САЛАУАТТЫ ӨМІР — КӨТЕРІҢКІ КӨҢІЛ
Сабақтың тақырыбы: САЛАУАТТЫ ӨМІР — КӨТЕРІҢКІ КӨҢІЛ
Мақсаты:
Білімділік : «Бірінші байлық — денсаулық», «Қазақстан-2030» бағдарламасында көрсетілгендей , өркениетті елдің әрбір азаматының денсаулығы мықты , хал-ахуалы жақсы болу үшін зиянды әдеттерден- ішімдік, нашақорлық, шылым шегушіліктің денсаулыққа, болашақ ұрпаққа жау екендігін түсіндіре отырып, спортпен белсене шұғылдануына ықпал ету.
Дамытушылық: — жеке басының гигиеналық тазалығын сақтауын қалыптастыру, зиянды заттың ағзаға тигізетін әсерін, өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарау сезімдерін дамыту.
Тәрбиелілік:оқушыларды денсаулықты сақтауға, тазалыққа, ұқыптылыққа, әдептілікке ,салауатты өмір салтына тәрбиелеу, құқықтық, адамгершілік тәрбие беру.
Көрнекілігі: плакаттар, сөзжұмбақтар, төсбелгі, газет көрмесі, бүктемелер жинағы, денсаулық жайлы жазылған нақыл-сөздер мен мақал-мәтелдер.
ЖҮРУ БАРЫСЫ:
Сәлеметсіздерме, ұстаздар, оқушылар! «Айтуға оңай…» бағдарламасына қош келдіңіздер! Бүгін сіздер өздеріңізді студияда отырмыз деп елестетіңіздер.
Еліміздің Президенті Н.Ә.назарбаев «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасында салауаттылық өмір салтын орнықтыру,халқымыздың денсаулығын жақсарту бағытында жұмыс жүргізу қажеттілігін атап көрсетті.Гүлденген экономика жағдайында да өз денсаулығын дұрыс күтпеуінен және қоршаған ортаның ластамауы салдарынан науқас адамдардың саны жылдан-жылға өсіп отырғандығын айтпай кету мүмкін емес.19-қараша -Халықаралық шылым қорлықтан бас тарту күні болып белгіленді.Қ-2030 бағдарламасында салауатты өмір сүруге қол жеткізу үшін 3 бағытта өмір сүру керек делінген.Олар:
1-бағыт: «Темекі шегуді тоқтату»
2- бағыт «Маскүнемдік пен араққа қарсы күрес»
3-бағыт: «Нашақорлыққа,наркобизнеске қарсы күрес»
Бүгінгі кешімізде «темекі, шылымға » байланысты ой қозғамақпыз.
Студия қонақтары: ДӘРІГЕР-Индира, КӘСІПКЕР-Нұрлыбек, ЭКОЛОГ-Лаура,ПСИХОЛОГ-Гүлзада.
ТЕМЕКІ ДЕГЕНІМІЗ – адам денсаулығына қауіптілігімен қатар темекіге деген тәуелсіздіктің пайда болуын тудыратын өнім. Шылым темекі өсімдігінің «NICOTINA TABACUM»кептірілген жапырағынан жасалған.Темекі- ораулы темекі,насыбай, тіпті шайнау жолдарымен қолданылғандай, қорқормен де тартылады.2004 жылдың 1 қаңтарынан бастап арақ-шарапты ,шылым шегуді ашық түрде жарнамалауға шектеу қойылды.Темекінің зардабынан күніне 10 мың , жыл сайын 3,5 млн адам шылым шегуден қайтыс болады.Шылым шексеңіз өміріңіз 25 пайызға қысқарады.Тек бір тал темекі шеккен адамның денесіне шамамен 1,5-2 мг никотин сіңеді. НИКОТИН- негізінен жүйке жүйесіне , ас қорыту,тыныс алу және жүрек қан тамырлары жүйесіне әсер ететін ерекше У. Бір күнде тартқан 1-2 тал темекі жүрек ауруын екі есе ұлғайтады. Ер адамдар арасындағы өкпе рагының таралуына ,осы аурудан өлім санының артуына бірден-бір себепкер- темекі.Әйел адамдар арасындағы жүрек ауруының 50 пайызына себепкер темекі.Темекіні жастарымыз 14 жастан бастайды. Қазіргі баспасөз беттеріндегі мәліметтерге қарасақ,шылым шекпейтіндерге қарағанда шылым шегетіндердің жалпы өлімі 30 -80 % жоғары. Тартылған әрбір темекі адам өмірін 12 минутқа қысқартады. АҚШ- та 1 млрд. Адам темекі тартады екен. Ал, Қазақстанға келер болсақ, қазіргі уақытта 5 млн- ға жуық адам темекі шегеді екен. Оның басым бөлігі орта жастағы адамдар.Темекі тартқан кезде темекінің құрамындағы улы заттың 20 пайызы жанып кетеді, 25 пайызы темекі шегушінің өкпесінде қалады, 5 пайызы темекінің шегілмеген қалдығында қалса, қалған 50 пайызы қоршаған ауаны улайды.Темекі түтінінде 4000 химиялық зат бар екендігі анықталған.
