Тақырыбы: Ата салтым – асыл мұрам Мақсаты: Қазақ халқының қанына сіңген ізгі адамгершілік қасиеттерінің халықтың салт-дәстүрімен сабақтастығын түсіндіру, мақал-мәтелдерін үйрету. Имандылық,инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыу. Көрнекілік: Қазақ үйінің жасауы, мақал-мәтелдер, даналардан шыққан сөз. Барысы: «Дұшпанға қатал, Досқа адал-халық» Кіріспе: Мұғалім: Қай заман болсын адамзат алдында тұратын басты міндет-адал, білімді, еңбек сүйгіші ұрпақ тәрбиелеп өсіру. Бұл міндетті әр халық салт- дәстүріне орай іске асырады. Яғни әр халық ғасырлар бойы сыннан өтіп, сұрыпталған озық салт-дәстүрлері жас ұрпақты тәрбиелеуде пайдаланып келген. Бала тәрбиесі тек мектеп қабырғасында ғана берілмейтіні анық. Ананың бесік жырынан бастап, адамның жер қойнына берілгенге дейінгі өзі көріп- білген салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар барлығы да адамның дүниетанымын қалыптастыратын өмір сабақтары. Салт-дәстүр, әдет-ғұрып атадан балаға қалып отырған мол мұра. Әр ұлттың өзіне тән салт-дәстүр бар.Салт- дәстүрдің пайда болып, қалыптасу тарихына көз жіберсен, олар халықтың әл-ауқат, тұрмыс-тіршілік болмысынан туып қалыптасатынын көреміз, Халық педаогикасының тұрмыстық ережесі болып, халықтың салтына айналған әдет-ғұрптардың тәрбиелік мәні ерекше. Білімсізден жаман жоқ, Туған соң адам боп. Ел дәстүрін білмесең, Жұрт айтады надан деп-дегендей қазақтың салт-дәстүрлерін бірнеше топқа бөліп қарауға болады. Отбасы дәстүрлері Отау көтеру Еңбек дәстүрі Қазақтың салт-дәстүрлері Тәрбие дәстүр Ислам тағылымы Қаза ғұрыптары Наурыз дәстүрі Отау көтеру дәстүрлері: Қыз көші,беташар,шаңырақ көтеру. Тәрбие дәстүрлері: Бесікке салу, алтыбақан. Отбасы,тұрмыс дәстүрлері: Дастарханға бата,бәйге, отпен аластау. Еңбек дәстүрі: Аңшылық,Сонар. Ислам тағылымы: Құрбан шалу Қаза ғұрыптары: Дұға оқу,жоқтау. Халық тәрбиені балаға ана құрсағында жатқаннан бастайды. Оған іштегі сәбидің уақытында дүниеге келуі үшін үлкен аналар түрлері ырымдар жасайды. 1 оқушы: Шілдехана: — Сәби дүниеге келген соң бір жеті бойы ана мен баланы күтіп, оның көңілін көтеріп, оның қасына дастархан жаю әдеті. Қазақ елінің әр түркірінде бұл рәсім әр қалай өтеді. Сол күні баланы шілде суына шомылдырып сыңғырлаған тиындар салады, балаға денсаулықпен бірге байлық та тілейді. Шілдехана өткізілетін күні ана әбден серпаланып өзінің шілде терін тығаруы тиіс. 2 оқушы: Қырқынан шығару:- Бөбек дүниеге келген соң 40 күннен соң оның алғаш рет шашы мен тырнпғы алынатын, бесікке салу рәсімі орындалатын.40 күннің өзі ананың бой көтеріп, денсаулығы түзелген кезде болады. Жалпы осы уақыт ішінде ананың да, баланың да денсаулығы өте мықты күтімде қажет етеді. Анаға кіндік шеше көмек беруі тиіс.Бұл дастархан басына тек әйел адамдар келіп қатысады. 3 оқушы: Есімін атау: (ат қою) – Бұл рәсім ұлағатты кісіге жүктеледі.Қазақ аттарының көптігі басқа хлықтардан ерекшелігі. Қыз балалардың есімдері олардың көркемдігі. Ат қою « көз тимесін» , « тіл тимесін» деген ойымен қойылады. Ат тандалғаннан кейін баланың құшағына 3 қайтара айтылады. 