Сынып сағаты: «Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр».
Сынып сағаты: «Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр».
Мақсаты :
- 1. Оқушылардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын ояту.
2.Қазақстанның болашақ дамуына өзіндік үлес қосатын жеке тұлға екендерін ұғындыру. Оқушы бойында саналы тәртіп,сапалы білім алуға дұрыс көзқарас қалыптастыру. Қоғамның бір мүшесі ретінде адам өмірі мен жақсы тұрмыстық құндылықтарын ұғындыру, жауапкершілік сезімдерін ояту.
- Оқушылардың ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, өткен тарихқа деген қызығушылығын ояту.
Түрі: жобалық зерттеу
Әдісі: интерактивті әдіс
Көрнекіліктер: интерактивті тақта,слайд, газет-журналдар, т.б.
Мазмұны мен өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен сәлемдесу.
- Оқушыларды түгендеу.
- Жаңа оқу жылымен құттықтау.
Жоспар:
І. Ұйымдастыру. Кіріспе сөз.
ІІ. Қазақстан қандай мемлекет? (топтастыру)
ІІІ. “Ой додасы” (пікірлерін айту,жобаларын қорғату)
Қазақстан кеше,бүгін,ертең …
- Кеше (өткен тарихқа шолу)
- Бүгін
- Біз кімбіз ? (таңбалау)
- “Елдің жастарға жасауы”
- Ертең
Болашақ біздің көзімізбен (ой толғау, сурет, өлең, шығарма т.б.)
ІҮ.Даналар деген екен… Тәуелсіз ел туралы афоризмдер, даналық сөздер, мақал-мәтелдер
ІV. Түйін.
І.Кіріспе сөз
Мұғалім сөзі: Құрметті оқушылар!
Бүгінгі сынып сағатымыздың тақырыбы: «Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр».
24 сәуір күні Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр» тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық ХХ сессиясы өтті. Бұл қазақ ұлтының тарихы үшін үлкен орын алатын мереке. Кезінде тағдырдың жазуымен қасиетті қазақ даласына сан түрлі ұлт өкілдері қоныс тепкен еді. Бүгінде олар тегі басқа болғанмен теңдігі бір, қаны бөлек болғанмен жаны бір, арманы ортақ біртұтас халыққа айналды. Туған елдің туының астында бірігіп, туған жердің тұғырын биік етуге бел шешкен азаматтарды бір тағдыр күтеді. Осылай, елдігіміздің ертеңі ошақтың үш тағаны сияқты «бір халық – бір ел – бір тағдыр» деген үш сөзге сыйып тұр. Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырыс-несібесі мол болмақ.
Осыны халқымыз бек түсініп, бірлігіне бекем болды.
Ұлтына, тілі мен діліне қарамай барша этнос өкілдерінің теңдігін Ата Заңымызда айқындап алдық.
Табысқа тоқмейілсіп, тоқырап қалмай, алыс болашағымыздың темірқазығы – «Қазақстан-2050» Стратегиясын қабылдадық. Онда ең басты 7 басымдықтың бірі – Жаңа қазақстандық патриотизмнің түп қазығы ретінде ел бірлігін басты назарға алынды.
1 Оқушы: Осы жылдар ішінде Ассамблея кәмелет жасына жетіп, ұлтымыздың аса маңызды жалпыазаматтық институтына айналды.
Қазақстан – этностық жанжалдардан азат аумақ.
Экономикалық және әлеуметтік-саяси реформалар этносаралық тағаттылық пен үйлесімнің арқасында табысты жүргізілді.
Бейбітшілік пен тыныштық әр үйдің баға жетпес байлығына айналды.
Барлық он жеті миллион!
Ассамблея – тұрақтылық пен қоғамдық келісімнің сенімді, берік іргетасы.
Ассамблея тарихы – ел тарихы, халық тарихы.
2 Оқушы «Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр».
Неге біз бұлай айта аламыз?
