Нағыз қазақ жігіті
Тақырыбы: Нағыз қазақ жігіті
Мақсаты: 1. Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен таныстыру.
- Әр баланың бойындағы қабілеттерін: ойлау, әр түрлі жағдайлардан шыға білу, өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалаыптастыру, дамыту.
- Ата салтын ардақтайтын, өз елін сүйер нағыз қазақ жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре білер ұрпақты тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: «Нағыз қазақ жігіті – 2012» тақырыбы, мақал- мәтелдер, байқауға қажетті құрал – жабдықтар, шарлар т.б.
Байқау барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
1-жүргізуші: Ж.Назерке.
— Құрметті ұстаздар, ата- аналар, оқушылар!
Қадірлі қонақтар! Бүгін бізде « Нағыз қазақ жігіті» атты бойына өршіл рухы бар, парасатты жігіттер сайысы өтпекші.
2-жүргізуші: А. Саят.
Нағыз кәусар жігітті,
Нағыз қайсар жігітті,
Нағыз бұлбұл жігітті,
Нағыз дүлдүл жігітті,
Анықтайтын кез келді!
1-жүргізуші: Ж. Назерке.
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық!
Ата жолын жалғамақ
Ел дәстүрін қолдамақ
Ел намысын қорғамақ,
Ұлдар шықсың ортаға,
Бүгін сұлтан атанбақ! Дей отырып, ортаға « Нағыз қазақ жігіті» байқауына қатысушы сайыскерлерімізді қол соғып қошеметтеп ортаға шақырайық! Қарсы алыңыздар!
2-жүргізуші: А. Саят.
« Нағыз қазақ жігіті» байқауына қатысушы сайыскерлердің ақыл- парасаты мен өнеріне, қайраты мен күшіне баға беруші қазылар алқасымен таныс болыңыздар!
1.
2.
3.
4.
1-жүргізуші: Ж. Назерке.
Қайсысы әнші, кім биші,
Талабына қарайық.
Кімдер зерек, кім жылдам,
Таланттарын табайық! – деп, өнер сүйер қауым бүгінгі сайыстың барысымен таныстырып өтейін:
- Бөлім « Тегімді менің сұрасаң…» өзің таныстыру.
- Бөлім « Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес» өнер сайысы.
III. Бөлім « Көркіне ақылы сай» салт – дәстүрге байланысты сұрақ- жауап сайысы.
- « Ердің асылы күшінен білінеді» Қол – күрес, гір тасын көтеру.
- Бөлім « Тығырыққа тірелгенде» Сайыскерлер конверт таңдап, конверттегі тапсырманы сол жерде орындау. Мысалы: Садақты тура атып тигізу.
2.Картоп аршу 3. Шалбар тігу. 4.Ілулі тұрған шарды жару. 5. Бантик тағу. 6. Автоматтын магазинің шашып жинау. 7. Пародия салу. 8. Әзіл айтып күлдіру.
2-жүргізуші: А Саят.
Ақыл- көрік бойларында жетеді,
Әлі талай сынақтардан өтеді.
Мына отырған баршанызды өзімен
Тез арада таныстырып өтеді – деп, « Тегімді менің сұрасаң…» өзін таныстыру сайысың бастайық
1-жүргізуші: Ж.Назерке Ортаға 1- сайыскерімізді шақырамыз
2-жүргізуші: А.Саят Ортаға 2- сайыскерімізді шақырамыз
1-жүргізуші: Ж.Назерке. Ортаға 3- сайыскерімізді шақырамыз
2- жүргізуші: А.Саят Ортаға 4- сайыскерімізді шақырамыз
1-жүргізуші: Ж.Назерке Ортаға 5- сайыскерімізді шақырамыз
2-жүргізуші: А.Саят Ортаға 6- сайыскерімізді шақырамыз
1-жүргізуші: Ж.Назерке Ортаға 7- сайыскерімізді шақырамыз
2-жүргізуші: А.Саят Ортаға 8- сайыскерімізді шақырамыз
1-жүргізуші: Ж.Назерке. 1-Бөлім. «Тегімді менің сұрасаң…» атты бөлім бойынша сайыскерлеріміздің бағасын сұраймыз.
2-жүргізуші: А.Саят . Парасатты ер жігіт,
Ақылымен әр іс біледі.
Өнерің барда жігіттер,
Тоқталып сірә, іркілме.
Жұрт қарасын қызығып,
« Бәрекелді!» деп шіркінге, — дей отырып, сайысымыздың «Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес»2- бөлімін бастаймыз.
1-жүргізуші: Ж.Назерке. Ортаға 1- сайыскерімізді шақырамыз.
2-жүргізуші: А.Саят Ортаға 2- сайыскерімізді шақырамыз
1-жүргізуші: Ж.Назерке. Ортаға 3- сайыскерімізді шақырамыз
2- жүргізуші: А.Саят Ортаға 4- сайыскерімізді шақырамыз
1-жүргізуші: Ж.Назерке Ортаға 5- сайыскерімізді шақырамыз
2-жүргізуші: А.Саят Ортаға 6- сайыскерімізді шақырамыз
1-жүргізуші: Ж.Назерке Ортаға 7- сайыскерімізді шақырамыз
2-жүргізуші: А.Саят Ортаға 8- сайыскерімізді шақырамыз
1-жүргізуші: Ж.Назерке . Ей жігіттер!
Сендерге артар міндет көп.
Көтер биік ата салтын құрметтеп
Ақтай білсең ата-баба үмітін
Әрбір сөзі – тәлімі мол бір мектеп.
( сайыскерлерімізге салт- дәстүрге байланысты сұрақтар қойылады )
3-Бөлім «Көркіне ақылы сай» бөлімін бастаймыз.
2-жүргізуші: А.Саят. Бірінші –сайыскерге сұрақ:
Қазақша ай аттарының аталуын ата.
Жауабы: Қаңтар,Ақпан, Наурыз, Сәуір, Мамыр, Маусым, Шілде, Тамыз, Қыркүек, Қазан, Қараша, Желтоқсан.
1-жүргізуші: Ж.Назерке. Екінші сайыскерге сұрақ:
4- түлік мал төлдерінің аталуы қандай?
Жауабы: I. Жылқы малы: Құлын, жабағы, тай, құнан неменген, бесті,тұлпар.
- Сиыр малы: Бұзау, тана, құнажын мен өгіз, бұқа.
III. Қой малы: Қозы, тоқты, Ісек, тұсақ,саулық, қошқар.
2-жүргізуші: А. Саят.Үшінші сайыскерге сұрақ:
Қазақ халқының дәстүр-салт, той-томалақтарын атап шық,
Жауабы: Бесікке салу,қырқынан шығару, тұсау кесер,сүндетке отырғызу, бет ашар, көкпар, той бастар.
1-жүргізуші: Ж.Назерке. Төртінші сайыскерге сұрақ:
Қазақ халкының тарихында қандай хандар, батырлар, билер, шешендер өткен?
Жауабы: Хандар: Абылай,Әбілхайыр, Тәуке,Жәңгір т.б.
Батырлар: Сыпатай, Қабанбай, Бөгенбай,Наурызбай, Есет,
Кенесары.
Шешендер: Жиренше, Бөлтірік т.б.
Билер: Қаз дауысты Қазбек, Төле би, Әйтеке би, т.б.
2-жүргізуші: А.Саят. Бесінші сайыскерге сұрақ:
5 асыл мен 5 дұшпанды ата.
Жауабы: Бес дұшпан мыналар: өсек,өтірік, мақтаншақ,еріншек, бекер мал шашпақ. Бес асыл мыналар: талап, еңбек, терең ой, қанағат ету, рақым жасау.
1-жүргізуші: Ж.Назерке. Алтыншы сайыскерге сұрақ:
Ұлттық ойындардың түрлерін ата.
Жауабы: Ақсүйек,асау үйрету, арқан тарту, тымпи, сақина салу т.б.
2-жүргізуші: А.Саят. Жетінші сайыскерге сұрақ:
Жігіттің үш асыл мінезін ата.
Жауабы: Туған елі мен дос жарандарына адал болу, қара қылды қақ жараған әділетті болу, қаймықпастан турасын айтар шыншыл болу.
1-жүргізуші: Ж.Назерке. Сегізінші сайыскерге сұрақ:
Аттың ер- тұрмандарына нелер жатады.
Жауабы: Жүген, ішкілік, желдік, тоқым, ер, құйысқан, өмілдірік,үзенкі Аткөрпе, тартпа,қамшы.
2-жүргізуші: А.Саят. «Көркіне ақылы сай» атты бөлім бойынша сайыскерлеріміздің бағасын сұраймыз.
Ей , ер жігіт, ер жігіт,
Ей, өр жігіт, өр жігіт.
Атына ерік бер, жігіт
Күшінді көрсет , ер жігіт! – дей отырып, сайысымыздың « Ердің асылы күшінен білінеді» атты 4 бөлімімізді бастаймыз. Бұл бөлімде жігіттеріміздің мықтылығын анықтау мақсатында « Қол күресі, Гір көтеру» сайысы өткізіледі.
1-жүргізуші: Ж.Назерке. «Ердің асылы күшінен білінеді» атты бөлім бойынша сайыскерлеріміздің бағасын сұраймыз.
2-жүргізуші: А.Саят. Мықты болсан талаптарды орында,
Келді кезек мықтыларды танытар.
Бұл сыннан да өтсең егер сүрінбей,
Жүлде сенде, қуана бер, күлімде – деп, « Тығырыққа тірелгенде» деген бөлімді бастайық.
( сайыскерлер конвертті тандап ішіндегі тапсырманы сол бойда орындайды)
1-жүргізуші: Ж.Назерке. «Тығырыққа тірелгенде» атты бөлім бойынша сайыскерлеріміздің бағасын сұраймыз.
Осымен, « Нағыз қазақ жігіті» атты өршіл рухы бар, парасатты жігіттер сайысы мәреге де жетті. Қазылар алқасы өз шешімін шығарғанша сыныбымыздың бір топ биші қыздарының « « биін тамашалаңыздар.
2-жүргізуші: А.Саят. –Құрметті өнер сүйер қауым, қадірлі қонақтар,оқушылар!
Өздерінізбен бірге қызықтап, өнерлерін тамашалаған сұлтандар сайысы да аяқталды. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне тірелер болсақ, « Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, бүгінгі сайысымыздың жеңімпазын анықтау үшін сарапшылар алқасына сөз береміз.Жеңімпаздарды номинация бойынша марапаттау.
1-жүргізуші: Ж.Назерке. – Бүгінгі сұлтандарымыздың, нағыз қазақ жігіттерінің бәрі де тамаша өнер көрсетті. Бұл олардың ертеңгі үлкен сынға қадам басқан бастауы ғана. Әрқашан сыналған шақта сүрінбей, қадамдарына нұр жаусын дейміз!
2-жүргізуші: А.Саят. – Өркендерің өссін, мейірлерін үстем болсын! Келесі кездескенше, кун нұрлы болсын!
Марапаттау:
- Бас жүлде- «Нағыз қазақ жігіті – 2012».
- «Дарынды жігіт».
- «Сегіз қырлы , бір сырлы».
- « Өнерпаз жігіт».
- «Парасатты жігіт»
- «Алғыр жігіт».
- «Шымыр жігіт».
- « Шешен жігіт»