Ілмек инемен тоқудың

Жалпы білім беретін Хамидолла Наубетов атындағы орта мектеп

                                       

 

 

 

 

Тақырыбы:  Ілмек инемен тоқудың

технологиясы.

9 сынып

  

 

 

 

 

 

Пән мұғалімі:Есенғалиева Лиза

 

 

 

 

 

 

 

2011жыл

 

 

Сабақтың тақырыбы :Ілмек инемен тоқудың технологиясы.

Сабақтың мақсаты:  ілмек инемен тоқу әдіс-тәсілдерін үйрету технологиясын сызбаны түсініп, тоқи білулерін меңгерту.

Д\м жұмыс барысында оқушының шеберлігін,ой-өрісін,көркемдік талғамдарын арттырып, шығармашылық ойлау қабілетін дамыту.

т\м өз бетімен жұмыс жасауға, бір-біріне көмектесуге, әсемдікке,

ұқыптылыққа, сұлулыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі:  теориялық, баяндау,сарамандық, сұрақ-жауап.

Керекті құрал-жабдықтар: ілмек ине,әр түрлі тоқуға арналған жіптер,дайын тоқылған бұйымдар, шартты белгілер, суреттер.

Сабақтың жүрісі

1.Ұйымдастыру кезеңі.

  1. жаңа сабақты меңгерту.

Тоқу өнері- қазақ халқының ежелден келе жатқан,ең алғаш киімі мен ұй жабдығының негізі болған қадірменді өнер.тоқумен айналысқанда адам

Жеке басына аса қажетті жасау үшін  тоқымайды.осы тоқу үстіндегі түрлі

Түсті бояулар әлемінің үйлесімділігін, алуан түрлі сән үлгілерін таңдап,

Түрлі тоқу әдістерін меңгеруі адамның талғамын, шеберлігін, ой-өрісін

Жетілдіріп,көркемдікті сезіну қабілетін дамытады.

Қазіргі таңда ілмек инені пластмассадан, ағаштан, бамбуктен, сүйектен жасауға болады. Ата-бабаларымыз ілмек инені қойдың кәрі жілігінің басындағы  кішкентай бөлініп шығатын сүйегінен жасаған.Ілмек инемен тоқу өте ертеде,солтүстік африкада х11-х5 ғасырда ұзын ілмекИнемен тоқудан, одан шығыс европада,ресейде,азия елдерінде дамыған.Ата-бабаларымыз қыздарды сәндік қолданбалы өнерге баулыған.

Негізгі шалулар.

1.Тізбек (цепочка).Ілмек  ұшына бір шалу жасайды да, жіпті ілмекке орап,алғашқы шалудың ортасынан өткізіп алады.Осылайша қайталана береді.

2.Қысқаша шалу.(полу столбик).

Ілмекті тізбектегі 3 шалудың алдынан артына қарай өткізеді.Содан соң ілмекке жіпті орап, оны ілмектегі екі шалудан өткізіп алады.

3.Жай шалу (столбик без накида)

Ілмекті тізбектегі 3 шалудың алдынан кері  қарай өткізеді.Ілмекке жіпті орап

Шалып алады да, содан соң жіпті тағы орап оны ілмектегі екі шалудан өткізеді.

4.Нық шалу.(прочный столбик)

Ілмектің сабына жіпті орап алып, ілмекті тізбектің 3 шалуына алдынан артына қарай өткізеді.Ілмекке жіпті орап шалып алады да, жіпті тағыда орап,

Енді оны ілмектегі 3 шалудан өткізіп  алады.

  1. Бос жіп қосылған шалу.(столбик с накидами).

Шалудың биіктігін көтеру үшін оны бір не бірнеше бос жіпті орап,бұрынғы

Қатардағы не тізбектегі 4 шалудан өткізеді де, оған қайта жіп орап,оны ілмектегі шалумен бос жіптен 2 шалу өткізеді, жіпті тағы орап, оны да ілмек

Тегі соңғы 2 шалудан өткізеді.

Шартты белгілер.

О-тізбек(цепочка)

           -қысқаша шалу(полустолбик)

           -бос шалулы баған(столбик с накидами)

           -бекіткіш шалу(соедительный столбик)

           -екі шалулы баған(столбик с двумя накидами)

           -үш шалулы баған(столбик с тремя накидами)

 

111.Сарамандық жұмыс.Шартты белгілер бойынша тоқу әдістерін үйрену.

4.Жаңа сабақты бекіту сұрақтары.

1.Ілмек инемен тоқудың қандай түрлерін білесіңдер?

2.Тоқыманы қалай  тарылтады?

3.Ілмек инелерді неден жасайды?

1V.Сабақты қорытындылау.

V.Үйге тапсырма:Ілмек инемен  ұялы телефонға  чехол тоқу.