Өйткені, «бір халық» – бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер.
«Бір ел» – бұл барлығымыз үшін ортақ Отан.
«Бір тағдыр» – бұл біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер!
Бұл біздің ортақ келешегіміз – игілікті және өсіп-өркендеген Қазақстан!
Осының барлығын қоса алғанда, Стратегияны табысты жүзеге асыру үшін қоғамның бірлігі қажет дегенді білдіреді.
Бүгінде әлемдік экономикада «белгісіздік белесі» келе жатыр.
Дамыған елдердің рейтингтері төмендеуде, рецессияның жаңа толқынын күту күшейе түсуде.
Кипрде болған жақындағы оқиғалар адамдардың игілігіне тікелей ықпал ететін қаржы тәуекелдері қаншалықты күрделі болатынын көрсетіп берді.
Бұл – алаңдатарлық дабыл.
Әлемдегі экономикалық жағдай біз мұқият бақылап отырған этномәдени ахуал трендтеріне ықпал етеді.
Қазіргі дәуірдің шешуші парадоксі әлемде бір мезгілде екі үрдіс: унификация жағына және үлкен әртүрлілік жағына іс-қимыл танытатынына барып тіреледі.
Әлем қарапайымданып емес, күрделіленіп барады.
Тек Еуропаға ғана миллион-миллиондаған мигранттар келіп жатыр.
Біреулер үшін бұл құбылыс табиғи, ал екіншілері үшін апатты көрінеді.
Барған сайын шетін риториканың дауысы қатты естілуде.
Мультикультурализмнің бұрынғы практикасы өзін тауысқаны айқындала түсуде.
Тіпті болашақта Еуропа мемлекеттерінің «өзін өзі жоятыны» туралы кітаптар пайда болуда.
3 Оқушы: Ең басты міндетіміз – еліміздегі қоғамдық келісім.
Ал ұлтаралық татулық мәселесі Ассамблеяның сан қырлы қызметінің бір парасы ғана.
Қазақстандағы қоғамдық келісім – ең алдымен қазақтың келісімі екенін мықтап есте ұстаған абзал.
Татулық пен тұрақтылық ел иесі ретінде ең алдымен қазаққа керек.
Қазақтың ынтымағы мен бірлігі мықты болмайынша, мемлекеттің тұтастық келбетін сақтау мүмкін емес.
Халқымыз «тар жерде табысқан кең жерде келіседі» демейтін бе еді?!
Ең тар замандарда қазақ құшағына алған өзге этнос өкілдері бүгінде өз бауырларымыз атанып, бізбен бір халыққа айналды.
4 Оқушы:Қазақстан 2050 жылы қандай ел болады?
2050 жылы Қазақстанның жұдырықтай жұмылған біртұтас халық, үлгілі ұлттық мемлекет болатынына мен сенімдімін.
Қоғамдық келісім біртұтас полиэтностық халық, мемлекет пен азаматтық қоғам институттары, саяси партиялар, діни конфессиялар өмірінің басты ерекшелігі болуы тиіс.
Қоғамдық келісім Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамының ереже тұтар қалыбы болуы тиіс.
Менің өз тәжірибемде талай мәрте көз жеткізген нәрсем – кез келген еңбек ұжымында өзара түсіністік пен келісім болғанда ғана табысты.
Жаңа жағдайларда Қазақстан халқы Ассамблеясының жауапкершілігі тек арта түсетін болады.
Қоғамдық келісім тиімді инновациялық экономикаға негізделеді.
Орта тап қоғамдық келісімнің діңгегіне айналады.
Қазақстанның әрбір азаматы айқын перспективалар, болашағына сенімділік, кәсіби өсу үшін барлық мүмкіндіктерге ие болады.
5 Оқушы: Екінші. Қоғамдық келісім мен әлеуметтік бастамалардың орталығы ретінде Достық үйлері жұмысының тиімділігін арттыру қажет.
