақ:

а)қабыршақ    ә)шырынды    б)тікенді    в)мұртша

  1. Ылғалды үнемдеп, суды  аз  буландыратын  жапырақ:

а)қабыршақ    ә)тікенді    б)мұртша    в)шырынды

  1. Тікенді жапырақты  өсімдіктер:

а)қарлыған    ә)асбұршақ    б)кәріқыз    в)ақ  қараған

  1. Мұртшалы жапырақты  өсімдіктер:

а)үрмебұршақ    ә)жабайы  бұршақ    б)асбұршақ    в)сарыаға

 

 

 

 

Гүл. Гүлшоғырлар.

І-нұсқа

 

  1. Гүлдің дәл ортасында орналасқан гүл бөлігі:

  а)гүлтабан   ә)аналық    б)күлте    в)аталық

  1. Өркеннің түрі өзгерген жапырағы:

а)тостағанша   ә)гүлсағақ    б)күлте    в)аналық

  1. Тозаң ұясы бар гүл бөлігі: 

а)аналық    ә)күлте     б)аталық      в)гүлтабан

  1. Гүлсеріктің ішкі бөлігі :

а)аналық      ә)аталық    б)тостағанша    в)күлте

  1. Екі қабат қабықшасы бар жасушалар жетілетін гүл бөлігі:

а)аналық    ә)гүлсағақ   б)күлте   в)тостағанша

  1. Бір гүлде аталық пен аналықтың болуы:

а)қос жынысты    ә)дара жынысты

  1. Аталық гүлдер мен аналық гүлдердің бір өсімдікте болуы:

а)екі немесе   қос үйлі     ә)бір үйлі

  1. Гүлдің жеміс түзілетін бөлімі:

а)күлте    ә)аналық    б)тостағанша    в)аталық

  1. Аталықтың бөлімдері:

а)жіпше , аузы    ә)тозаңқап,  тостағанша     б)мойны,  жіпше    в)жіпше,  тозаңқап

  1. Жеке гүлдері  орталықтан  таралатын  сабаққа  гүл  сағақтары  арқылы  кезектесіп  орналасқан  гүлшоғыр:

а)жай  масақ    ә)жай  шашақ    б)собық    в)күрделі  шатыр

  1. Орталық сабаққа  бірнеше  жай  масақша  гүлдер  топтанып  орналасқан  гүлшоғыр:

а)күрделі  қалқанша    ә)күрделі  шатыр    б)күрделі  масак    в)күрделі  шашақ

  1. Собық гүлшоғырлы  өсімдіктер:

а)бидай    ә)күнбағыс    б)калла    в)жүгері

  1. Күрделі шатыр  гүлшоғырлы  өсімдіктер:

а)кербезгүл    ә)сәбіз    б)көктерек    в)аскөк

  1. Жай масақ  гүлшоғырлы  өсімдіктер:

а)жолжелкен    ә)тары    б)сүйсін    в)гүлшетен

  1. 15. Сырға гүлшоғырлы  өсімдіктер:

а)қарағаш         ә)алмұрт    б)қайың       в)тал

 

 

 

 

 

 

 

 

                           

Гүл. Гүлшоғыр.

ІІ-нұсқа

 

  1. Гүлдің барлық  бөлімдері  бекінетін  орын:

а)тостағанша    ә)гүлсағақ    б)күлте    в)гүлтабан

  1. Мойны бар  гүл бөлігі:

а)күлте    ә)аналық    б)гүлтабан    в)аталық

  1. Жіпшеден және  тозаңқаптан  тұрады:

а )гүлсағақ    ә)күлте    б)аталық    в)аналық

  1. Гүлсеріктің сыртқы  бөлігі:

а)гүлтабан    ә)тостағанша    б)аналық    в) күлте

  1. Ұрықтану процесі  жүретін  орын:

а)аталық    ә)гүлсағақ    б)жатын    в)күлте

  1. Гүлде тек  аталық  немесе  аналықтың  болуы:

