Әліппе деген алтын жол, апарар сені алысқа
Әліппе деген алтын жол, апарар сені алысқа
1 «Ә» сынып мұғалімі: Сердалинова .Г.Х
Мақсаты: Оқуға, білімге деген сүйіспеншілігін арттырып, отансүйгіштікке
тәрбиелеу.
Оқушылардың әліппеден алған білімінің тәрбиелік мазмұнын ашу.
Оқушылардың эстетикалық талғамын ұластыра түсу.
Көрнекі құралдар: «Қош бол, сүйікті Әліппе!», «Білім кілті — Әліппе!», «Оқысаңыз балалар, Шамнан шырақ жағылар» көрнекі суреттер, шарлар, әріп белгілері.
ән: «Мектепке барамын» музыкасы ойнап тұрады.
(Ақсақал рөліндегі бала немере-оқушысын жетектеп шығады.)
Автор:
Жеті жасар баласын,
Жетпісте шал жетектеп.
Келе жатыр көшеде,
«Қайда әлгі мектеп»-деп.
Жетпіс келед сүрініп,
Жеті келед жүгіріп.
Бейнетаспа тыңдау «1-қыркүйек»
Ата:
Балам, балам, жақсы бол,
Міне, сенің мектебің.
Сабағыңа зейін сал,
Ақылды бол, тентегім.
Немере:
Қыркүйекте келдім де
Сыныпқа кірдім қуанып,
Қарсы алды ұстаз мейіріммен
Қадамымды құп алып.
Ата:Балам,зейінді бол,бүгіннен бастап оқушы атандың.
Қалқам, немеремді өзіңе тапсырдым.
Слайд шоу «4 ай өткен соң»
Мұғалім:
— Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, ата-аналар.
Бүгінгі егемендігіміз ескеріліп, тәуелсіз тұлпардай етек-жеңіміз кеңейіп,Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерей тойымен тұспа-тұс келіп отырған,бүгінгі күн сіздер үшін тағы бір той қосылмақ.Бұл той балаларыңыздың тұсаукесер тойы.
Бүгінгі шәкірттердің алғаш қолдарына алған оқулығы — әліппемен қош айтысар кезі келді. Білім әлемінің беташары — Әліппені табысты аяқтауымен құттықтаймын.
Ортаға сүйікті оқулығы әліппемен қоштасқалы тұрған 1»Ә» сыныбының шәкірттерін шақырайық.
1-жүргізуші:
Ассалаумағалейкум, уа, халайық!
Армысыздар, аналар,
Бармысыздар, балалар,
Сөзіме құлақ салыңыз,
Бір серпіліп қалыңыз.
Әліппеге арналмақ,
Бүгінгі жыр,әніміз!
2- жүргізуші:
Өтті оқу сан сабақ,
Бүгін үлкен салтанат.
Оқулықпен достаспақ,
Әліппемен қоштаспақ.
Өсті білім, ойымыз,
Құтты болсын тойымыз!
1-жүргізуші:
Қымбатты балалар!
Біз кітап пен журналдарды оқи алатын болдық. Бұл білімді бізге не үйретті?
Бірге: Әліппе досымыз!
2- жүргізуші:
Иә, ендеше сүйікті әліппемізді ортаға шақырайық. (Әліппе келеді) Әліппе 3 рет
-Сәлеметсіздер ме, балалар!
Бірге: Қош келдіңіз, Әліппе!
Әліппе:Армысыңдар, жас достар!
Армысыңдар, ата-ана!
Болашаққа жол ашар,
Әліппе келді ортаға.
Білім деген ғаламның,
Әліппесін меңгерген.
Келешегі қазақтың,
Басталады сендерден.
Жақсы білім-көрімдік,
Болсын сізге халайық.
Не үйрендік, не білдік,
Қане, ортаға салайық!
1-оқушы:
Әліппем, менің әліппем,
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.
2-оқушы:
Келгенде алғаш мектепке,
Білмеуші едік әріп те,
Оқимыз қазір ертек те,
Үйреткен оны Әліппе.
3-оқушы:
Енді біз жаза білеміз,
Әріпті қосып әріпке
Риза боп саған жүреміз,
Сүйікті біздің, Әліппе!
