Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: «Жанұям-қорғаным, ата-анам-тірегім»

Сейтбаева Мира Қанатқызы.

Ақжайық ауданы,

Атамекен ауылы

М.Өтемісов атындағы НЖББ мектебінің

физика және Информатика пәнінің мұғалімі.

Ашық тәрбие сағатының тақырыбы:

«Жанұям-қорғаным, ата-анам-тірегім»

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар! Армысыздар қонақтар! «Жанұям-қорғаным,ата-анам-тірегім» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.

Мақсаты: Ата-ана,мұғалім және бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту.Өзара көмекке,ынтымақтастыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Баланың қызығушылығын ояту,ойлау қабілетін дамыту.

 

 

 

Сабақтың түрі: сайыс

Сабақтың барысы :Атам қазақ «Бала-адамның бауыр еті», «Балалы үй базар»дейді.Өйткені бала-өмірдің жалғасы,отбасының жеміс берер гүлі.Отбасы-бұл қоғамның негізі.Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі үшін жан-жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты.Бүгінгі біздің сыныбымызда ұйымдастырылып отырған «Жанұям –қорғаным,ата-анам-тірегім» атты сайыс өткелі отыр.Олай болса,осы сайысымызға қатысушы отбасыларымызды ортаға шақырамыз.

І отбасы: Кереевтар отбасы

ІІ отбасы: Әбілпейсовтар отбасы

ІІІ отбасы: Тұяқовтар отбасы

Енді жоспарымен таныстырып өтейін:

Жоспарымен таныс болсақ, сайысымызды бастайық

Жоспар бойынша

І кезең Таныстыру

Отбасымыз келіп жетті танысуға,

Сыпырды томағасын осы дұға

Қызып келген қырандай керілтеді

Әдеппенен ізетпен танысуға

 

Әр отбасы өздерін таныстырып өтеді

ІІ кезең  мақал-мәтел аукционы

Шебер болсақ,тіл байып

Шешендіктер бір ғайып

Мақал-мәтел үйреніп,

Тілімізді шыңдайық-деп кезекті отбасыларымыздың мақал-мәтел айту,яғни жалғастыру.

 

ІІІ кезең Мәнерлеп оқу

І отбасы Кереевтер отбасы «Ана туралы жыр» Мария ана оқыды

ІІ отбасы Тұяқовтар отбасы «Әке туралы» Шамшырақ ана оқыды

ІІІ отбасы Әбілпейсовтар отбасы « отбасы -шырағым» өз туындысыннан оқыды

ІҮ кезең Уа-Уа баласын дауысын ажырату (тренинг)

Бұл жерде керісінше аналары көздерін байлап,балдарының дауыстарынан ажыратып табу айтып беру.

Ү кезең Шаңырақ (үй құрастыру) ЭКСПО-2017 бағдарламасы бойынша отбасылар құрастырады.Осы жобаларына тоқталып өтеді.

Қиналғанда арқа сүйеп жүретін

Қуансамда барма басқа сүйеніш?

Қуансамда бірге жүріп қуанып,

Тірегімсің,ақылшымсың бір өзің!

Жанұям,үстем болсын мерейің

Табылмас жанашырым өзіңдей!

Бірлік пенен татулық,

Амандық пен денсаулық

Болсын бізбен әрдайым!-деп сайысымызды аяқтай келе отбасыларымызды Іотбасы Кереевтер отбасын «Шебер отбасы»,

ІІ отбасы Тұяқовтар отбасын «Тапқыр отбасы»,

ІІІ отбасы Әбілпейсовтар отбасы «Үлгілі отбасы» номинацияларымен марапатталады.