а)дара  жынысты    ә)қос  жынысты

  1. Аталық гүлдердің  бір  өсімдікте,  аналық  гүлдердің  екінші  өсімдікте  болуы:

а)бір  үйлі    ә)екі  немесе  қос  үйлі

  1. Аталық тозаңдары  жетілетін  орын:

а)жіпше    ә)жатын    б)тозаңқап    в)күлте

  1. Аналықтың тозаң  қабылдайтын  бөлімі:

а)мойны    ә)жатыны    б)жіпше    в)аузы

  1. Жеке гүлдері  орталықтан  таралатын  сабаққа  сағақсыз  кезектесіп  орналасқан  гүлшоғыр:

а)жай  масақ    ә)жай  шашақ    б)себет    в)шоғырбас

  1. Жай шатырдағы  жеке  гүл  сағақтарына  бірнеше  гүлден  топтанып  шоғырланған  гүлшоғыр:

а)күрделі  шашақ    ә)күрделі  қалқанша    б)күрделі  шатыр    в)күрделі  масақ

  1. Себет гүлшоғырлы  өсімдіктер:

а)жолжелкен    ә)мойыл    б)күнбағыс     в)бақбақ

  1. Күрделі масақ  гүлшоғырлы  өсімдіктер:    

а)балдырған    ә)орамжапырақ    б)қарабидай     в)бидайық

  1. Жай шатыр  гүлшоғырлы  өсімдіктер:

а)пияз    ә)қайың    б)адамтамыр    в)інжугүл

  1. Жай шашақ  гүлшоғырлы  өсімдіктер:

а)бақбақ    ә)қарақат    б)аскөк    в)орамжапырақ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тозаңдану.   Жемістер.

Жемістер  мен  тұқымдардың  таралу  жолдары.

І-нұсқа

 

  1. Бір гүлдің өз  аталық  тозаңының  сол  гүлдің  аналығының   аузына  түсуі:

а)айқас тозаңдану    ә)өздігінен тозаңдану

  1. Бір гүлдің  аталық  тозаңының  екінші  гүлдің  аналығының  аузына  түсуі:

а)өздігінен  тозаңдану    ә)айқас  тозаңдану

  1. Гүлдері өте  ұсақ , реңсіз  өсімдіктердің  тозаңдану    жолы:

а)жел  арқылы    ә)бунақденелілер  арқылы    б)өздігінен  тозаңдану

  1. Тозаңдары ірі  өсімдіктердің  тозаңдану  жолы:

а)өздігінен  тозаңдану    ә)жел  арқылы    б)бунақденелілер  арқылы

  1. Бітеу гүлдің  тозаңдану  жолы:

а)бунақденелілер  арқылы    ә)өздігінен  тозаңдану    б)жел  арқылы

  1. Гүлдері ашық  реңді,  ірі  өсімдіктердің   тозаңдану  жолы:

а)бунақденелілер  арқылы    ә)жел  арқылы    б)өздігінен  тозаңдану

7  Аналығының  аузы  үлпек  қауырсынды  өсімдіктердің  тозаңдану  жолы:    

а)жел  арқылы    ә)өздігінен  тозаңдану    б)бунақденелілер  арқылы

  1. Шырыны мол,  жұмсақ  жеміс:

а)құрғақ  жеміс    ә)шырынды  жеміс

  1. Сыртқы қабығы  жұқа,  жұмсақ,  ішінде  тұқымдары  көп   жеміс:

а)жидек  жеміс    ә)жидек   тәрізді    б)сүйекті

  1. Бір ұялы,  тұқым  саны  біреу  немесе  бірнешеу  болатын  жеміс:

а)қауашақ    ә)бұршаққын    б)бұршаққап    в)тұқымша

  1. Бір тұқымды,  тұқымы  жеміс  серігімен  тұтасып  біріккен  жеміс:

а)жаңғақ    ә)тұқымша    б)қауашақ    в) дәнек

  1. Сыртында су  жұқпайтын  түктері  бар  өсімдіктердің  тұқымдарының  таралу  жолы:

а)бунақденелілер арқылы    ә)су   арқылы     б)жел  арқылы    в)өздігінен

  1. Сыртында ілмешектер,  тікенектер,  желімтек  түктері  бар  тұқымдардың  таралу  жолдары:

а)жануар,  бунақденелілер,  адам  арқылы    ә)жел  арқылы    б)өздігінен     в)су  арқылы

  1. Жел арқылы  таралатын  өсімдіктер:

а)қамыс,  қияқ,  жалбыз,  қоға    ә)шытырлақ,  жауқазын,  қараған,  шегіргүл

б)қарағаш,  бақбақ,  үйеңкі,  орхидея    в)шоңайна,  долана,  бүлдірген,  кәріқыз

  1. Құстар арқылы  таралатын  өсімдіктер:

а)жауқазын,  қараған,  шытырлақ,  бөрібұршақ    ә)шие,  таңқурай,  бүлдірген,  мойыл    б)бөденешөп,  қоға,  түкті  күреңот,  қамыс     в)қайың,  тал,  терек,  үйеңкі

 

 

Тозаңдану.   Жемістер.

Жемістер  мен  тұқымдардың  таралу  жолдары.

ІІ-нұсқа

 

  1. Бір гүлдің  аталық  тозаңының  екінші  гүлдің  аналығының  аузына  түсуі:

а)айқас  тозаңдану    ә)өздігінен  тозаңдану

  1. Бір гүлдің  өз  аталық  тозаңының  сол  гүлдің  аналығының  аузына  түсуі:

а)айқас  тозаңдану    ә)өздігінен  тозаңдану

  1. Гүлдерінде шірнесі  бар  өсімдіктердің  тозаңдану  жолы:

а)бунақдене  арқылы    ә)өздігінен    б)жел  арқылы

  1. Тозаңдары майда,  жеңіл  өсімдіктердің  тозаңдану   жолы:

а)өздігінен  тозаңдану    ә)бунақденелілер  арқылы    б)жел  арқылы

  1. Тозаңдануы бір  гүлдің  ішінде  болатын  өсімдіктердің  тозаңдану  жолы:

а)жел  арқылы    ә)өздігінен    б)бунақдене  арқылы

  1. Аталық жіпшесі  ұзын,  тербеліп  тұратын өсімдіктердің   тозаңдану  жолы:

а)өздігінен    ә)бунақдене  арқылы    б)жел  арқылы

  1. Гүлдері аңқыған  хош  иісті  өсімдіктердің  тозаңдану  жолы:

а)өздігінен    ә)бунақдене  арқылы    б)бунақдене  арқылы

  1. Қабығы қатты,  сүректенген  жеміс:

а)шырынды  жеміс    ә)құрғақ  жеміс

  1. Сыртқы қабығы  жұмсақ,  жұқа,  ішкі  бөлімі  сүйектенген   жеміс:

а)жидек тәрізді    ә)жидек    б)сүйекті

  1. Қос ұялы,  ішінде  ұзынша  тартылған  жұқа  жарғақты  пердесі  бар  жеміс:

а)бұршаққап     ә)бұршаққын    б)қауашақ    в)дәнек

  1. Жеміс серігі  тұқымымен  бірікпеген  жеміс:

а)жаңғақ    ә)бұршаққап    б)дәнек    в)тұқымша

  1. Жемістері қақырағыш,  ширатылғыш  өсімдіктердің  таралу  жолы:

а)жануар,  құстар  арқылы    ә)су  арқылы    б)өздігінен    в)жел  арқылы

  1. Шырынды, ашық  реңді  жемістердің  таралу  жолы:

а)жел  арқылы    ә)құстар  арқылы    б)өздігінен    в)су  арқылы

  1. Су арқылы  таралатын  өсімдіктер:

а)жөке, үйеңкі, бақбақ, шаған    ә)шоңайна, итошаған, иттікен, кәріқыз

б)қараған,  шегіргүл,  бөрібұршақ,ат талшын      в)тұңғиық,  жалбыз,  қоға,  қамыс

  1. Адамдар, жануарлар  арқылы  таралатын  өсімдік:

а)шоңайна,  иттікен,  кәріқыз,  итошаған     ә)ат  талшын,  қараған,  шегіргүл,шытырлақ     б)жалбыз,  қамыс,  тұңғиық,  қияқ     в)бақбақ,  орхидея,

жөке,  қайың

 

 

Қос   және  дара   жарнақты   өсімдіктер.