4 оқушы: Бесікке салу:Бұл кішігірім той ретінде өтеді. Келушілер тарту, шашу, жоралғыларын алып келеді, бесікке салу немесе бөлеу тәжірибелі әжеге немесе анаға жүктеледі. Бесікті түбегімен, жабдығымен кіндік шеше алып келеді, сумен бала шомылады, ыдыстары отырғандарға таратылып беріледі. Баланың «Ит көйлегі» беріледі, яғни тәтті дәм толтырылған кішкене дорба иттің мойнына көйлегімен байланады да жүгіртіледі, соңынан қуып жеткен бала дорбаға ие болады. Бесіктің түбегі орналасқан жерден кішкене бұршақ тәрізді тоқаштар өткізіліп, оны « тыштырма» деп атайды. Осы жерде жиналған аналар бесік жырларын айтады.Бесік жырының сөздері естияр балалардың ой қиясына жыр етіп, ананың мейір-шапағатын арттырады. Ондай отты жырларды балаларда жаттап алу керек. 5 оқушы: Тұсау кесер:— Бір жасқа толып еркін жүре бастаған бол бөбектің басқан қадамы құтты болып, одан әрі жаны жамандық көрмей жақсы жүріп кетуіне тілек білдіру салтанаты ретінде өтедіБөбектің тұсауын ата-ананың қалауы кеседі. Тұсауы кесілген баланы «Ақ жол болсын» деп ақ орамалдың үстімен немесе жұмсақ болсын деп кілем үстімен жүргізіледі. Тұсау кесер жырлары айтылады: Қаз, қаз балам, қаз балам Қадамынды бас,балам….. Әнекей, ақ бесік Әлдейіме бақ бесік. Шүмегінді салайын . Сылдырмағын тоғайын Жібек көрпе жабайын, Бауық барқыт пүліштей , Балдақтарың күмістей , Жабдығыңмен сыйлысын , Жатса бөпенжайлысын . Көсем сенен өседі . Жайлы болсын төсегі. 6 оқушы: Баланы атқа мінгізу салты— Баланың буыны бекіп,4-6 жасқа келгенде ат үстіне өзін-өзі ұстап отыра алатын жағдайға жеткенде, атқа мінгізу салтын жасап, ат құлағында ойнайтын денсаулығы зор, мықты, шымыр жауынгер, еңбекқор, қыйыншылыққа төзімді ұрпақ тәрбиелеудің бір түрі. Балаға ер- тұрмандарын сыйлап ( жандорба, тоқым, жүген, ноқта) атқа мінгізіп той жасайды. Қорытынды: Мұғалім: « Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» дегендей, ата-бабаларымыз ұл-қыздарын жасынан бастап сан алуан іс- әрекетпен тәрбиелеген. Ер баланы бес жасынан тай жалын тартып мінуге жарағаннан бастап, оны қлғанат деп есептеген. «Жігітке жеті өнер де аздық етеді» деп халқымыз ер баланы төрт түлік малды бағып-күтуге, жер қыртысын, өсімдік түрлерін білуге, қараңғы түндерде жұлдызды аспанға қарап бағыт- бағдарды белгілеп, қоныс- суды дәл табуға үйреткен. Әкенің баласына ақыл айтып, жауапкершілікке жүктеп, он бес- жиырма жасында енші беріп, жастарды өз бетімен шаруа құрып, өмір сүруге дайындаған. Жеті атасын үйрету ескіден қалған аталы сөз,бабалардың өнегесін, ерлігін, азаматтығын балаларға ұғындыру-әке міндеті болып есептелген. « Қыз өссе-елдің көркі» дегендей, қыз баланың сырт бейнесі,киіне білуі оның ішкі мәдениетімен,тәрбиелік деңгеймен байланысты. Қыз – болашақ ана, ақ босағаның аруы, шаңырақтың береке құты. Қыз баланы басынан төзімділікке,әдептілікке,сыпайлыққа тәрбиелеген. Қазақ халқының салт дәстүрі болашақтың айқын көрінісіне үлесін тигізеді. Сауатты да,салмақты, адамгершілік қасиеті мол жас ұрпақ салт-дәстүр ,әдет-ғұрыппен өте тығыз байланысты. |