ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ БІЛІМДІ ҰРПАҚТАРЫ

ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ  БІЛІМДІ  ҰРПАҚТАРЫ

Мақсаттары:                                                                                              

-оқушылардың білім деңгейін бақылау, білімге деген қызығушылықтарын арттыру,оқушылардың арасынан ең үздігін анықтау;

-тапқырлыққа, жылдамдыққа, тез шешім қабылдай білуге, жауапкершілікті сезіне білуге баулу.

Көрнекілігі:интерактивті тақта

Қатысқандар: 4-класс озат оқушылары

Өту барысы:

Оқушыларға ойын ережесі  таныстырылады.

І тур  « Б Ә Й Г Е »

-Тест әдісімен он сұрақ, әр сұрақтың дұрыс жауабы  10 ұпай.

1.Еліміздің  тәуелсіздік алғанына биыл неше жыл?

а)20 жыл                    в)21 жыл                      с) 19 жыл

2.Желтоқсан оқиғасы қай жылы болды?

а)1992 ж.                    в)1998 ж.                     с)1986 ж.

  1. «Қарлығаш әулие» атанған қай би?

а)Әйтеке би               в)Қазыбек би               с)Төле би

4.Тік төртбұрыш ауданының формуласы қайсысы?

а) S =а * в                   в) S= (а + в) * 2           с)S = а + в

  1. 5. Ақтөбе облысы ҚР картасының қай жағында орналасқан?

а) оңтүстік                 в) солтүстік                    с) батыс

  1. 6. «Кел, балалар, оқылық!» өлеңінің авторы кім?

а) А.Құнанбаев          в)Ы.Алтынсарин         с) А.Байтұрсынов

7.Жердің өсімдіктер өсетін құнарлы бөлігі қалай аталады?

а) топырақ                  в)құм                            с) саз

8.Сөйлем мүшелері нешеге бөлінеді?

а) 4                              в) 3                                с) 2

9.Кемелерге жол көрсетіп тұруға арналып жасалған  әлемдегі 7 кереметтің бірі?

а) Хеопс пирамидасы       в) Зевс мүсіні       с) Александрия манары

10.Қазақстан жер көлемі жөнінен дүние жүзі бойынша нешінші орында?

а)9-орында                 в)10-орында                 с)15-орында

І  турдың  қорытындысы шығарылады.

 

ІІ  тур   « Ж О Р Ғ А »

-5 сұрақтан  тұратын  6 нұсқа

-Әр оқушы өзі таңдаған нұсқаның сұрақтарына жауап береді, әр сұрақ  10 ұпай

 

ІІV
ІІV
ІІІ

 

І нұсқа:

1.Тау дегеніміз не? (Жердің биік

тұстары)

2.1 тәулікте неше сағат бар?   (24 сағат)

3.Сөз мағынасын өзгертетін қосымша?

(жұрнақ)

4. Жыра неден пайда болады? «судың

ағуынан)

5.36 қандай санның квадраты?  (6-ның)

 

ІV нұсқа:

1.Жазықтық дегеніміз не?      (құрлық

бетінің тегіс не сәл белесті алқаптары)

2.1 тоннада қанша кг бар?       (1000 кг)

3. «Досың» нешінші жақта тәуелденіп тұр?                                            (ІІ жақта)

4.Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшақалай аталады?          (жалғау)

5. Қанша материк бар?                       (6)

ІІ нұсқа:

1.Жанғыш пайдалы қазбалар?

(мұнай,газ,көмір)

2.Бірыңғай мүшелердің арасына қан-дай тыныс белгісі қойылады?       (үтір)

3.1 км-де қанша метр бар?         (1000м)

4.Түнде қай жұлдызға қарап бағытты анықтауға болады?            (Темірқазық)

5.7-нің квадраты қай сан?                 (49)

 

V нұсқа:

1.Кіші жүз биі:                          (Әйтеке)

2.81 қандай санның  квадраты? (9-дың)

3. «Көзінің шырағы жанды» қандай мағына береді?                            (қуану)

4.Картада таулар қандай түспен боялған?                                      (қоңыр)

5.Мұнай  қандай зат?

(қоймалжың,сұйық)

ІІІ нұсқа:

1.Мәтіннің қандай  түрлері  бар?

(пайымдау,әңгімелеу,сипаттау)

2.Алғашқы адамдардың пайдаланған  құралдары?                    (сүйек,тас,таяқ)

3.Нешінші? сұрағына жауап беретін сан есім?                        (реттік сан есім)

4.Түсті металдар:         (мыс, жез,қола,

аллюмений, ,т.б)

5.Тік төртбұрыштың негізгі қасиеті:

(қарама-қарсы қабырғалары тең)

VІ нұсқа:

1.Аласа таулар еліміздің қай өңірінде кездеседі?                             (Сарыарқа)

2.Сөздің одан әрі бөлінбейтін бөлігі:

(түбір)

3.Ұзындық бірліктері: (км,м,дм, см,мм)

4.«Ала жіпті аттамау»қандай мағына-ны білдіреді?                 (ұрлық істемеу)

5.Картада жазықтар қандай түспен боялған?                                      (жасыл)

 

-ІІ турдың  қорытындысы шығарылады;

-ұпайы аз  3 оқушы ойыннан шығарылып, қалған 3 оқушы ойынды жалғастырады.

 

ІІІ тур    « Д О Д А »

-Әр оқушы өзіне ұнаған  тақырыптың  ұяшығын  таңдайды;

-Таңдаған оқушы жауап бере алмаса, онда қалған екі оқушы жауап беруге болады, ұпай дұрыс жауап берген оқушыға тиесілі болады.

 

ІЕскірмейтін есті сөз10203040
ІІСалт –дәстүр10203040
ІІІТөрт  түлік10203040

 

Ескірмейтін  есті сөз,  10 ұпай

Бақ- ұзатылған қыз,

Бала- артта қалған із,

Байлық – еритін мұз.                   Шығарманың  қай түріне жатады?

20 ұпай:

«Ақ киізге  көтеру» сөзін  қалай  түсінесің?

30 ұпай:

«Атаңның  баласы  болма,  адамның  баласы  бол»  мақалдың мағынасын

қалай  түсінесің?

40 ұпай:

— Сол жақта берілген сөздердің  қайсысын  оң жақта көрсетілген санмен  бай-ланыстырғанда нақыл сөз шығады?

 

Бас

   Құлақ

 Ауыз

             Көз

 

алты

 

Салт-дәстүр,  10 ұпай:

Қандай ұлттық  салт — дәстүрлерді  білесің?

20 ұпай:

— « Тоқымқағар » дегенді  қалай түсінесің?

30 ұпай:

— « 3 рет  төс  қағыстырып,  құшақтасып  көрісу » қай кезде орындалатын

рәсім?

40 ұпай:

— « Тұсау кесу »  рәсімін  білесің  бе?

 

Төрт түлік,       10 ұпай:

« Тана » қай  түліктің  атауы?

20 ұпай:

Түйе  малының  пірі қалай аталады?

30  ұпай:

Халық  төрт  түлік  малды  неге  ерекше  қадірлеген?

40 ұпай:

-«Мал  өсірсең қой  өсір, пайдасы оның  көл-көсір»  деген мақалды