ән: «Әліппе» (АНА, БАЛА, ОТАН шарға жазылған сөздерді жоғары көтеру)
1-жүргізуші:
Енді ортаға әріптерді шақырайық.
1-оқушы:
Қ әрпінен құралған
Бас-аяғы қазақтың,
Жарылқасын бір Аллам!
2-оқушы:
Алатаудай айбарлы,
Астанам аты – Астана.
Ақтауым – ару жас қалам,
Жасай берсін Азат күн!
Мына менен басталған.
3-оқушы:
Зергерлікті кім білер,
Балқытады күмісті.
Сақинаны, сырғаны,
Күміс сымнан тартады.
4-оқушы:
Ата-ананың тілегі –
Адам болып өскенің.
Адамдықтың тірегі-
Адал болып өскенің.
5-оқушы:
Қиындықтан қорықпа,
Қаймығып еш торықпа.
6-оқушы:
Сара сауды сиырды,
Сексеуілді сындырды.
Сазан балық қырда,
Сан шаруаны тындырды.
7-оқушы:
Таңнан тұрып тай мініп,
Тауда тазы жүгірттім.
Таңқурай жеп, сай қуып,
Таңдайымды жібіттім.
8-оқушы:
Астана –астанам,
Астана – бас қалам.
Ардақтап атыңды,
Аузымнан тастаман.
9-оқушы:
Наркөз бота үнемі,
Нарға ілесіп жүреді.
Нағыз еңбек кепілі,
Нан – тіршілік тірегі.
10-оқушы:
Бірқазан мен Бөдене,
Байқамады дәнеңе
Бүркіт аңдып екеуін
Бастамақ бір пәлені.
11-оқушы:
Оспан да өлең жаттады,
Олжас та өлең жаттады.
Мына менен басталған
Екеуінің аттары.
12-оқушы:
Лайым ұлы іс болсын,
Лайықты шәкірт болсын.
Лұқпан, Хакімдей боп,
Лайым қыдыр қонсын.
13-оқушы:
Асыл сөзді іздесең
Абайды оқы, ерінбе,
Адамдықты көздесең,
Жад тоқып ал көңілге.
14-оқушы:
Шілде күні керемет
Шабындыққа келе кет.
Шалғышылар-ағалар
Шөмеледе балалар.
15-оқушы:
Азаматпын жатпаймын
Алма ағашты баптаймын.
Астанада тұратын
Ағама алма сақтаймын.
16-оқушы:
Ғимарат көп қаламда,
Ғаламат көп ғаламда
Ғылым қуып жалықпай
Ғалым болам қалайда.
17-оқушы:
Ырыс алды –ынтымақ,
Ырысты болсын еліміз.
Ықыласы зор іске
Бала болып өсеміз.
Әріп таңбаларынан қалпақ киген оқушылар тізіліп тұрады.
1-жүргізуші:
Балалар, мына әріптерде бір сыр бар тәрізді, қане кім байқады?
—Қазақстан болашағы. «Біз»
Хор: «Достық»
Ән: «Радуга» Бут Анна.
Мұғалім: Әр жігіттің үш жұрты бар.Әліппенің де үш жұрты бар.
1.Өз жұрты: Дауысты дыбыстар
2.Нағашы жұрты:Дауыссыз дыбыстар
3.Қайың жұрты: ь ъ белгілері.
Ата-анамен жұмыс
Ойын:«Егер мен болсам»
Би:«Микки Маус» бір топ қыздар.
1-оқушы:
Алфавиттің А тұрады басында,
Әрқашанда Ә тұрады қасында.
Байқадың ба, Б тұрады үшінші,
Ал осының сыры неде түсінші.
2-оқушы:
А- деген ол аналар ғой ардақты,
Ә — деген ол әкелер ғой салмақты.
Б – деген ол балалар ғой әдемі
Алшақ кетпей сондықтан да расында,
Тұрады олар алфавиттің басында.
2-жүргізуші:
Балалар, айтыңдаршы, қазақ балаларына алғаш әліппені жазған кім?
Бірге: Ыбырай Алтынсарин.
-Ыбырай аталарынның қандай өлеңдерін жатқа білесіңдер?