 

  1. Тұқым бүршігінен  дамитын  көбею  мүшесі:

а)гүл    ә)жеміс    б)тұқым

 

  1. Екі тұқым  жарнағы  бар  өсімдік:

а)дара  жарнақты    ә)қос  жарнақты

 

  1. Бір тұқым  жарнағы  бар  өсімдік:

а)қос  жарнақты    ә)дара  жарнақты

 

  1. Дара жарнақты  өсімдіктер:

а)бидай      ә)үрмебұршақ      б)асқабақ    в)арпа

 

  1. Қос жарнақты  өсімдіктер:

а)сұлы    ә)жүгері    б)асбұршақ    в) қияр

 

  1. Тұқым өнген  кезде  бірінші  шығатын  өскін  мүшесі:

а)сабақ    ә)тамыр    б)жапырақ    в)барлығы  бір  мезгілде  шығады

 

  1. Өніп келе  жатқан  ұрықтың  алғашқы  кездегі    қоректену  заттары:

а)эндоспермдегі  су  және  минералды  тұздар    ә)су,  ауа,  органикалық  заттар

б)эндосперм  мен  тұқым  жарнағындағы  органикалық  заттар  қоры

 

  1. Бидай тұқымындағы  қор  заттар  жиналатын  бөлігі:

а)ұрық    ә)эндосперм    б)қабығы    в)жарнағы

 

  1. Тұқым тыныс  алғанда  болатын  өзгеріс:

а)көмірқышқыл  газын  сіңіріп,  оттегін  бөліп  шығарады

ә)  оттегін  сіңіріп,  көмірқышқыл  газы  мен  жылу  бөледі

б)  оттегін  сіңіріп , көмірқышқыл  газ  бөлінеді

 

  1. Крахмал қоры  көп   болатын өсімдік:

а)күнбағыс    ә)картоп    б)жер  жаңғағы

 

  1. Нәруыз қоры   көп   болатын  өсімдік:

а)зығыр    ә)мақта    б)бидай

 

  1. Май қоры  көп  болатын  өсімдік:

а)күнбағыс    ә)жүгері    б)соя

 

 

 

 

 

Бір   жасушалы   жәндіктер.

 

  1. Жануарлар дүниесіндегі    қарапайымдылардың  жіктелуі:                                           

а)көп  жасушалы    ә)бір  жасушалы

 

  1. Талшықтылардың топтасып  тіршілік  ететін  түрі:

а)домалаңғы    ә)жасыл  эвглена    б)кірпікшелі  кебісше

 

  1. Кірпікшелердің мекен ететін  сулы  ортасы:

а)тұщы  су    ә)ащы  су

 

  1. Көзшесі бар  жәндік:

а)амеба     ә)кірпікшелі кебісше     б)эвглена

 

  1. Жануар және  өсімдік  тәрізді  қоректенетін   жәндік:                 

а)эвглена    ә)кірпікшелі кебісше   б)амеба

 

  1. Кірпікшелі кебісшедегі  кіші  ядроның  атқаратын  қызметі:

а)қоректену    ә)көбею    б)қозғалу

 

  1. Хлоропластары бар  жәндік:

а)амеба    ә)эвглена    б)трипаносома

 

  1. Қарапайымдыларда қолайсыз  жағдай  туғанда  түзілетін  қабат:

а)эктодерма    ә)энтодерма    б)циста

 

  1. Амебаның көбею  жолы:

а)жыныссыз    ә)жынысты

 

  1. Қылаулатқышы бір  жасушалы  жәндік:

а)эвглена    ә)амеба    б)кірпікшелі  кебісше

 

  1. Қантышқақ ауруын  тудыратын  жәндік:

а)дизентерия  амебасы    ә)амеба    б)лейшмания

 

  1. Тері лейшманиозы  ауруын  тудыратын  жәндік:

а)құртамыш    ә)лейшмания    б)лямблия

 

  1. Кокцидоз ауруын  тудыратын  жәндік:

а)лейшмания    ә)лямблия    б)құртамыш

 

  1. Лямблиоз ауруын  тудыратын  жәндік:

а)трипаносома    ә)құртамыш    б)лямблия

 

 

Көп  жасушалы   жануарлар   және   олардың   құрылысы   мен   тіршілігі.

 

  1. Денесінің белгілі бір  бөлігінде  үйлесімді  қызмет  атқаратын  тізбектің  бірі: 

а)жасуша    ә)ұлпа    б)мүшелер  жүйесі     в)мүше     г)организм

 

  1. Дененің сыртқы  жамылғысын  түзетін  ұлпа:

а)жүйке    ә)дәнекер    б)эпителий    в)бұлшықет

 

  1. Сүйек, шеміршек,  май,  сіңір,  қан,  ұлпа  сұйықтығын  түзетін  ұлпа:

а)бұлшықет    ә)дәнекер    б)жүйке    в)эпителий

 

  1. Көлденең жолақты,  бірыңғай  салалы  және  жүрек  бұлшықеттерінен  түзілген  ұлпа:

а)эпителий    ә)жүйке    б)дәнекер    в)бұлшықет

 

  1. 5. Жүйке ұлпасының  жасушасы:

а)нейрон    ә)дендрит     б)аксон

 

  1. 6. Шаян, өрмекші,  бунақденелілердің  сыртқы  жабыны:

а)хитин    ә)түк    б)қабыршақ    в)қауырсын

 

  1. Балық, кесіртке,  жылан  денелерінің  сыртқы  жабыны:

а)қауырсын    ә)хитин    б)қабыршақ    в)түк

 

  1. Құрылыс материалын, ферменттер  мен  гормондар  түзетін  зат:

а)көмірсу    ә)нәруыз    б)май

 

  1. Организмдегі негізгі энергия  көзі:

а)нәруыз    ә)май    б)көмірсу

 

  1. Құрылыс материалы, қуат  көзі,  жасушаны  сумен  қамтамасыз  ететін  зат:

а)май    ә)көмірсу    б)нәруыз

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Омыртқасыз   жәндіктер   және   омыртқалы   жануарлардың   асқорыту   жүйелері   және   астың   қорытылуы.

 

  1. Гидраның асқорыту  жасушасының    орналасқан    қабаты:

а)эктодерма    ә)энтодерма

 

  1. Гидраны жауынан  қорғайтын  және  жемін  аулауға  қатысатын  жасушасы:

а)жүйке  жасушасы    ә)апта  жасушасы    б)тері-бұлшықет  жасушасы

в)асқорыту  жасушасы

 

  1. Ауыз → жұтқыншақ →өңеш →жемсау →қарын → ішек тәрізді асқорыту  жүйесіне  тән  жәндік:

а)ақ  сұлама    ә)зауза  қоңызы    б)шұбалшаң

 

  1. Өңештің соңғы  бөлімі  кеңейіп  жемсауға  айналған  құстар  тобы:

а)дәнмен  қоректенетін     ә)бунақденелілермен  қоректенетін      б)ұсақ  кемірушілермен  қоректенетін

 

  1. Құстар қарынының    бөлім  саны:

а)1    ә)2    б)3

 

  1. Сүтқоректілердегі тіс    түрінің   саны:

а)2    ә)4    б)3

 

  1. Үй қояның  жақсы  дамыған  тістері:

а)азу  тістер    ә)күрек  тістер    б)сойдақ  тістер

 

  1. Иттің  жақсы  дамыған  тістері:

а)сойдақ  тістер    ә)азу  тістер    б)күрек  тістер

 

  1. Етпен, дәнмен,  жәндіктермен  қоректенетін  сүтқоректілердің  қарынының  бөлім  саны:

а)2    ә)1    б)4

 

  1. Өсімдіктекті азықпен  қоректенетін  сүтқоректілердің  қарынының    бөлім   саны:

а)4    ә)2    б)1

 

 

 

 

 

 

 

Омыртқасыз   жәндіктер   және   омыртқалы   жануарлардың   тыныс   алу   жүйелерінің   құрылысы.

 

  1. Оттегін сіңіріп,  көмірқышқыл  газын  сыртқа  шығаратын  организмдер:

а)анаэробты  организмдер    ә)аэробты  организмдер

 

  1. Оттегінсіз тыныс  алатын  организмдер:

а)аэробты  организмдер    ә)анаэробты  организмдер

 

  1. Гидраның тыныс  алуын  қамтамасыз  ететін  мүшелер:         

а)өкпе  қапшықтары      ә)тыныс  саңылауы      б)бүкіл  денесімен  сіңіру  арқылы

 

  1. 4. Шұбалшаңның тыныс  алуын    жүзеге  асыратын  мүше:

а)сыртқы  тері  жабыны      ә)өкпе  қапшықтары    б)желбезек

 

  1. Шаршылы өрмекшінің    тыныс  алу  мүшесі:

а)өкпе  қапшығы      ә)демтүтік     б)тері  жабыны

 

  1. Балықтардың тынысалу  мүшесі:

а)өкпе    ә)демтүтік    б)желбезек

 

  1. Ересектері өкпе,  дернәсілдері  желбезек  арқылы  тыныс  алатын  жануарлар:

а)құстар    ә)балықтар    б)жорғалаушылар    в)қосмекенділер

 

  1. Қосмекенділердің қосымша  тыныс  алу  мүшесі:

а)желбезек    ә)тері    б)ауа  қапшығы

 

  1. Жорғалаушылардың тыныс  алу  мүшесі:

а)тері      ә)өкпе      б)желбезек

 

  1. Қосарлы тыныс  алатын  омыртқалы  жануарлар:

а)жорғалаушылар    ә)сүтқоректілер    б)құстар    в)жорғалаушылар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Омыртқасыз   жәндіктер   мен   омыртқалы   жануарлардың   зәр   шығаруы   және   зәршығару   жүйелерінің   құрылысы.

 

  1. Денедегі артық,  зиянды  заттардың  сыртқа    шығарылуын жүзеге  асыратын   мүшелер:

а)асқорыту  мүшелері     ә)зәршығару  мүшелері     б)тыныс  алу  мүшелері

 

  1. Қарапайымдардың зиянды  қалдық  заттарды  сыртқа  шығару  мүшесі:

а)жұлдызша  түтікше    ә)мальпигий  түтікшесі    б)жиырылғыш  вакуоль

 

  1. Көпжасушалы жануарлар  организмінде  түзілетін  сыртқа  шығарылуы  тиіс  заттар:

а)көмірқышқыл  газы    ә)несеп    б)оттегі    в)қанның  қызыл  түйіршіктері

г)нәжіс

 

  1. Құрттардың зиянды  заттарды  шығару  мүшесі:

а)мальпигий  түтікшесі    ә)жұлдызша  түтікшесі    б)жасыл  түсті  бір  жұп

бездер

 

  1. Шаянтектестердің зәршығару  мүшесі:

а)бүйрек    ә)бездер    б)жасыл  түсті  бір  жұп  бездер    в)мальпигий  түтікшесі.

 

  1. Бүйрек және    мальпигий  түтікшелері  арқылы  зәр шығаратын  жәндік:

а)өрмекшілер    ә)құрттар    б)бунақденелілер    в)шаянтектестер

 

  1. Бунақденелілердің зәр  шығару  мүшесі:

а)жұлдызды  түтікшелер    ә)мальпигий  түтікшелер    б)бүйрек

в)жиырылған  вакуоль

 

  1. Бүйрек →несепағар →қуық   арқылы зәр  шығаратын  жануарлар:

а)омыртқасыз  жануарлар    ә)омыртқалы  жануарлар

 

  1. Қуық болмайтын омыртқалы    жануарлар:

а)балықтар  ә)сүтқоректілер   б)қосмекенділер   в)құстар    г)жорғалаушылар

 

 

 

 

 

 

 

 

        

Омыртқасыз  жәндіктер  мен  омыртқалы  жануарлардың  қанайналым

жүйелерінің   құрылысы .

 

  1. Дене қуысына  тікелей  құйылмай,  қантамырлары  арқылы  таралатын  қанайналым  жүйесі:

а)ашық  қанайналым  жүйесі    ә)тұйық  қанайналым  жүйесі

  1. Қанның жүректен,  ұшы  тұйық  емес  қантамырларына,  одан  дене  қуысына  құйылатын  қанайналым  жүйесі:

а)ашық  қанайналым  жүйесі    ә)тұйық  қанайналым  жүйесі

  1. Ұлудың жүрегінің  бөлімдері:

а)қарынша  және  екі  құлақша    ә)екі  қарынша  және  екі  құлақша

б)құлақша  және  қарынша

  1. Түсі қызыл — қоңыр,  көмірқышқыл  газына  қаныққан  қан:

а)вена  қаны    ә)артерия  қаны

  1. Түсі алқызыл,  оттегіне  қаныққан  қан:

а)вена  қаны     ә)артерия  қаны

  1. Балықтың жүрегінің  бөлімдері:

а)1             ә)2                    б)3                  в)4

  1. Қосмекенділердің  жүрегінің   бөлімдері:

а) 4    ә) 3    б) 2     в) 1

  1. Қанның өкпе  мен  теріге  баратын,  одан  жүрекке  қайта  келетін  тармағы:

а)кіші  қанайналым  шеңбері    ә)үлкен  қанайналым  шеңбері

  1. Қанды жүректен  бүкіл  денеге  тарататын  артерия  қантамырлары  мен  денеден  жүрекке  оралатын  вена  қантамырлар  тармағы:

а)кіші  қанайналым  шеңбері     ә)үлкен  қанайналым  шеңбері

  1. Жорғалаушылар жүрегінің  бөлімдері:

а)қарынша   мен  құлақша    ә)екі  қарынша  мен  екі  құлақша    б)қарынша  мен  екі  құлақша

  1. Жүрек қарыншасы жартылай  пердемен  бөлінген  омыртқалы   жануарлар:

а)құстар    ә)қосмекенділер    б)сүтқоректілер    в)жорғалаушылар

  1. Дене температуралары  тұрақсыз,  қоршаған  ортаның  температурасына  тәуелді  жануарлар:

а)жылықанды  жануарлар    ә)салқынқанды  жануарлар

  1. Дене температурасы  тұрақты,  қоршаған  орта  температурасына  тәуелді  емес  жануарлар:

а)салқынқанды  жануарлар    ә)жылықанды  жануарлар

  1. Құстар жүрегінің    бөлімдері:

а) 1    ә)3    б)2    в)4

  1. Сүтқоректілер жүрегінің  бөлімдері:

а)қарынша  мен  екі  құлақша    ә)қарынша  мен  құлақша    б)екі  қарынша  мен  екі  құлақша

  1. Жылықанды омыртқалы  жануарлар:

а)жорғалаушылар    ә)құстар    б)қосмекенділер    в)сүтқоректілер    г)балықтар

Омыртқасыз   жануарлар   мен   омыртқалы   жануарлардың   қозғалуы.

 

  1. Жалғанаяқтары арқылы  қозғалатын  жәндік:

а)эвглена    ә)кірпікшелі  кебісше    б)амеба

 

  1. Жасыл эвгленаның  қозғалу  мүшесі:

а) талшық    ә)жалғанаяқ    б)кірпікше

 

  1. Кірпікшелері арқылы  қозғалатын  жәндік:

а)кебісше     ә)амеба     б)шұбалшаң

 

  1. Қармалауыштары арқылы «адымдап» , «төңкеріліп» қозғалатын жәндік:

а) шұбалшаң    ә)айқұлақ   б)гидра   в)жүзім  ұлуы

 

  1. Денесі ұзарып-қысқарып , жіңішкеріп-жуандау  арқылы   қозғалатын  жәндік:                                  

