Темекі шегу – зиянды әдет
Тақырыбы: «Темекі шегу – зиянды әдет»
Мақсаты: Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, бағалы байлық екендігін түсіндіру. Оқушылардың зиянды заттарды қолдануға деген теріс көзқарастарын қалыптастыра отырып, темекінің ағзаға тигізетін әсері және одан туындайтын ауру түрлерін білуге тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Көрнекілігі: Жарнама плакаттары, көрініс, телевизор, компьютер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ.Мамандар кеңесі.
1.Темекінің тарихы.
Тарих пәнінің мұғалімі: С.Н. Ғаббасов
- Темекінің әсері.
Мектеп психологы: М.Г.Ешкаева
3.Темекінің зияны.
Мектеп медбикесі: Арыстанғалиева Рита
ІІІ. Көрініс.
«Темекі шегудің пайдасы»
ІV. Қорытынды.
1.Темекінің тарихы. Н.С. Ғаббасов: “ Темекі ”деген сөз Тобого деген арал атынан шыққан көрінеді. 1492 жылы 15 қазанда орталық Америка жағалауларына келген испан матростарының айтуынша, “ tobacco ” деген сөзбен жергілікті тұрғындар дәстүрлі темекі шегуге арналған үлкен кептірілген жапырақтарды атаған. 1959 жылы Португалиядағы француз елшісі Жан Нико Франция елінің ханшайымы Екатерина Медичиге үздіксіз бас ауруынан сауығуға көмектеседі деп темекінің жапырағы мен тұқымын сыйға тартады. Осыдан көп ұзамай – ақ, бүкіл Францияда темекі иіскеу сәнге айналды. Жан Никоның құрметіне өсімдік латынша “ Nicotiuna ” деген атты иеленді, ал ХІХ ғасырдың басында одан бөлінетін алколоид “ Никотин ” деп аталды.
Жүргізуші: Қазіргі кезде жас өспірімдер арасында темекі шегушілер көп. Олар неліктен шегеді? Сөз кезегін психологке берейік.
- Темекінің әсері. Темекі тарту неғұрлым кен тараған зиянды әдеттердің бірі. Ол жасөспірімдердің бойында, көбіне өздерінің “есейгендігін” көрсетіп, ересектерге еліктеуінен туады. Темекінің құрамындағы негізгі әсер етуші зат – никотиннің шамалы қоздырушы әсері. Міне сол темекі тарту әдетін қалыптастыруға себепші болады. Никотиннің мұндай қасиеті халық арасында “темекі” адамды сергітеді, оның интеллектуалдық белсенділігін арттырады” деген қате пікір тудырған. Алайда никотиннің мұндай әсері организмге зиянын тигізіп төптеп келгенде нерв жүйесін әлсіретеді. Ойланып толғанатын сәттерде кейбіреулер үздіксіз темекі тартады, бірақ көңіл күйі көтерілудің орнына, ол никотинмен барынша уланады. (Басы ауырады, таңдайы кебірсиді, ұйқысы келеді.) Темекіні тартуды көптен бері әдетке айналдырған адамдарда никотинді қажетсіну сезімі туады, яғни олар темекі тартуын қойса немесе кемітсе, көңіл қошы болмай өздерін ауыр сезінеді. Қалай болғанда да никотин және темекінің жану барысында шығатын басқа да заттар денсаулыққа зиянды әсер ететіндіктен, темекі шегуден бас тарту қажет. Темекі тартудың бастапқы кезінде – ақ тыныс алу және жүрек тамыр жүйелері қызметінің бұзылып, дене мүшелері мен ткандердің оттегімен қамтамасыз етілуінің нашарлай бастағаны (темекі артерия қанында оттегін тасымалдайтын гемоглобинге кері әсер етеді) байқалады. Темекі тартатындар жұқпалы ауруларға шалдыққыш мысалы, олардың араларында тыныс жолы ауруларымен ауратындар темекі тартпайтындарға қарағанда 4 есе жиі ұшырасады. Табиғи және өндірістік факторлардың қолайсыз әсеріне төзімсіз келеді. Темекі тарту жүрек тамыр жүйесінің тыныс алу және ас қорыту мүшелерінің ауруға шалдығу, қатерлі ісіктің пайда болу қауіпін тудырады
Жүргізуші: Әңгімеңізге рахмет! Енді осы темекінің адам ағзасына тигізер зияны қандай? Оны бізге мектебіміздің медбикесі Арыстанғалиева Рита апайларыңыз айтатын болады. (Слайд арқылы темекінің денсаулыққа зияндығын көрсетемін)
Жүргізуші: Әңгімеңізге рахмет айта отырып, сіздердің әңгімелеріңіз жасөспірімдерге ой салады, темекі шегу секілді зиянды әдеттерден аулақ болуға көмектеседі деген сенімдеміз.
Бағдарламамызды әрі қарай жалғастырайық.
ІІІ.Көрініс: «Темекі шегудің пайдасы»
Бала: Ата, мен темекі шегуді үйреніп жүрмін. Сіз қалай ойлайсыз, бұл пайдалыма?
Атасы: Темекі шегу үш жағдайда ғана пайдалы.
Бала: Айтыңызшы, қай кезде пайдалы?
Атасы: Біріншіден, кім де кім темекі шексе, ол ешқашан қартаймайды.
Бала: Қалайша, неліктен, ата?
Атасы: Себебі ол қартаюға үлгірмейді. Ол тым ерте өмірден кетеді. Екіншіден, оның үйіне ешқашанда ұры түспейді.
Бала: Не себепті?
Атасы: Себебі, кім де кім темекі шексе, түні бойы төсекте аударылып, төңкеріліп жатады да, қатты жөтелумен болады. Ұры үй иесінің жөтелін естісімен, үйді айналып кетіп қалады. Бірақ бұнымен әлі біткен жоқ, темекі шегетін адамды итте қаппайды.
Бала:Рас па?
Атасы: Рас, балам. Себебі темекі шегетін кісі ерте жарымжан болады және жүргенде таяққа сүйеніп жүреді. Ал таяғы бар адамға, балам, ең қабаған ит те жоламайды.
- Қорытынды:
Оқушыларға сұрақтар қою арқылы тәрбие сағатын қорытындылау.
- Адам өмірін қысқартатын не?
- Темекіде қандай зат улы болып саналады?
- Адамның өмірін темекі шегу әдеті қанша уақытқа қысқартады?
- Жасөспірім ағзасына темекі шегу қалай әсер етеді?
- Темекі шегуші адамның қасында болу неліктен зиянды?