Сарқылмайтын жылылық, Ана аты — ұлылық

Тақырыбы: «Сарқылмайтын жылылық, Ана аты — ұлылық».

Мақсаты: аналар мен әжелерді, қыздарды халықаралық 8-наурыз мерекесімен құттықтау.

Көрнекілігі: интертақта, шарлар.

Жүрісі: І. Ұйымдастыру кезеңі.

Жүргізушілерді таныстыру.

1-жүргізуші: Өмірзақ Асылай.

2-жүргізуші: Отарова Мөлдір.

 

1-жүргізуші: Қымбатты аналар, ұстаздар, қыздар, мерекелеріңізбен!
2-жүргізуші: Бүгінгі мереке 8наурыз-Халықаралық әйелдер күніне арналған «Сарқылмайтын жылылық, Ана аты — ұлылық» атты ашық тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.
Кіріспе сөз
Мұғалім: Адам баласы үшін ең аяулы, ең қастерлі, қадірлі сөз — ана. Бала дүниеге келген күннен бастап өзінің жұмсақ алақаны, жылы жүзі, ыстық құшағы, мейірім толы көзқарасы арқылы барлық сүйіспеншілік, мейірімділік, махаббатын бере білген аналар үшін жер дүниені мекендеген адамзат қауымы бір күнді мейрам етіп белгілеген. Ол 8-наурыз мерекесі. Анамызға деген біздің көңіліміз, мейіріміміз ұшан теңіз. Анамыздың көңілі шат, жүзі жарқын, дені сау болуын әрқашан тілейміз. Сіздерді аналар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.
Хормен: Анашым әнін орындау.

 

1-жүргізуші: Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті жан аналар!
2-жүргізуші: Құрметтейік, о адамдар, аналарды,
Бізді өмірге әкелген даналарды.
Себебі ана деген асыл жан ғой,
Ойлауменен істелік әр қадамды.

 

Рамазан: Пайдаланса уақытты,
Біздің қыздар бақытты.
Арманға жетер балалар,
Аман болсын аналар!

 

Шапағат:Ана –біздің күніміз!
Ананың біз — гүліміз!
Бізді, ана, қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз.

 

 

Альбина: Аяулы Ана!
Күнім де Ана, ай да Ана,
Жетеді саған қай дана?!
Асылым өзің,
Ғашығым өзің,
Бас иіп өтер әулием менің сен ғана.
 

2-жүрг:
Анашым менің, саялы қамқор шынарым,
Баулуға мені сан азап көріп шыдадың.
Тілерің болса алдағы жерде анашым,
Үмітіңді ақтап, арналсын саған жыр-әнім!

Ән.  Қалдығұлов Әбіш

«Асылдың сөзі — ақылдың кені» (мақал-мәтел, нақыл сөздер)
Ананың сүті — бал,
Баланың тілі — бал.
Ананың көңілі балада,
Баланың көңілі далада.
Анасын көріп, қызын ал,
Аяғын көріп, асын іш.
Анасының тілін алмаған азапқа қалады.
В. Гюго: «Нәзіктік атаулының жиынтығы – ананың алақаны, сондықтан да ол — сәби үшін ең жылы ұя».

Б. Г. Белинский: «Ана өз баласын жанымен де, қанымен де сүйеді».
О. Бальзак. «Ана көрегендігінің теңдесі жоқ».

1-жүрг:
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген – бәйтерегі өмірдің,
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ.
2-жүрг:
Ана деген – асыл жандар болаттай,
Ана десең –мөлдір жандар бұлақтай
О, адамдар, қадірлей біл Ананы,
Жат қылыққа ақыл-ойды тонатпай.
1-жүрг:
Ана десем сезім билер тым ыстық,
Жарасымды адамдарға туыстық.
Бар адамға берсе ананың мейірін
Орнап еді бар әлемге тыныштық.

