Қайталау операторы. Repeat операторы

Сабақтың тақырыбы: Қайталау операторы. Repeat операторы

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды циклдің түрлерімен таныстырып, оларды ұйымдастыруға қолданылатын оператордың жазылу ережесін түсіндіріп, циклдік алгоритмді программалауды үйрету. Қайталау операторы көмегімен программа құру, командаларының жазылу ретін, өрнектелуін үйрету.

Білімділік: Оқушылардың алған білімін пракутикада қолдана білу, программа құруға дағдыландыру, күнделікті реттілікке бейімдеу. Оқушылардың білімін тереңдету.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын, мәдениеттілігін дамыту. Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру.

Тәрбиелілік: Оқушыларды ұқыптылыққа, тианақтылыққа, жүйелілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты түсіндіру.

Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар: компьютер, тақта, жұмыс дәптері.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Үй тапсырмасын сұрау.
  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
  4. Сабақты бекіту.
  5. Үйге тапсырма беру.

Білім мен білікке қойылатын талаптар:

  • Циклдік алгоритмді программалау;
  • Repeat операторының қызыметі;
  • Repeat операторының синтаксистік диаграммасы қандай болады;
  • Қайталау операторы қандай міндет атқарады;
  • Ішкі, сыртқы циклдер дегеніміз не? Оларға қандай талап қойылады?

 

Жаңа түсініктер

REPEAT операторы. REPEAT қайталау операторы  WHILE операторына ұқсас, айырмашылығы – қайталану шарты цикл соңында тексеріледі, сондықтан ол кем дегенде бір рет орындалатын болады. Екінші өзгешілігі – цикл тұлғасы шарт жалған болғанда қайталанып, ол ақиқат болған кезде циклді орындау доғарылады ( while операторында керсінше болатын).

Бұл оператор  REPEAT (оқылуы: репит, қайталау болып аударылады) және UNTIL (оқылуы:антил, дейін, шейін болып аударылады) түйінді сөздерін пайдаланып орындалады. Оператор  repeat сөзінен тұратын оның тақырыбынан, цикл тұлғасынан және қайталау шартынан құрастырылады да, синтаксистік диаграммасы кескінделеді:

 

 

 

 

 

 

 

Бұл жерде операторлар REPEAT  және UNTIL сөздерінің арасына орналасатындықтан, мұнда Begin және End сөздері жазылмайды.

REPEAT операторының циклі ішінде оның орындалу шартына әсер ететін кем дегенде бір оператор болуы тиіс, әйтпесе ол шексіз қайталана беруі мүмкін. Егер қайталау кезінде цикл ішінде көшу операторы болып, ол басқаруды цикл сыртындағы операторғаберсе, онда циклдің орындалуы әрі қарай жалғаспайды.

Цикл тұлғасы болып келген опертор жай немесе құрама опертор бола береді.

Бұл оперторды да WHILE оперторын пайдаланған есептерде қолдануға болады, қай оперторды қолдану әркімнің өз еркіне байланысты шешіледі. WHILE оперторы көмегімен шығарылған есепті енді REPEAT операторымен шығарайық.

PROGRAM EYOB;

VAR n, m, x, e, y : INTEGER;

BEGIN

WRITE (‘m,n сандарын енгізіңдер:’);

REDELN (m,n);

X:=m; y:=n;

REPEAT

IF x>y THEN x:=x-y ELSE y:=y-x

UNTIL x=y; e:=x;

WRITELN (‘Ең үлкен ортақ бөлгіш=’,e);

END.

1-мысал. x=2, 2.2, 2.4, 2.6, …, 4.0 болған жағдайда y=x2
теңдеуінің мәндерін табуға арналғанпрограмма құру керек.

PROGRAM EYOB;
VAR    x, y :REAL;

BEGIN

WRITELN (‘_____________________’);

WRITELN (‘X                         Y’);

WRITELN (‘_____________________’);

x:=2.0;

REPEAT

y:=x*x;

WRITELN (‘ ’, x:4:1, ‘ ’,y:8:3);

x:=x+0.2;

UNTIL x=4;

WRITELN (‘______________’);

END.

Бұл программада  цикл х-тің мәні 4-ке тең болғанша (яғни х=4 өрнегі оқиқат болғанша) қайталанады. Нәтиже кесте түрінде беріледі.

 

Үйге  тапсырма: Оқулықтың 93-96 беттер аралығын оқу. 102 беттегі тапсырманы орнындау.

Сабақты бекіту: Программа құру біздің мақсатымыз, Repeat операторы қайталану операторының бір түрі болып табылады.

Сабақты қорыту: Repeat операторында циклден шығу шарты соңында тексеріледі, сондықтан да цикл денесі, шартқа тәуелсіз, ең аз дегенде бір рет орындалады.