« Ағашты әртүрлі тәсілмен кесуді үйрету»

Ағашты әртүрлі тәсілмен кесуді үйрету

Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Қабанбай ауылы Б.Майлин атындағы орта мектетің технология пәні мұғалімі

Увалиев Мұрат Рахымұлы

 

Сабақ жоспары /25-26 сабақ/

 

Технология  пәні.                                                            2010-2011 оқу жылы.

 

Мұғалімі: Уалиев Мұрат Рахымұлы

 

Мерзімі: 6  желтоқсан

 

Сыныбы: 6 «А»

 

І. Сабақтың тақырыбы:  Сарамандық жұмыс

                                              « Ағашты әртүрлі тәсілмен кесуді үйрету»

ІІ. Сабақтың мақсаты:жақ тәрізді арамен, қол арамен, наградкамен жұмыс

                                            істеудің сарамандық дағдысын игеру.

 

ІІІ. Сабақтың түрі: сарамандық жұмыс

 

ІV. Сабаққа керекті құрал-жабдықтар, көрнекілігі  жақ ара, қысқыш, екі сапты ара, қол ара, наградка, ағаш кесетін үстел, сүргі, үшбұрышты сызғыш, метр өлшегіш, сызғыш көлемі 200х20х1000 мм тақтай.

 

  1. Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері

 

VI.Сабақтың мазмұны мен өту барысы:

 

  1. Ұйымдастырылуы оқушыларды түгендеп, журналға белгілеу — 3 мин

 

  1. Жұмысты орындау реті:

 

  1. Ағашты кесуге арналған аспаптың әдістерімен, құрылысымен және қызметімен танысу.
  2. Ағашты талшық бойымен қөлдеңенінен кесу;
  3. Ағашты талшық бойымен тігінен кесу;
  4. Қол арамен кесу.

 

Жұмыс туралы қажетті мағлұматтар.

Кесу – ағаш материалдарын белгілі бір мөлшерге лайықты етіп дайындау.

Кесінді – дайындалған ағашқа неғұрлым дұрыс пішін мен мөлшер беру мақсатында материалдардың артық бөлшектерін алып тастау.

Аралап кесу – әртүрлі пішінде бөлшектер алу үшін ағашты аралау, ішінара тілу.

Ағаш талшығының орналасуына қарай кесуге байланысты аралаудың бірнеше тәсілі бар: а) талшық бойымен жүргізілетін бойлай тілу; ә) талшықты кесе көлдеңенінен тілу; б) талшыққа қиыстай жүргізілетін бұршытап кесу.

Өзінің құрылысына қарай қол аралары екі топқа бөлінеді керіп созылған аралар, қатты аралар. Керіп созылған аралар тобына – жақ тәрізді аралар, қатты аралар тобына – қарапайым қол аралар, екі сапты аралар жатады.

Жақ тәрізді ара дегеніміз – жақтың ағаш бөлігіне бекітілген ұзын жұқа ара. Құрылысы екі тіреуден, екі тұтқадан, тіректен, адырнадан және бұраудан тұрады.

Жақ тәрізді аралардың үш түрі болады: ірі тісті — дайындама тақталарды кесуге және көлдеңен аралауға арналған, орташа тісті – бұдыр алуға және біріктірілетін бөлшектерді тесіп жасауға қолданылады, ұсақ тісті – қисық сызықпен кесуге және әшекейлеу жұмыстарына қолданылады.

Қол ара – жалғыз тұтқалы, қатты ара. Ағашты қайта кескенде және көлдеңен бағытта мол дайындама жасау кезінде қолданылады.

 

 

 

VII. Сабақты қорытындылау:Әр оқушыға практикалық жұмыс орындату,

                                                           талқылап бағалау.

 

VIIІ. Үйге тапсырма:  §6.2.  оқулықтың 47-48 беттері

 

ІХ. Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. «Мектептегі технология» әдістемелік журнал
  2. 5 сынып Технология оқулығы