Берекелі күз, мерекелі күз
Берекелі күз, мерекелі күз
Зал безендірілген. Күз, еңбек туралы өлең, мақал-мәтелдер, ұлағатты сөздер. Көрме «Күз сыйлықтары»
Бастаушы:
Өрік, алма
Шие, алма
Жидек, жүзім піседі.
Қауын, қарбыз
Қияр, сәбіз
Қоймаларға түседі.
Айтыңдаршы, балалар,
Бұл қай кезде болады? (күз)
Оқушы:
Күздің сыйын алайық,
Қызығына қанайық
Күзге арнап бәрәмәз,
Әнімізді сыйлайық.
Ән «Күз келді».
1- оқушы. Қуандырып біздерді,
Берекелі күз келді.
Мерекелі күз келді.
2-оқушы. Көбейді құт-береке,
Астық толы қоймамыз.
Құтты болсын мереке,
«Алтын күзді» тойлаймыз.
3-оқушы Қыркүйек кеп, күз келіп,
Шопан көшті күздеуге.
Мектепке бет түзедік.
Гүл құшақтап біздер де.
4-оқушы. Өнім үйіп тастадың,
Оқуды да бастадың
Берекелі алтын күз,
Ашық болсын аспаның.
Күз: Рақмет! Ал балалар, неге мені «Алтын күз» деп айтады?
5-оқушы Қауын-қарбыз жемістермен,
Толтырамыз қол себетті.
Алтын күз деп аталады.
Күз айы да сол себепті.
6-оқушы Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан-алуан жапырақ,
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады атырап,
Мұны көріп қалай күзді
Теңемейміз сары алтынға?
7-оқушы Қараңдаршы қандай сұлу?
Бидай басқан кең дала.
А лтын жайып тастағандай,
Біздің дала бай дала
Мұны көріп қалай күзді
Теңемейміз сары алтынға?
Күз: Рақмет, балалар. Олай болса, кім күз айларын айтады?
Ойын: Жапырақтарға жазылған 12 ай ішінен күз айларын кім тез жинайды?
Бастаушы:
Ал, балалар, балалар,
Күзді енді тыңдаңдар,
Қандай жұмбақ айтса да,
Шешпей оны қоймаңдар.
Күз жұмбақтар айтады.
- Енді бидайға сөз берейік.
8-оқушы Бидай басы ақ дән
Берген жерге бал тұнған.
Ақ нанын берген Отанға,
Айналдым іскер халқымнан.
9-оқушы. Желкілдейді желменен,
Жерді егін тербеген.
Өсірді оны диқандар,
Тамшылаған терменен.
Көрініс: «Ас атасы- нан».
10-оқушы Егінді баптап өсірген,
Диқан ісі мәрт қандай
Тың жер бүгін түрленді
Тұр жайқалып ақ бидай.
11-оқушы Нан иесі қандай
Пісірілген жаңада.
Дәмі де балдай,
Жүректен ыстық таба нан.
12-оқушы Азамат бүкіл
Ардақтап нанды сақтасын.
Ешқашан түйірі жерде жатпасын.
13-оқушы Күз жомарт дейміз біз
Не деген дәмді көкөністер,
Не деген тәтті жемістер.
Жемісті жесең кемістер.
Болмайды сенің бойыңда
Болсыншы осы ойыңда.
14-оқушы. Мен алмамын, алмамын,
Таңдай тұшар бал дәмін
Дастарқанға көрік беріп,
Келтіремін бар сәнін.
15-оқушы. Мен өрікпін, өрікпін,
Табиғатқа көрікпін.
Сүйіктімін сәбилерге.
Айтпасам да бөліп тым.
16-оқушы. Шиемін мен, шиемін,
Күннің көзін сүйемін.
Бала келсе қасыма.
Басымды мен иемін.
Ойын: «Жеміс- жидек жеу.»
Күз сыйлықтары көрмесіндегі жидектер.
Қорытынды.