Әсемдік пен әдеміліктен кеңес алу , сұлулық бағдарламасы
Әсемдік пен әдеміліктен кеңес алу , сұлулық бағдарламасы
Жоспары :
І. Кіріспе сөз
Қыз өссе — елдің көркі .
ІІ. Негізгі бөлім
а/ қонақтардың ой — толғанысы
ә/ қонақтарға қойылатын сұрақтар
б/ көрермендердің пікірі
ІІІ. Қорытынды
а/ бағдарламаның көпшілікке әсері
ә/ бағдарламаның түйіні
Халқымыздың ежелгі үрдісі бар ,
Адастырмас ақ жолдан үлгісі бар
Үлкен сыйлау ұққанға соның бәрі ,
Зерделі ұл , зейінді қызды сынар — демекші , қыз баланың тәрбиесі ата — анаға , халқына да үлкен сын . Үй жинау , кір жуу , тамақ пісіру , дөрекі сөйлемеу , ізетті болу ата – анасын , туыстарын , ұстазын сыйлап , қадірлей білу әрбір қыз баланың міндеті . Қазақта « Қызды қырық үйден тыю , қалса күңнен тыю », « Қыз өссе — елдің көркі , гүл өссе — жердің көркі » дегендей ұлағатты сөздің қалуы әрбір қыз әке – шешесінің аясындағы жайқалған гүлі екендігі аян , қыз баланың өзін нәзіктіктің символына , керемет сұлу құс- аққуға , жайқалып өсіп тұрған гүлге , жарқырап жанып тұрған жұлдызға теңейді . Бірақ қазіргі жағдайда елімізде бұрын – соңды болмаған келеңсіз оқиғалар бой көрсетіп жатыр . Қазір өзімен қатар қазақ қыздары ауыл қыздарын менсінбей , орысша сөйлеп , жарассын , жараспасын денесін жартылай жалаңаштап батыстың қыздарына еліктегені сонша , өздерінің инабаттылығынан жұрдай . Кейде мен осындай жеңілтек қыздар бүкіл қыз атаулыға кір келтірмек деп қорқамын . Тағы да бір айтып кететін жайт , кейбір қыздардың пікірлері бойынша қыз бойындағы басты шарт сұлулық деп түсінеді . Неғұрлым сұлу да , көркем көрінсең соғұрлым махаббатта жолым болады деп ойлағаны өкінішті — ақ . Сондықтанда ондай әпкелеріміз бетіне опа жағып , қасын түзеп , кірпігін ұзартып , шашын бояумен әлек болады . Ойлап қарайықшы , ерте заманның қазақ қыздары беттеріне опа жақпай-ақ өте көркем де , сұлу болған . Қазақта қазақтың инабатты , кішіпейіл , мейірбан , ақылына көркі сай сұлуды ару деп атаған .
Әсемдігі тал бойына жарасқан .
Па , шіркін , арулары қазақтың ,
Сұлулығы әркімнен — ақ санасқан , — деп ақын жырлағандай жыр дастандарында ару бейнесіндегі Құртқа , Қарашаш , Меңдісұлу , Назым , Қыз Жібек , Баян сұлу , Меңтай секілді арулар аз болмағандығын еске алайық . Қазіргі кезде сұлулар көп , ал арулар аз . Жазушы Әзілхан Нұршайықовтың « Махаббат қызық мол жылдар » атты кітабын оқып көрдіңіздер ме ? кітап бәріңе де ұнайды . Бұл кітапта Меңтай деген қызға анасы кереметтей өсиет қалдырады . Осы ана жүрегінен шыққан өсиеттен үзінді келтіріп көрейін :
- Қыз көйлегінің етегі тізеден жоғары шықпауы керек , себебі қыздың жалаңаш жеріне көп көзінің құрты түскіш келеді . Ал халықта « Есті қыз етегін қымтап ұстайды » деген мақал бар .
- Қызға қатты күлудің қажеті жоқ , жігіттерге оның жымиғаны да жетіп жатыр
- Ауыз шешендік әркімде болады . Әсіресе қыздың аузы сүйреңдеп көп сөйлемегені абзал . Өйткені қыздың күлкісі , жымиюы , бас изеуі , көз қарасы , жүріс – тұрысы , бәрі де сайрап тұрған сөз . Сондықтанда оның аз сөйлеп , айналасына ақылмен танылғаны дұрыс .
- Шошаңдаған қыз шешенің атына кір келтіреді . Осы айтылған өсиет тек Меңтайға емес , барша қазақ қыздарына айтылған өсиет емес пе ?
Қонақтардың ой — толғанысы :
Атам қазақ қыз бойынан ешқандай мін табылмағанын қалаған . Келбетіне , арайлы жүзіне сай жан дүниесінің сұлу болғанын қалаған . Көкірегі ояу , келбетті , сұлу , қос бұрымды , үстіне киген киімі жарасымды , кең етекті , иман жүзді , парасатты , кең пейіл , кішіге қамқор , үлкенге құрметі бар жан болуына көп мән берген .
