Тыңға 60 жыл
Тақырыбы : Тыңға 60 жыл
Мақсаты: 1.Еліміздің тарихын білу,Елімізді, жерімізді сүюге тәрбиелеу
- Оқушылардың өнерлерін ортаға салу.
- Көпшілік арасында өзін-өзі ұстай білуге тәрбиелеу.
Жоспар:
І. Тың тарихынан. 1954ж. Март Пленумі
ІІ .Әдеби-музыкалық монтаж.
а/ өлеңдер
ә/ қойылымдар
б/мақал-мәтелдер сайысы
г/ жұмбақтар шешу
г/ сурет байқауы
д/ «Жер-Ана» тақырыбына шығарма байқауы
ІІІ. Мәңгілік Ел — ата-бабаларымыздың асыл арманы.
а/ ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жолдауынан мәлімет
ә/ Қазақстан -2050 стратегиясын жүзеге асыру .
Көрнекіліктер: Презентация, ҚР картасы, газет, журналдар, кітап көрмесі.
І. Тың тарихынан. 1954ж. Март Пленумі
ТЫҢ- ғасырлар бойы түрен тимеген, бірақ жайылым ретінде пайдалынған жерлер.
Тыңайған жерлер – ұзақ уақыт жыртылмаған егістіктер.
Ауыл шаруашылығын дамытуға, Отанымыздың экономикалық күш-қуатын арттыруға 1954жылы Февраль-Март Пленумның шешімі бойынша тың және тың игеру аграрлық саясатынан шешім қабылдады.
Тың игеру ауыл шаруашылығы өндірісін жедел дамытуға жағдай жасады. 1954-1984 ж. арасында Республика мемлекетке 348 млн.т. астық,30 млн.т. ет, 47,8 млн.т. сүт сатты.
Тың игеру науқаны Республикамыздың Солтүстік облыстарында өтті. Қостанай, Көкшетау, Целиноград, Павлодар, Торғай және Солтүстік Қазақстан облыстарында егін шаруашылығын механикаландыру, электрлендіру деңгейі өсті .
Көкшетау обл.- 2 734 000 га., СҚО- 1 330 000 га., Республика бойынша:25 484 000 га жер игерілді.
Осы кезден бастап әйелдер қауымы жаңа кәсіп иелері бола бастады. Олар трактор, комбайын жүргізуге үйренеді.
Әйгілі елге Кәмшат Дөненбаева – Қостанай обл., 15.09.1943 ж. дүние-ге келген.Ауыл шаруашылық техникумын бітірген. 1961 жылдан бастап Харьковский совхозында тракторшы болып істейді. 1975 ж. – Социалистік Еңбек Ері,1976 ж. – мемлекеттік сыйлық иегері және Ленин орденімен 2 рет марапатталған.
- Құрметті оқушылар ! 1954 жылдан бастан Қазақстанға жан-жақтан жұмысқа жастар келе бастады . Сол кезден бастап біздің елімізде басқа ұлт азамматары келіп , үйленіп , осында өмір сүріп қалды . Көптеген ауылдар (совхоз, колхоздар) пайда болды. Олар өз келген мекн-жайларынын атарын қоя бастады: Херсон , Чернигов, Донской т.с.с.
Тың игерудің ең басты мақсаты- астық . «Нан болса ,ән де болады»- деп тегін айтпаған халық .
ІІ. Әдеби-музыкалық монтаж.
1.Жары шыққан қауызын,
Дән-өмірлік азығын.
Жегеніңде ақ нанды,
Нәрге толар ауызың.
2.Ерте тұрыпақ таңнан,
Қара жерге нәр құйған.
Айналайын диқаннан,
Егін егіп, дән жинаған.
3.Бір кезде болып нанға зар,
Қадірін білген адамдар,
Әулие тұтып нанды ұстап,
«Нан ұрсын» де қарғанар.
4.Нан-ардақты, адал ас,
Кәрі, жас онан аттамас.
Ақ дастархан үстінде,
Қол жумай оны ұстамас.
- Нандай жоқ қой асыл дәм,
Жеп үйренген жасыңнан,
Дастарханнан нан кетсе,
Береке кетер асыңнан.
6.Ей, балалар, балалар!
Болмаңдар,сірә, нанға тар.
Өмірдің алтын арқауы,
Бір қасиет нанда бар!
7.Нан қиқымын шашпаңдар!
Жерде жатса, баспаңдар!
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.
8.Наубай жұмыс істейді,
Жатқаныңда ұйқтап.
Ақ қалпағы түспейді
Баса қиген мыиықтап.
9.Көрсең жұмыс үстінде,
Қашан даол бабыңда.
