Құрақ түрлері
с
Бертлеуова Айнагүл Қансейітқызы
Ә.Жангелдин атындағы орта мектептің технология пәні мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Құрақ түрлері (жұлдызша, сегізжапырақ, толық т.б.)
Сабақтың мақсаты:
- Құрақтың басқа түрлерімен таныстырмастан бұрын өздері білетін құрақтары туралы әңгімелету. Қол өнердің бірі құрақ құрау өнерінің қажеттілігін ұғындыру
- Ата-баба мұрасы, құрақ өнерін қолымен жасатып, іс-тәжірибе арқылы бойына қалыптастыру.
- Қазақ халқының өнеге өнер үлгілерін қастерлейтін ұрпақ тәрбиелеу.
Сабақ жабдығы: құрақ түрлері, альбомдар, нұсқау карталар, дайын бұйымдар.
Сабақ типі: Іскерлік дағдыларды жетілдіру, өткенді қайталау
Сабақ түрі: Аралас
Сабақтың өту әдісі:Сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрсету, сарамандық.
Сабақтың барысы:
- Үй тапсырмасын тексеру
- Құрақ дегеніміз не? (қол өнердің ежелгі мұрасы болып келген сәндік қолданбалы ұйымдардың бірі құрақ деп аталады)
- Құрақтың қандай мағынасы бар?
- Құрақ мата қиындыларынан жасалатын бұйым
- Құрақ көл жағасында өсетін өсімдік.
- Құрақтың қандай түрлерін білесіңдер? (шаршы құрақ, ши, доп, мүйіз, сегіз жапырақ т.б.)
Жаңа сабақ:
- Актуалдау
- Құрақ өнерінің қандай түрлерімен таныстық?
- Сол құрақтар қандай құрақтар еді?
Міне балалар, сіздер сәндік қолданбалы өнердің бірі құрақ құрау өнерімен танысып, бірнеше құрақ түрлерін құрап үйрендіңдер.
Сол құрақтың бірнеше түрін сіздерге тағы көрсеткелі отырмын.
- Сарамандық жұмыс:
- Құрақ түролері салынған парақшаларды, альбомдарды балаларға ұсыну.
- Дәптермен жұмыс. Қалаған құрақ түрлерін дәптерлеріне сызып, бояп салу.
- Оқушылар жұмысын тексеріп, талдау, оқушылар пікірін тыңдау.
- Құрақ бөліктерін біріктіру барысында «Қауіпсіздік ережесін еске түсіру».
Ине және қайшымен жұмыс жасау барысында
Дамтыу: Халықтың ұлт екенін айыратын негізгі өнер түрлері тіл өнері, қолөне және саз өнері. Құрақ әр түрлі геометриялық фигураладардан тұрады. Құрақ құрау эстетикалық талғамды қажет етеді. Міне құрақ құрау өнері бір-бірімен қайталанбайтындығымен ерекшеленеді. Өнерлінің өнерін үйрену үшін таудай талап, үлкен ізденіс қажет.
Бекіту: Аукйион ойыны арқылы. Аукйионға қойылатын заттар. Оқушылар (дайындап болған) құрап болған көрпешелер.
- Ши құрақ көрпеше. Сұрағы. Қазіргі кезде құрақ түрлерін қалай пайдаланамыз? (сәндік үшін жиһаздар бетіне жабу үшін, диван, орындық, кресло)
- Доп құрақ көрпеше: сұрағы. Құрақтан тағы қандай бұйымдар жасауға болады? (қолдорба, аяққап, сандық жапқыш)
- Құрақ өнерінен басқа, қазақ халқының қандай өнерін білесің? (кестелеу, моншақтау, ою-өрнек бастыру, киіз басу, алаша тоқу)
- «Құрақшы» деп кімдерді айтамыз?
Қорытынды: Міне балалар осы құрақ түрлерін құрай отырып, көңілдеріңізге қандай ой түйдік? (Халық өнеріне, салт-дәстүріне адал болу, қастерлеу, өнеге, үлгі тұту). Адамның өзін-һзі тәрбиелеу мәселесінің бірі-мамандық таңдау. Апа-әжелеріміздің негізгі кәсібі құрақ құраумен айналысу. Құрақ көрпелер қыз жасауының ең сәндік\ бұйымы болған. Әжелеріміз айтып кеткендей «Қыз балаға жасауды алты жастан жинасаң-асады, жеті жастан жнасаң-жетеді» деген. Сондықтан балалар құрақ құрау өнерін ерінбей үреніңіздер. Құрақ құрау өзіндік сыры бар-үлкен өнер.
Халқымның мұрасы боп-құрақ құрау.
Ғасырлардан қалыспай бізге жеткен.
Бағалау:
Үйге тапсырма: Жұмыстарын аяқтау