Қыз еркем , өзіне тән сәнімен , келбетімен , жан дүниесінің сұлулығымен көркем , — деп бекер айтылмаса керек . Қыздың бойжеткен кезінде бойын тік ұстап , ай жүзіне жұрт таң қаларлықтай сұлулық , қыз балаға тән тәкәппарлық , он саусағынан өнері тамған өнерпаздық , ақылына тапқырлық , жөн сөз айта білетін тапқырлық болуына қыз анасы тікелей жауапты болуы керек деп ойлаймын . Қыз балаға шеше жақын болады . Қыз бала тәрбиесі әкеге қарағанда , шешеге көбірек байланысты . Атам қазақ қыз баланы еркелете отырып , оған қатал да қарап отырған . « Қызға қырық үйден тыю » , « Қызы бар үйдің иті жатпас » , « қыз өссе — елдің көркі , гүл өссе — жердің көркі » ,
« Қыз — болашақ келін , болашақ ана » деп түсінген . Қыз баланың сұлулығы тек келбетінде ғана емес , жан дүниесінде де болуы шарт . Сұлулық ол – кең ұғым . Сұлу ұғымына — жан сұлулығы , тән сұлулығы , имандылық , кішіпейілділік , парасаттылық , жарасымдылық , сөз мәнері , жүріс – тұрысы , мәдениеттілік , сыпайылық , сезімталдық , өзіне тән тәкаппарлық та кіреді . Қыз бойынан осы аталған қасиеттердің бәрі табылып жатса , одан артық қазға тән сұлулық болмас .
Қадыр Мырзалиев ағамыздың өлеңі :
Қыздар — қызыл гүл ғой өсіп тұрған бақтағы ,
Қыздар – жігіттердің асыл арман ақ таңы
Қыздар — әсем ән ғой , әлі айтылып болмаған ,
Қыздар – бақыт құсы , қолға оңай қонбаған .
Қыздар — өсіп бойжеткенде елдің көркі саналар ,
Қыздар – шуақ төккен күн нұрымен бара – бар
Қарақат көз қарындастар аққу сынды сүйікті ,
Жігіттердің қолы жетпес көріңдер ең биіктен .
Қонақтарға қойылатын сұрақтар :
- Сұлулық деген сөздің астарында не жатыр ?
- Жан сұлулығы мен тән сұлулығы дегенді қалай түсінесіздер
- Қазақ қыздары тән қандай қасиеттерді жоғары бағалайсыздар ?
Көрермен пікірі :
Білектей арқасында өрген бұрым ,
Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын
Кәмшат бөрік , ақ тамақ , қара қасты
Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін , — деп Абай атамыз жырлағандай ару қыздарымыздың шашы ұзын болса , егер ұзын болмаса да өзіне жарасымды етіп қидырса , оны түрлі — түсті емес бет келбетін ашатын өзінің табиғи шашының түсі сақталса , шаштың әдемілігі ару қыздарымыздың сұлулығын аша түсері анық деген пікірдемін .
Көрермен пікірі :
Қыз емес қыздың аты – қызыл алтын ,
Көрінер толған айдай жүзі жарқын .
Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес ,
Халқымның сақтай білген игі салтын , — дегендей ару қыздарымыздың сұлулығына сай ата — бабамыздан келе жатқан салт – дәстүрімізді білетін болуы керек . Өйткені салт – дәстүрінен айрылған ел , ел болудан да қалады . Балаға дәстүрімізді ана сүтімен дарыту келешек ана — осы ару қыздарымыздың қолында .
Көрермен пікірі :
Дауысың қандай сырлы еді ,
Табиғатты тыңдатқан
Көркің қандай нұрлы еді ,
Таң шолпанмен астасқан , — дегендей ару қыздарымыздың сұлулығына сай сөз мәнері , үлкенге құрметі , кішіге ізеті болуы керек . Ізеттілік , кішіпейілділік , инабаттылық , адалдық , көркемдік , парасаттылық , қамқорлық , атына заты сай көркемдік , қыз балаға тән тәкәппарлық әрбір қазақ қыз бойынан табылып жатса , бұдан асқан бақыт жоқ шығар .
Көрермен пікірі :
Кедеймін деп қысылма ,
Өнерің болса қолыңда
Өнерлінің ырысы ,
Жарқырап жатыр жолында , — дегендей қыз балаға сұлулыққа сай он саусағынан өнері тамған өнерлі болуы да керек деп ойлаймын . Өнерлі өрге жүзер , өнерлінің қолы алтын деген сөздер тегін айтылмаған болса керек . Қыз баланы өнерлі болуға тәрбиелеу анасына байланысты . Жастайынан бар нәрсеге үйрету , қыз бойындағы талантын , өнерін асқақтату , аналар , міне біздердің мойнымызда .
Көрермен пікірі :
Қазақ халқының тәрбие құралдарының бірі — тыйым сөздер . Бұл сөздер есі кірген балаларды жаман әдеттен , жат пиғыл , орынсыз қылық , теріс мінездерден сақтандырып отырған . Сондықтанда ару қыздарымыз сұлулығына сай жаман әдеттерден сақ болуы , орынсыз нәрселерді жасамауы қазақ қыздарына тән нәрсе .
Бағдарламаның көпшілікке әсері :
Бағдарлама арқылы оған қатынасқан көпшілік әсері мол екенін , айтылған сөздерді , пікірлерді естіп отырған қыз бала өз бойынан осы қасиеттерді іздеп көргісі келетініне көз жеткіздік .
Бағдарламаның түйіні :
Сәуледей нұрлы қалпында
Сұлудың жүзін бір көрген .
Батырдың қолы қалтырап
Ақынның тілі күрмелген .
Келе де келе сезгенім
Көңілде достар айтып көр
Сұлу бар жерде басқаның
Кетеді бәрі ғайып боп !
Сұлулар өте бергенде ,
Сүзіле келіп қарайсың
Әдемі қызды көргенде
Ақылды қызды аяйсың , — дегендей аруларымыз тек сырты сұлу ғана емес , тәні де , жүрегі де , келбеті де , жанары да , назары да , табиғатына тән парасаты да сұлу болуы керек .