Көңіліңдей піскенде
Көтерілер наны да!
10.Лебі бетті шарпыған
Пеш отына қақталып,
Нан боп исі аңқыған
Ашы тері ақталып.
11.Ең қадірлі елдегі
Наубай –нанның патшасы!
Әр азамат еңбегі
Көпке солай жақсайшы!
12.Қасыңда дәу бөлкең,
Күрең тоқаш, ақ қалаш …
Нан –ырзықтың үлкені,
Адамзатқа жаққан ас!
- Кейбір балалар нанды тойғанынша жеп, қалғанын лақтырып тастайды. Бұл дұрыс емес. Нан еңбекпен табылады. Дикандар көктемде жерге тұқым себеді. Одан егін өніп шығады, оны жаз бойы күтіп-баптайды. Күзде астықты комбайынмен орып алады. Жүргізушілер машинамен астық қабылдау орындарына жеткізеді. Бидайдан ұн дайындайды. Ұннан неше түрлі нан пісіреді. Мұның бәрі- адамдардың еңбегі. Нан – адамның өмірі. Сондықтан да оны қадірлеуіміз керек.
Угай-ай. (халық әні) орындайды оқушылар тобы .
Қуыршақтар театры.
а/Қайдан келдің, бауырсак?
Дастарханда шашылып,
Жатты аппақ бауырсақ.
Бауырсаққа қызығып,
Қарап тұрып көзін ап:
— Қайдан келдің, бауырсак?- деп сұрады қуыршақ.
-Дүкеннен келдім нан сатқан,- деді оған бауырсақ.
-Дүкенге келдің қай жақтан?
— Наубайдан келдім нан жапқан.
-Наубайға келдің қай жақтан?
— Диірменнен келдім ұн тартқан.
— Диірменге келдің қай жақтан?
— Даладан келдім кең жатқан.
Жер-анам менің көсілген.
Дикандар мені өсірген.
ә/ Бидай мен қаңбақ. (мысал) А.Тоқмағанбетов
Өзі қаңбақ болсын,
Онда қандай салмақ болсын!
Тұрақтай алмай тегістікке,
Тіреледі бір күні егістікке.
Дауыспен былай тіл қатты:
- Сен осы Бидаймысың?
- Бидаймвын.
- Ақыл айтсам, тыңдаймысың?
- Тыңдаймын!
- Осы қай тұрысың?
Жүрмейсің , көрмейсің, кезбейсің,
Не бар, не жоқты да сезбейсің.
Көктем шығып,
Күз болса бұғып,
Бастарың салбырап,
Тұрғандарың маужырап…
- Ей, Қаңбақ!-деп бидай,
Осы қай жүрісің?
Белгілі тұрағың жоқ,
Бас түгел құлағың жоқ.
«Уф» десе, ұшасың
«Суф» десе, қонасың.
Қаңғырған Қаңбақсың,
Кімге тұлға болмақсың?
Күні мен түні
Ұшарыңды жел біліп,
Қонарыңды сай біліп,
Сайран салып жүргенің …
Ал біздің жинағанымыз дән,
Айналамыз толған ән…
Абырой да, даңқ та,
Ерлік те, жеңіс те-
Барлығы осы егісте…-
Бидайдың сөзі осымен бітті,
Қаңбақ жөніне зытты.
Дұрысын айтқан Бидай ма, Қаңбақ а?
Оны өздерің салмақта…
Нан қайдан шығады? (сахналық көрініс)
Нан қайдан шығады? (Ертегі)
Бір күні Тышқан нан дүкеніне кіреді. Сөреде жаңа піскен сап – сары бөлкелер үйіліп тұр екен. Піскен нан исіне қызыққан Тышқан тұмсығын жыбыр – жыбыр тартты. Төмендегі бір бөлкені кеміре бастады. Осы кезде күзетші келіп қалды. Тышқан зып беріп, тысқа атып шықты. Бірақ алысқа ұзамады. «Апырай, қайдан шықты екен осыншама нан. Біліп алып, шыққан жеріне кірсем, ә!» — деп қызығып кетті. Тышқан тесіктен сақтана сығалады.
— Нан, нан сен қайдан шықтың? – деді сыбырлады.
— Сатушыдан сұра, — деді Нан
— Сатушы, сатушы, нан қайдан шығады?
— Наубайшыдан сұра, — деді.
Тышқан тымпыңдап наубайханаға келді. Диірмен тасы тынымсыз шыр көбелек айналды.
Екі адам ұн тартып тұр. Ұн төгіліп аққан бұлақша құйылып жатыр. Көзді ашып жұмғанша қап – қап ұн дайын болады. Тышқан иненің көзіндей танауын тыржитып, таңдана қарап тұрды да:
— Диірменші, диірменші, нан қайдан шығады? – деп сұрады.