Би. «Шығыс биі» Бағытжанова Назерке
2-жүрг:
Ана десем – шешек атып жанары
Өмірімнің бастау алар жаңа әні

Ана деген тіршілікте пана боп
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.
1-жүрг:
Шуақты көктем келді гүлін алып
Көктемнің мерекесі бүгін анық.
Өмірдің көктемі де, гүлі –Аналар
Ана деп бас иеді күллі халық.

Ән. Отарова Мөлдір

.Назерке:Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған;
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған;

Бекжан:Аялы қолды талпынтқан,
Қаймақты сүттей қалқытқан;
Суық болса жөргегін,
Қорғасындай балқытқан;

 

.Рамазан:Анам мені: «Айым» — дейді,
Мен мұңайсам, уайым жейді,
Анам мені: «Күнім» — дейді,
Мен қуансам, күлімдейді.

 

Мұханбет:Әлемдегі ақылды адам,
Бәрінен сол жақын маған!
Ол жанымда жүрсе ,мен де,
Батырларша батылданам.

 

Сахналық көрініс
«Әжесі мен Бағлан» Қабдікәрім Ыдырысов.

— Жүрегім кім менің?
— Мен!
— Тірегім кім менің?
— Мен!
— Сәнім кім менің?
— Мен!
— Ботақаным, бағлан қозым,
Не деген тәтті баласың өзің!
Ой, қарғам менің!
— Жоқ, әже, қарғаң мен емес!
Жо… жоқ, қарға болмаймын,
Керегі жоқ ондайдың.
Қарға «қарқ-қарқ» етеді,
Алысқа ұшып кетеді.
Қасыңда боп әрдайым,
Мен ешқайда бармаймын.

 Диана: Жамандықтан сақтандырып,
Жақсы ісімді мақтан қылып.
Мәпелелеген ақ мамамды,
Жүрсем деймін шаттандырып.
 Нұрбол: Еркелесем, күлімдейтін,
Ұрысқаны білінбейтін.
Маңдайымнан иіскеп менің,
«Құлыншағым, күнім», — дейтін.
Жарқынай: Айналайын, анашым,
Көкте нұр боп жанасың.
Ет жүрегің елжіреп,
Құшағыңа аласың.
Нұрлан:Айналайын, анашым,
Аялайсың, бағасың.
Менің үшін не керек –
Бәрін іздеп табасың.

Шаттық шеңбері:

Оқушылар шеңберге тұрып өз аналарына ақ тілектерін айтады.


2-жүрг:
Адам үшін ең аяулы, ең қастерлі жан – Ана. Ол бала дүниеге келген күннен бастап өзінің жұмсақ алақанын, жылы жүзі, ыстық құшағы мен мейірімін, махаббатын арнайды.
Ана махаббаты адамға қанат бітіреді, күш береді рухтандырады.
1-жүрг:
Дүниедегі ең ардақты асыл жан,
Анам менің мәпелеген жасымнан
Мен қуансам қуанады ол бірге
Мен қиналсам табылады қасымнан.
Маған қымбат жан жоқ сірә анадан,
Бар жақсылық аналардан тараған
Жер бетіне өмір нәрін себуші
Ана алдында борышты ғой бар адам.
Ән:
2-жүрг:
Ақ тілеген жат-жақын жуығына
Өмірдің көніп ыстық-суығына
Алпыс қанат орда бұл елімнің
Шаңырағы сендерсің, уығы да
Ақ жүректі аналар берекеміз
Құтты болсын көктемгі мерекеңіз! –дей отырып, көгілдір көктемнің ең алғашқы мерекесі отбасыларыңызға береке, бірлік, мол несібе ала келсін!
Аналар мерекесіне арналған «Сарқылмайтын жылылық, Ана аты – ұлылық» атты мерекелік ашық тәрбие сағатымызды жабық деп жариялаймыз!
Мерекелеріңіз тағы да құтты болсын!