6 Оқушы: Үшінші. Ассамблеяның «тігі» мен «көлбеуі» әр қазақстандыққа, әсіресе, әр жас қазақстандыққа жетуі міндет.
Жастарды Ассамблеяның қоғамдық келісім қалыптастыру жөніндегі барлық деңгейдегі шараларына тартуды қамтамасыз ету маңызды.
7 Оқушы: Төртінші. Қоғамдық келісім бүкіл халық өмірінің басты қағидаты болуы тиіс.
8 оқушы: Бесінші. Қоғамдық келісім халықаралық аспектілерге ие.
Қазақстанның этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісім моделі оның таяу және алыс шетелдердегі брендіне айналды.
Ассамблеяның саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған «Болашақ жолындағы естелік» жобасы мен Толеранттылық мәселелері жөніндегі азаматтық форумы халықаралық резонанс алды.
Жақында Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің Атқарушы хатшылығы Ассамблеямен ынтымақтастық туралы Хаттамаға қол қою бастамасын көтерді.
9 Оқушы: Алтыншы. Ассамблеяны дамытуға ЭКСПО-2017-ге дайындық қуатты серпін беруі тиіс.
Көрмеге әлемнің ондаған елдерінен, оның ішінде қазақстандық этностар шыққан елдерден делегациялар қатысады және олар өздерінің үлкен мәдени бағдарламасын әкеледі.
Ассамблея, этномәдени бірлестіктер, халық дипломатиясының жанды көпірі ретінде, көрменің этностық топтар жетістіктерінің жарқын көрінісіне айналуы үшін жағдай жасаулары керек.
Қазақстан халқы біздің меймандарымыздың қонақжай қожайынына айналуы тиіс.
ІІ.Топтастыру
Сұрақ: Қазақстан қандай мемлекет?
демократиялы зайырлы
құқықты көпұлтты
әлеуметті біртұтас
ІІІ. Ой додасы (ой пікірлерін тыңдау, жобаларын қорғату)
Қазақстан кеше,бүгін,ертең …
- Кеше (өткен тарихқа шолу)
Оқушы: Құс ұясыз болмайды адам Отансыз болмайды. Ал менің Отаным-сонау Каспийден Алтайға дейін созылып жатқан қасиетті өлке – Қазақстан. Қазақстан – тәуелсіз, азат ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті. Әсіресе ХХ ғасыр қазақ халқы үшін ауыр, қайғыға толы кезеңдерімен есте қалады. 1916 жылғы көтеріліс 1928-1932 жылдардағы аштық, Ұлы Отан соғысы, 1986 жылғы жерді дүрсілкендірген желтоқсан оқиғасы. Бұның барлығы да қазақ жеріне ауыр жара салды. Қанша қиыншылық келсе де біз оны ешқашан ұмытпаймыз, айтпаймыз. Себебі бұл – тарих.
Оқушылар Қазақстанның кешегі күніне, яғни тарихқа шолу жасайды
1.Жоңғар шапқыншылығы
2.Ашаршылық
3.Репрессия
4.Ұлы Отан соғысы
5.Желтоқсан оқиғасы
Қазақстан кеше,бүгін,ертең …
- Бүгін (бүгінгі күннің тарихына шолу)
Оқушы : Біздің туып — өскен жеріміз, еліміз – Қазақстан. Еліміз мұнайға пайдалы қазбаларға өте бай. Қазір ынтымағы жарасқан көптеген ұлттың өкілдері тұрады. Олар: орыс, татар, өзбек, неміс, түрік т.б. көп ұлттар тұрады. Ол бүгінде дүние жүзінің көптеген елдерімен достық байланыс орнатқан, бүкіл әлем таныған елге айналды. Біздің еліміздің президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бейбітшілікті нығайту жолында көп жұмыстар атқарып келеді. Еліміз ЕД, ТМД, БҰҰ ұйымдарына мүше. Қазір еліміз алдыңғы қатарлы дамыған 50 елдер қатарына қосылуға талпынып жұмыстар атқаруда. Мемлекетіміз заман талабына сай заманауи техникалар мен машиналар, өнеркәсіптер қарыштап дамып келеді. Мен осы тәуелсіз Қазақстан Республикасының азаматы болғаныма мақтанамын.
. Қазіргі таңда Қазақстан өркениетті, дамыған елдер қатарында енген мемлекет. Еліміз, тәуелсіз, дербес ел атанды. Ел өз қалауымен президентті сайлап Ата Заңымыз бен мемлекеттік рәміздерді қабылдадық. Ана тіл-қазақ тілі мемлекеттік тіл болып жарияланды. Қазақстанның астанасы – Астана қаласы. Ол күннен күнге жаңарып, жаңа белестерге көтерілуде. Осы мемлекетті одан да биіктен көрсету ұрпақтың, қазақ ұландарының қолында деп есептеймін.
- Біз кімбіз ? (таңбалау)
- Тәуелсіз елдің жастары
- Ел қорғаушы
- Өз Отанымыздың патриоты
- Заңдарын қорғайтын ұландар
- Өз жолын анықтай алатын азамат
- Адамның қадір – қасиетін құрметтеушіміз
- Әлемдік өркениетттердің тоғысқан жерінде өмір сүрген әулеттердің ұрпақтарымыз
- Ертеңгі күні ел үшін әр салада еңбек ететін еңбекқор жастармыз
- Біз бақытты, Интернет жүйесіне қол жеткізген білімге құштар жастармыз
- “Елдің жастарға жасауы”
Бала құқығын қорғау конвенция
Үштұғырлылық – заман талабы
Оқу кабинеттері жасақталуда
Мектептер,балалбақшалар саны көбеюде
Интерактивтік жүйе енгізілуде
Халықаралық “Болашақ” степендиясы тағайындалды
Жоғарғы оқу орындарын ашу
Жастар саясаты қолдау алды
Қазақстан кеше,бүгін,ертең …
- Ертең (ертеңгі күнге болжау жасау )
Тәуелсіз елім менің, Қазақстан,
Өткен жолың жалғанда ұлы дастан.
Болашағыңа қарасам көз жіберіп,
Аумайсың атылмақшы жас барыстан.
Болашақ біздің көзімізбен (ой толғау).
Қазақстан-кеше…
Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,
Жұртым менің не қиындық көрмеді!?
Жылап тұрып Аналарым бұл жолда,
Сан перзентін қара жерге жерледі.
Қазақстан-бүгін…
Бақтың құсы әр адамға қонып бір,
О Тәңірім, бізді баққа жолықтыр!!..
Бүгін, міне, Тәуелсіздік ағайын,
Әр Қазақтың жүрегі деп соғып тұр!..
Қазақстан-ертең…
Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе-тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы-құт, жері-дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.
ІV. Түйін
Қазақстан еліміз дамыған өркениетті 50 елдің арасынан орын алуымыз сіздердің ұлттық тәрбие мен тиянақты білімдеріңізге байланысты. Ертеңгі сіздер ұлтымыздың ізгі қасиеттерін, рухани құндылықтарын бойларыңа сіңіріп өз Жері мен Елін қорғай алатын ұлтжанды, мәдениетті болып өсулерің керек.
Қазір Қазақстан білім мазмұнын жаһандандыру мен ақпараттық өркениеттің талаптарына лайықтап әлемдік деңгейге көтеру үшін жұмыстануда. Мемлекет пен ата-аналарың сендердің сапалы білім алуларың үшін қолдан келгеннің бәрін істеп жатыр. Сондықтан ел алдындағы, аға ұрпақ алдындағы жауапкершілікті ұмытпайық. Қоғамымыздағы бар жаманат атаулыдан жиреніп, олармен келіспейтін болыңыздар.Жалаған әдеттен безіңіздер. Ел болашағы мына сіздердің қолдарыңызда.