— Комбайыншыдан сұра, — деді қырманшы қарт.
Тышқан далада егін орып жатқан комбайыншыға келеді. Қалың егін теңіздей толқиды. Комбайн тоқтар емес, ілгерілеп барады. Сабанын бір бөлек, топанын бір бөлек шығарып тастады. Торсықтай ақ бидайды астауына құйып алып барады. Тышқан шіңкілдеп:
— Комбайыншы, комбайншы, нан қайдан шығады? – деп сұрады.
— Көктемде тракторшы жер жыртып, сеялкашы тұқым себеді. Егіншілер оны күтіп баптайды. Көп еңбек сіңіреді. Міне, мынау қалың астық – сол көп еңбектің жемісі. Нан еңбек арқылы табылады, — дейді комбайыншы.
— Ой, мұның — азап қой. Мен шалқайып жатып – ақ нан таба беремін, — деп қутың – қутың етті Тышқан.
— Әне мысық келе жатыр, — деді комбайыншы. Сол – ақ екен Тышқан бір ескі інге зып берді.
Мақал-мәтелдер сайысы.
1.Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.
- Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.
3.Ас атасы – нан, нан атасы – дән.
4.Нан болса ән де болады .
- Еңбек түбі береке
6.Ердің атын еңбек шығарады.
7.Адам жерге нәр береді, жер адамға нан береді.
Жұмбақтар шешу.
1.Жезге ұқсас сабағы, дәні халық тамағы. /бидай/
- Сабан той бастап, салды бір әнді. Сабанды тастап, сапырады дәнді. /комбайн/
3.Жазда семіз, қыста арық. /жер/
- Ас төресі киелі, бәрі ауыз тиеді. / 7 шелпек/
- Жазда сақалы бар, қыста көсе болып қалады./ жер/
- От басынан қолы тимейді, от тістесе де, ерні күймейді./ шымшуыр/
- Қаншама тер төгесің, сонша дән тересің. / бидай/
- Айтып жүрген әні бар, әннің не мәні бар?/жел/
- Домалақ тас, ортасы піскен ас. /нан/
Сурет , шығарма байқауы. Оқушылар үйде салып келген суреттерін қорғайды және шығармаларын оқиды. Қонаққа келген мұғалімдер ең жақсысын атап, оларға сынып жетекшісі әзірлеген сыйлықтарды береді.
ІІІ. Мәңгілік Ел — ата-бабаларымыздың асыл арманы.
а/. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауымен таныстыру .
Негізгі мақсат 30 дамыған мемлекеттер қатарына кіру .
Қорыта айтқанда:
Біз бәріміз бір атаның – қазақ халқының ұлымыз.
Бәріміздің де туған жеріміз біреу – ол қасиетті қазақ даласы.
- Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол –тәуелсіз Қазақстан.
- Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді«Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық.
ә/. 17 қаңтар 2014 жылы ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы «Бір мақсат.Бір мүдде. Бір болашақ»
«Қазақстан 2050» — Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол. Осы жолдан айнымайық, сүйікті халқым! Әрбір күніміз мерекелі, әрбір ісіміз берекелі болсын! Дамуымыз жедел, келешегіміз кемел болсын! Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып, Жасай берсін, Елдігіміз Мәңгілік!
-Құрметті оқушылар осы Жолдау және Стратегиямыз орындалуы үшін сендер қандай үлес қосасыңыздар? (оқушылардың жауабы)
— Біздің ауылымыз көркею үшін болашақта сіздер қандай іс-шаралар атқарасыңдар? (оқушылардың жауабы)
— Жақсы балалар, айтқандарың бәрі дұрыс. Сондықтан сендердің ең басты мақсаттарың- жақсы оқып, үлгілі тәртіпті оқушы болу. Сіздер бүгінгі тәрбие сағаттынан көп мәлімет алып, болашақта осы айтылған сөздеріңізді мүлтіксіз орындайды деп сенемін.
-Енді тәрбие сағаттымызды жақсы әнмен аяқтаймыз. / Ортаға оқушылар шығып «Жаса,Қазақстан» Қайрат Нұтастың әнін орындайды .
Әдебиеттер:
- «Қазақ ұлттық энциклопедия» Ә.Нысанбаев Алматы , 1998 ж.
- «Қазақ әдеби тілінің сөздігі» М.Құл-Мұхаммед Алматы, 2011 ж.
- Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050»
- ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы «Бір мақсат.Бір мүдде. Бір болашақ»
- «Нан қайдан шығады?» Қазақ ертегілері
- «Бидай мен қаңбақ» А.Тоқмағанбетов