«Көлік түрлері».
Семей қаласы
№25 орта мектеп
Сәбилер тобы «Бота»
Закирова Бахытгүл Райыпқызы
.
Білім аймақтары: «Қатынас», «Денсаулық», «Таным».
Бөлімі: Тіл дамыту.
Тақырыбы: «Көлік түрлері».
Мақсаты: Балалардың сөйлеу, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту мен қатар тілін, сөз қорын жетілдіру. Жан-жақты білімдерін кеңейту.Өзін-өзі көпшілік ортада мәдениетті ұстауға, әдепті, әдемі болуға үйрету. Достық пен сыйластыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Көлік түрлерінің суреттері, үн таспа, ойын элементтері (машина рулі, гараж), жол макеті.
Сөздік жұмысы: Достық – дружба, көлік – транспорт, көлік түрлері – виды транспорта, жүргізуші – водитель, бағдаршам – светофор.
Іс-әрекет кезеңдері | Мұғалімнің іс-әрекеттері | Балалардың іс-әрекеттері |
Дәлелі-себеп кезеңі | Ұйымдастыру кезеңі Амандасу рәсімі:
— Балалар сендер күннен күнге әдемі ақылды болып өсіп келесіңдер. Сендерді қоршаған барлық жақсылықты бойларына сіңіріп үлгілі Қазақстанның азаматы болып өсулерін керек.Солай ма? | Балалар хорымен, қимыл іс-әрекет арқылы көрсетеді — Сәлем саған алтын күн! — Сәлем саған көк аспан! — Сәлем саған жер ана! — Сәлем саған достарым! — Сәлеметсіздерме қонақтар!
— Иә. — Жақсылықты үйреніп, Боламыз біз жақсы адам. Жамандықтан жиреніп Үлгі аламыз жақсыдан. |
Ізденіс-ұйымдастыру кезеңі | — Балалар қазір сендермен көлік деген сөздің төнірегінде әңгіме жүргіземіз, сұрақтарға жауап беріп жұмбақтар шешеміз. — Көлік дегеніміз не? Ол адам үшін неге қажет?
— Сендер балабақшаға қандай көлік түрімен келесіңдер?
— Енді мен сендерді көліктің шығу тарихымен таныстырайын. Ертеде адамдар көлік ретінде жануарларды пайдаланған. Егер біздің қазақ халқын алса ат, түйе мінген, үндістер пілді, кейбір шығыс халықтары есек, бұқа – сиырларды көлік қылған. Суық аймақтарда иттерді шанаға жеккен, бұғыларды көлік қылған.
— Қазіргі танда бұл көліктердің маңызы төмендеді. Қазір көліктің түрлері өте көп, оларды бірнеше топқа бөлуге болады: жерде жүретін, ауада ұшатын, суда жүзетін және жер асты көліктер.Сендер оларды атап көріндер. Жұмбақ: 1. Арқасында ауыл жур, ала тайым шауып жүр. Автобуспен қайда баруға болады? ол қайда тоқтайды ? және балалар өздерін көлікте қалай ұстайды?
2. Тізбектелген көк үйлер, көшіп жүрген көп үйлер. Пойыздармен қайда баруға болады, ол қайда тоқтайды?
Логикалық ойын.(кім қай вагонға отырады?) Сергіту сәт: «Пойыз» Көліктің көбейуіне байланысты адамдар бағдаршамды ойлап тапты. Оның үш көзі бар. — Көшенің қандай жеріне өту керек? — Автобустан түскенде қандай ереженің ұмытпау керек?
Дидактикалық ойын: «Дұрыстап орналастыр»
— «Көлік» деген сөз қандай дыбыстан басталады? — Сендер «К» дыбысынан басталатын қандай сөздерді білесіндер?
— Мен сендерді қазір шұғыл оқиғаларға байланысты асығып жүретіндігіне ерекшелемейті, басқа көліктер оларды күттірмей өткізіп жібереді. Солардың бірі (көрсетемін)
Оның ішінде кімдер отырады, терезесінен не көрінеді? Неге бұл машинаны бәрі өткізеді?
— Міне тағы бір машина бәрін озып қатты дыбыс шығарып жатыр, сыртында жазуы жоқ болсада түсінен тануға болады от сияқты қызыл. Онда кімдер отырады және нелері бар? — Неге бұл машиналар тез кезексіз жүреді?
|
— Балалардың жауабы (машина, адамдарды жүктерді тасиды)
— Автобус, жеңіл машина.
— Балалар тындайды.
Автобус. Автобус алға зулайды Бағытына еш аумайды Зыр айналар дөңгелек Көлік ол бізге ен керек — Балабақшаға, үйге, базарға, ауруханаға, саябаққа т.б. — Үлкендерге орын береді, билет алады, жылауға, қатты сөйлеуге, күлуге, тамақ жеуге болмайды. — Пойыз. — Үлкен қалалрға, алыс жерлерге баруға болады. — Тепловозға қарашы Түтіні көк бүркиген Жалғыз өзі санашы Неше вагон тіркеген? 1,2,3,4,5.
Балалар ойнайды.
Сапқа тізбектеліп тұрады. — Пойыз кетіп барады Жан жағына қарады Бағдаршамда қызыл жанғанда Пойыз тоқтап қалады. (2 рет)
— Қызыл – тоқта Сары – дайындал Жасыл – жүресін — Жаяу жүрушінің өткелінен өту керек (пешеходный переход). — Автобустың арты жағынан өту қажет.
Жер беті, су және ауа көліктерін ретімен орналастырып қалташаларға салады.
«К» дыбысынан басталады.
— Кілем, кілт, кітап, кірпі, компьютер т.б.
— «Жедел-жәрдем».
— Дәрігер, медбике, зембілді көруге болады. (жедел жәрдем тақпағы) — Себебі жаны қиналған науқас адамды ауруханаға жеткізуі керек. — «Өрт сөндіргіш машина» Жылтыр каска киген өрт сөндірушілер отырады, ұзын басқыштары, үлкен шлангы оралған катушкалары болады.
Себебі үй жанып кетпес үшін, өртті тездетіп сөндіру керек. |
Рефлесия-түзету Кезеңі | Қимыл — қозғалыс ойыны: «Өз гаражынды тап». (Әуен қосылады) Балалар үйде ата-аналарын, туыстарын алыс жолға шықса бір-біріне не деп айтатының білісіндер ме? | Машинаның рулін ұстап балалар жүреді, әуен тоқтағанда рулінің түсіне сай гаражын табу керек.
«Жолың болсын!» — дейді. — Атам шықса сапарға «Жолың болсын!» — дейді апам. Апам шықса сапарға «Жолың болсын!» — дейді атам. «Жолың болсын!» — дейді олар Үлкенге де кішіге. «Жолың болсын!» — дейді олар Ұшырасқан кісіге. Осы сөзде байқадым Қуат барын, күш барын «Жолың болсын!» — айтамын, Алыс жолға шықса кім. Сау болыңыздар! — Жолдарыныз болсын!
|
Күтетін нәтиже:
Білу: көлік және көлік түрлерін ажыратуды, негізгі жолда жүру ережелерін білуі керек.
Болу: көліктердің қолданылуы және адам өміріндегі тигізетін пайдасы жайлы түсінік болуы керек.
Істей білу: жолда жүру ережелерін ұстанып, көпшілік ортада мәдениетті болуы керек. Топпен жұмыс істей білу керек.