а)шұбалшаң   ә)гидра   б)айқұлақ   в)ұлу

 

  1. Реактивті тәсілмен қозғалатын     жәндіктер:

а) сегізаяқ   ә)жүзім  ұлуы    б)кальмар   в)айқұлақ

 

  1. Өзен шаянының   жүру  аяқтары   орналасқан  дене   бөлімі:

а)құрсақ    ә)баскөкірек

 

  1. Балықтың суда   төменгі  қабатқа   түсу, беткі  қабатқа  көтерілу, денесінің   тепе-теңдігін  сақтау   қызметін  атқаратын  жүзбеқанаттары:

а)құйрық   жүзбеқанаты   ә)көкірек,  құйрық   жүзбеқанаты

б)екі   арқа   жүзбеқанаты     в)аналь   жүзбеқанаты

 

  1. Сазанның торсылдағының   атқаратын   қызметі:

а) жүзуін  реттеу   ә)дыбыс  толқынын  күшейтетін  резонатор  б)дыбыс  шығару

 

  1. Балықтың алға   қарай    жүзуін   реттейтін   жүзбеқанаты:

а)көкірек   жүзбеқанаты     ә)құйрық   жүзбеқанаты

б)арқа   жүзбеқанаты     в)құрсақ     жүзбе    қанаты

 

  1. Аяқтары болмағандықтан   ирелендеп  қозғалатын   жорғалаушы:

а)кесіртке   ә)тасбақа      б)жылан     в)құбылғы

 

  1. Алдыңғы аяқтары   қанатқа   айналған   омыртқалы   жануарлар:

а)балықтар    ә)құстар     б)жорғалаушылар     в)сүтқоректілер

 

 

 

 

Омыртқасыз   жәндіктер   мен    омыртқалы    жануарлардың     көбеюі.

 

  1. Амебаның көбею жолы:                                                           

а)жынысты  жолмен   ә)жыныссыз   жолмен    б)бүршіктену   арқылы

  1. Бүршіктену арқылы    көбейетін   жәндік:

а)кірпікшелі   кебісше    ә)амеба   б)жасыл   эвглена     в)гидра

  1. Жынысты жолмен    көбеюге   қатысатын   жасушалар:

а)аталық   жыныс  жасушасы    ә)аналық   жыныс   жасушасы

б)аталық    және    аналық    жыныс    жасушалары

  1. Аналық жыныс   жасушасы:     

а)жұмыртқа  жасушасы    ә)сперматозоид

  1. Аталық жыныс   жасушасы:

а)сперматозоид     ә)жұмыртқа   жасуша

  1. Ұрықтанған жұмыртқа   жасушасы:

а)гамета     ә)гермафродит      б)зигота

  1. Шұбалшаң қандай   жынысты   жәндік:

а)дара   жынысты    ә)қос  жынысты   немесе  гермафродит

  1. Жұмыртқа → дернәсіл →қуыршақ→ ересек   жәндік       дамуындағы даму сатысы:

а)шала   түрленіп   даму   сатысы    ә)толық   түрленіп   даму   сатысы

  1. Жұмыртқа →дернәсіл→ ересек жәндік  дамуындағы    даму    сатысы:

а)шала      түрленіп    даму   сатысы     ә)толық   түрленіп    даму     сатысы

  1. Толық түрленіп   дамитын   бунақденелілер:      

а)көбелек   ә)шегіртке    б)шыбын     в)тарақан

  1. Шала түрленіп    дамитын     бунақденелілер:

а) маса     ә)инелік     б)дәуіт    в)қоңыз

  1. Жорғалаушылардың көбею   жолы:

а)уылдырықтау     ә)жұмыртқалау   б)баласын тірідей туу арқылы

  1. Ширақ балапан   шығаратын     құстар:

а)тауық   ә)торғай    б)саңырау   құр    в)көгершін

  1. Қызылшақа балапан    шығаратын   құстар:         

а)үйрек     ә)бозторғай       б)бүркіт     в)қарлығаш