«Кел,балалар,оқылық!»
1-жүргізуші:
Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға басқа кітап аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты болып шықты, міне балаңыз.
Әліппе:
Ризамын балалар,
Меңгердің, болмадың босқа тер.
Ана тілі атты әпкем бар
Сендерді жетелеп әкетер.
Ортаға ана тілі келеді.
Ана тілі:
Сәлеметсіздер ме, балалар?
Бірге:
Қош келдіңіз, Ана тілі.
Ана тілі:
Сөйлетер сөзді шеберлеп,
Өзіңнің ана тіліңмін.
Байыптап жақсы оқысаң,
Негізі менде білімнің.
Ана тілің – құралың,
Ана тілің – ұраның
Ана тілің болмаса,
Мықты болмас тұрағың.
Мұғалім:
Ата-бабамыз ежелден 3 нәрсені бой тұмардай қасиет тұтып, қадірлеп өткен. Ол –ел, жер және тіл. Ана тілі-әр халықтың төл белгісі.
Адам білімді, тәлім-тәрбиені –тіл арқылы үйренеді.Ана тілі деп атаудың себебі – анасындай қастерлесін дегені. Өз анасын сыйлайтын әр адам өз тілін де құрмет тұтып жүреді.
Аяулы жыр-әніміз
Аялайтын бәріміз.
Алу үшін сана-білім
Ардақтаймыз ана тілін.
Ән:«Ойлан,тап» Сейтенова Ж. Аркешев Д.
3-оқушы:
Ақыл-ойын даланың,
Ана тілден аламын.
Ана тілім ардақты,
Ақ сүтіндей анамның.
4-оқушы:
-Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
Әліппе:
Оқуда зейінді болыңдар,
Еңбекке бейімді болыңдар.
Кір шалмасын қабақты,
Ақ жол болсын балалар.
Оқығандарың есте болсын
Күнделіктерің беске толсын.
-Ал балалар сау болыңдар!
-Қош болыңыз (Бәрі бірге)
2-жүргізуші:
Балалар, сендер аз ғана уақыттың ішінде көп нәрсені – оқуды, жазуды, есептеуді меңгердіңдер. Осының бәрін кім үйретті?
Бірге: Мектеп, әліппе, ұстаз, ата-ана.
Ән: Атам,әжем. Сарсен Алдияр. Қонысбек Нұрсәулем.
5-оқушы:
Әліппе, даңғыл жол ашты,
Жаңа пәнмен жалғасты.
Әліппе сырын ұқтырған
Рақмет, ұстаз алғашқы.
6-оқушы:
Біз енді Әліппемен қоштасамыз,
Жолына гүлмен қоса жыр шашамыз.
Білімнің бұлағынан сусындауға,
Көптеген кітаптармен достасамыз.
Хор: «Туған ел»
1-жүргізуші:
Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға басқа кітап аламыз.
Ата-ана, қуанышқа ортақ бол
Сауатты боп шықты міне балаңыз.
Бата тілек ( Сарсен папасы )
Әліппенің бетін жарық ет,
Ұл-қызды түгел білімді ет.
Келесі оқу жылына,
Аман-есен түгел жет!
«5» болсын алар бағамыз,
Біліммен бақыт табамыз,
Өнер-білім көп оқып.
Өсе берсін санамыз!
Әумин!
2-жүргізуші:
Бүгінгі кеш әр үйдің « Той басы» деп саналар.
Балалардың есімі әулеттерге таралар.
Ырым етіп сондықтан ертеңгілік соңында,
Ақ тілекпен баршаға тілек айтар қонақтар.
Шашу шашу.(ата-ана)
Мұғалім: Бүгінгі «Тілашар» тойымызға келіп отырған №11 орта мектебінің
Директоры:Жағалбай Нурулдаұлына сөз беріледі.
Оқу ісінің орынбасары: Рая Даулетқызына беріледі.
Ата-аналарға сөз беріледі.
Бүгінгі тойымызды «Той бастар» әнімен аяқтаймыз. Тойымыз тойға ұлассын!
Құрметті ата-аналар,ұстаздар,оқушылар бүгінгі біздің «Әліппе деген алтын жол, апарар сені алысқа» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз..