«Сәлем саған, Алтын күз!» атты мектепішілік іс-шараның сценариі:

«Сәлем саған, Алтын күз!» атты мектепішілік іс-шараның сценариі:

 

Мақсаты:

Жас  ұрпаққа  қоршаған  ортадағы  түрлі  құбылыстарды және күз  кереметтілігін  нақты  айқындап  ашуға, табиғатты  сүйюге,сақтауға  үйрету.

Инабатты, иманды, іскер,  мәдениетті,жеке  тұлғаны  қалыптастыру.

Ұқыптылыққа,сшымырда  шапшаң  ой  жүйріктілігіне,  талғампаздыққа, таза  әдемі  болуға  тәрбиелеу.

 

Көрнекілігі: Сахнада  күз  көріністері, күздік  дастархан  мәзәрі, нақыл  сөздер,  шар.

Қатысушылар: 6-7-8 сынып оқушылары

Іс-шара барысы:

 

1-жүргізуші: -Армысыздар,ұлағатты ұстаздар!

2- жүргізуші: Бармысыздар, жадыраған жас достар!

1-жүргізуші : Береке, бақ дарыған

Жомарт көңіл, жарқын жаз,

Сары алтынға малынған,

Жетті міне алтын күз!

2- жүргізуші : Табиғат – күллі тіршілік атаулының құтты қонысы, алтын ұя бесігі, құт берекесі. Осы табиғаттың төрт мезгілінің өзіне тән ерекшелігі, жақсылығы әр түрлі мерекесі, берекесі бар. Соның ішінде күз мезгілінің алтын орны ерекше.

1- жүргізуші : Олай болса берекелі, мерекелі алтын күз құтты болсын!

2- жүргізуші :Уа, халайық, халайық!

1-жүргізуші :Мұнда назар салайық!

2- жүргізуші :Мерекесі халықтың

1-жүргізуші :Алтын күзге арналған,

2- жүргізуші: Кешіміздің 1нші кезеңін бастайық!

Би орындалады. (6 «б» сынып қыздары) қазақша би

1- жүргізуші: Өлең сөздің патшасы сөз сарасы

Қиыннан қиыстырар ер данасы

Тілге жеңіл жүрекке жылы тиіп

Теп – тегіс жұмыр келсін айналасы – дей отырып кезегімізді көркем сөз шеберлеріне береміз: 6 «б» сынып оқушылары:

1-оқушы:

2-оқушы:

3оқушы.

4-оқушы:

5-оқушы:

6-оқушы:

 

2-жүргізуші: Шырқал ән төгіл дауыс көмейдегі,

Сайра тіл ағыл – тегіл салған жерден.

Кел достар, кел халайық ән салайық,

Жарқын үн тарап жатсын шәкірттерден – деп кезегімізді тамаша әнге береміз.

6 «б» сынып оқушылары ән айтады: «Жібектің елі»

 

1-жүргізуші: Өнерлі өрге жүзер талаптының,

Талантты талмай ұшар қанаттының.

Мың бұралған бишілері сыныптың

Мерейі үстем болсын таланттының ,- деп ендігі кезекті биге береміз.

 

6 «б» сынып оқушылары, би орындалады.

 

 

1-жүргізуші: Қасиетті күз мезгілінің бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Күз дегеніміз- байлық, молшылық.Күзде күн суытып, барлық жан-жануарлар, жәндіктер қысқы ұйқыға кетеді. Егін жиналады. Құстар жылы жаққа ұшады. Жапырақтар сарғайып, жерге түседі емес пе!?

2-жүргізуші: Иә, мен бұл мезгілді «Алтын күз!» деп айтар едім. Өйткені жер беті сарғайған жапырақтарды жамылып, алтын түске боялды.-дей келе ендігі кезекті көрініске берейік:

Көрініс 7 «в» сынып оқушылары

 

1-жүргізуші: Енді «Сәлем саған Алтын күз» атты мерекеміздің 2 кезеңін сайыс түрінде тамашалайық.

2-жүргізуші: Бүгінгі сайысымыз 6-8 сыныптар аралығында өткізілгелі отыр. Осы сайысымыздың бағдарламасымен таныс болыңыздар.

  1. таныстыру
  2. Өз өнерлерін көрсету
  3. мерекелік салат жасау
  4. үй тапсырмасы, яғни әр сынып өздерінің үйде дайындап келген күзгі сән үлгісін көрсетеді.

1- жүргізуші: Енді осы сайысымыздың әділ бағасын беретін, әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

2-жүргізуші: Ендеше, құрметті көрермендер қатысушыларымызға сәттілік тілей отырып, сайысымыздың бірінші бөлімі таныстыруға кезек берейік. Ендеше қатысушыларымызды қол соғып қошеметпен қарсы алайық. Ең алдымен 1-топ шығады:….

                                                                 Алдарыңызда 2-топ:….

                                                                 Келесі 3-топ өзін таныстырады:….

                                                                 Және соңғы 4 топ:

1-жүргізуші: Әділ баға беретін әділқазылар алқасы таныстыру бөлімінің әділ бағасын берсеңіздер.

 

 

1-жүргізуші: Алтын күз сіз бен бізге шуақ шашсын,

Көңілдедің серіппелі күйін ашсын.

Бақ пенен шаттық бірге қатар қонып,

Біздерге бірлікпенен ортақтассын!

О заманда ашқан қазақ өнер сырын,

Өнер-жастан жаныңдар.

Шақырған сайыстарға бірі-бірін,

Өнерпаздар- дарындар,

Көрейік тамашалап көрермендер,

Көрсетсін сайыскерлер өздері дайындаған өнерлерін,-дей келе келесі бөлімімізді өз өнерін көрсету сайысына береміз:

2-жүргізуші: 1-топ

1-жүргізуші: келесі шығатын 2-топ

2-жүргізуші: 3 топ

1 – жүргізуші:  соңғы 4 топ

2-жүргізуші: Әділ — қазылар өз өнерін көрсетудің  әділ бағасын берсеңіздер

1-жүргізуші: Келесі бөліміміз: күзгі салат сайысы. 4 топтан бір оқушыдан шығып өз тағамын қорғайды: 1-топ, 2-топ, 3-топ, 4-топ

2-жүргізуші: Әділ — қазылар күзгі салат сайысының бағасын беріп жіберсеңіздер

1-жүргізуші: Бүгінгі кеш өтіп жатыр әнімен,

Әр адам әсем болар өз тәнімен.

Өз қолынан шығарған киім сәнін,

Сіздерге көрсетеді өз мәнімен,-дей келе келесі кезекті үй тапсырмасы яғни күзгі сән үлгісіне береміз.

2-жүргізуші: 1-топ

1-жүргізуші: 2-топ

2-жүргізуші: 3-топ

1 жүргізуші: 4-топ

2-жүргізуші: Әділ — қазылар күзгі сән үлгісі сайысының бағасын беріп жіберсеңіздер

1жүргізуші: Әділ қазылар осы сайыстың бағасын есептеп болғанша … сынып оқушысы  …… орындауында «…» әнін қабыл алыңыздар.

2жүргізуші: Құрметті көрермендер «Сәлем саған Алтын күз» мерекесін қорытындылау үшін сөз кезегін ……. апайға береміз.

 

Қазылар алқасы жеңген топтарды мақтау қағаздарымен марапаттайды.

1-жүргізуші: Осымен бүгінгі сайысымыз аяқталды.Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп – көп рахмет!