Ылғалды-жылулық өңдеу терминологиясы.
Өтілетін күні: 10. ХІІ. 09ж
Сыныбы: 5 «б»
Сабақтың тақырыбы: Ылғалды-жылулық өңдеу терминологиясы.
с/ж: машина тігістерін жасау
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: үтікті қолдану әдістерін үйрету, Т.Қ.Е
ә) дамытушылық: оқушылардың жұмысты орындауға икемділігін дамыту, өз бетінше қолдана білу.
б) тәрбиелік: Т.Қ.Е. сақтай білуге үйрету, ұқыптылыққа, сақтыққа тәрбиелеу
Сабақтың әдісі: баяндау, жеке үйрету, сарамандық жұмыс
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Көрнекілігі: Интерактивтік тақта, үтік түрлері, үтік үстелшесі
Пәнаралық байланыс: физика, тарих, әдебиет
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, арнайы киімдерін қадағалау
ІІ. Өткен тақырыпқа шолу
а) Сызықты диктант
ә) сұрақ-жауап
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
ІҮ. Сарамандық жұмыс
І. Қорытынды, үйге тапсырма
Сызықты диктант
Шығу тарихы
1882 жылды 16 маусымы ресми емес мереке-Үтік күні. Осы күні американдық өнертапқыш Сэли Генри электр үтігін ойлап тапты. Ол осылайша кейінгі ұрпақтың құрметіне ие болды.
Тігін жұмыстары кезінде ылғалды-жылумен өңдеу не үшін қажет?
- Матаны тегістеу
- Тігістерді жатқызу;
- Бөлшектерді созу және отырғызу;
- Желімдеу;
- Форма беру
Маталарды үтіктеу жылылығы
- Химиялық талшықтан жасалған маталар үшін болар болмас 60-900с
- Табиғи жүннен, жібектен жасалған маталар үшін орташа 100-1300с
- Мақта маталар, қалың маталар үшін қатты қыздыру керек 160-2000с
Ылғалды жылумен өңдеуге нұсқау
- Үтіктер алдында үтіктің табанын тексереді, онда күйген дақ болмауы керек;
- Су құятын қүтыда су болуын қадағалап немесе дәкені сулап дайындау керек;
- Үтіктеуге ыңғайлы орын немесе үтік үстелшесінде үтіктеу;
- Үтік қызып тұрған кезде арнайы тұғырға қою керек;
- Бұйымды оңнан солға қарай үтікте;
- Бұйымды тар жағынан кең жағына қарай үтіктейді.
Ы.Ж.Ө. жұмысында қолданылатын терминологиялар
Термин | Жұмыстың мазмұны | Қолдану орны |
Бастыра үтіктеу | Тігіспен бөлшектің қалыңдығын басу | Бұйымның етегі мен қалтаның шеткі қалыңдықтарын бастыру |
Жатқыза үтіктеу | Тігістің шетін бір жағына жатқызып, сол қалпында бекіту | Қатпарларды, өңделмеген қиықтарды бір жағына жатқыза үтіктеу |
Айыра үтіктеу | Тігісті екі жаққа жатқыза үтіктеу | Белдік пен желбіршектің тігістерін айырып үтіктеу |
Тегістеп үтіктеу | Матаның отырмауы үшін алдын ала жасалатын ылғалды-жылумен өңдеу | Матаны пішер алдында үтіктеп алу |
Бұйымды әрлеп үтіктеу | Бұйымның қыртыстарын тегістеп, ең ақырғы ылғалды-жылумен өңдеу | Дайын бұйымды үтіктеу |
Ылғалды-жылумен өңдеу жұмысында ескеретін техникалық қауіпсіздік ереже:
— үтікті электр жүйесіне қосқанда қолың су болмауы керек;
- Электр үтігінің ыстығын қолмен тексеруге болмайды;
- Үтікті электр жүйесіне қосқанға дейін үтік баусымын, үтік тұғырын тексерген жөн;
- Электр үтігін желіге қосқанда немесе ажыратқанда бау сымынан тартып шығармай, айыр корпусынан ажырату керек;
- Жұмыс орнына резеңке төсеніш төсеу;
- Үтікті бау сымының үстіне қоюға болмайды;
- Жұмыстың соңында үтікті өшіру, арнайы орнына қою.
- Үтіктелген бұйымды біраз жайып қойған дұрыс
Сергіту сәті:
Өлеңнің ұйқасын тап.
————————— тыңдаймыз,
—————————— жұмыс жасаймыз.
———————————- сабақтан,
———————————- бала боламыз
Адасқан сөздер
Бұйымның етегі мен қалтаның шеткі қалыңдықтарын бастыру | |
Қатпарларды, өңделмеген қиықтарды бір жағына жатқыза үтіктеу | |
Белдік пен желбіршектің тігістерін айырып үтіктеу | |
Матаны пішер алдында үтіктеп алу | |
Дайын бұйымды үтіктеу |
Бұйымды әрлеп үтіктеу Жатқыза үтіктеу Тегістеп үтіктеу
Айыра үтіктеу Бастыра үтіктеу
Сарамандық жұмыс:
Тақырыбы: Ылғалды –жылулық өңдеу
Машина тігістерін жасау
-үтіктеу тәсілін көрсету, жеке үйрету
-Техникалық қауіпсіздік ережесін сақтай отырып жұмыстар жасау
— Жұмбақ жасырып шешуіне мақал айту
Сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау
Үйге тапсырма: машина тігістерін орындау және ылғалды-жылумен өңдеп келу.