Тек қана бір тал темекі тартқаннан бастап, денеде пайда болатын бас ты өзгерістер:
- Миға баратын қан азаяды да, ми аз жұмыс істейді.
- Жоғары мөлшердегі никотин құсуға, бас айналуына себеп болады.
- Қандағы холестерол артады.
- Ішектердің әрекеттері біршама артады.
- Тамырлар жиырылады, қан қысымы жоғарылайды
- Науқастарда жүрек ұстамасы болады
- Тыныс алу жиілейді
- Қол мен аяқтың қызуы қайтады.
- Әрбір орган тіпті аз мөлшерде жұмыс істейді
- Бүйрек үсті бездерінен Адреналин гормон қабынады да бүтін денені өртейді.
ДІН |
Медицина |
КӨШЕ |
Арнайы темекі тартатын жер белгіленген, егер қабылданған заң бұзылған болса, онда 5000 теңге айыппұл салынады.
ТӘРБИЕ КӨЗДЕРІ |
Орта |
Ақпарат |
Ақпарат |
Педагог |
Педагог |
Жанұя |
Исмайыл: Темекі шегетін адамдар көбінесе суық тиіп, ауруларға тез шалдығады.Никотин қан тамырларын тарылтады. Бұл ауа ауруына және өкпе ауруларына шалдықтырады.Өкпедегі аурумен ауырғандардың 97 пайызы шылым шегетіндер. Бұған себеп тыныс мүшелерінде шылымды ұзақ шеккенде көпке дейін жараның пайда болуы.Неғұрлым адам өте ерте бала кезінен шылым шегумен айналысса, соғұрлым пәле ауруына жиі шалдығады. Шылым шегуден адам өмірі қысқарады.Темекінің түтіні өкпе тарамдары мен тыныс жолдарын бітеп, түрлі ауруға шалдықтырады. Мұндай жағдайда ағзаны оттегімен қамтамасыз ету мүмкін емес, газ алмасу бұзылады да өкпеде ауру туғызатын микроптарға,яғни туберкулез таяқшаларына қолайлы жағдайлар туады.
Салтанат: Шылым- темекі өсімдігінің кептірілген жапырағынан жасалған. Темекі ораулы темекі, насыбай , тіпті шайнау жолдарымен қолданылғандай ,қорқормен де тартылады.Қорқор болсын,ораулы темекі болсын, әлде никотині төмен темекі болсын, тіпті мүштік кигізіп шегіңіз, беретін зардабы өзгермейді.Темекінің, шылымның зиянсыз болғаны- мүлдем қолданылмағаны.
РЫС: Темекі түтінінде 4000 химиялық зат бар екендігі анықталған.Дұрыс естіп тұрсыздар, 4000-дай зат болып, бұның ешбіреуі адам денесіне пайдалы емес, барлығы да зиянды.Зардабы ең ауырлары: никотин,шайыр, көміртек тотығы және ракқа шалдықтыратын заттар.Тек 1 тал темекі шеккен адамның денесіне шамамен 1,5-2 мг никотин сіңеді.
Гулімай: Қор болған темекіге қайран жігіт,
Тұрады ау танауынан түтін шығып, Сасығы ық жағынан жүргізбейді
Жағымсыз көңірсіген исі шірік, Уланған темекімен қайран қыздар,
Тартқанда қыз-келіншек, денең мұздар, Тіпті де уйлеспейді нәзік жанға
Көргенде осындайды, жүрек мұздар!
Ерболат: Көлденең сызықтар күре тамырлар қорғанында жиналған майды көрсетеді.Жарық көлемі тарайған бір қан тамырда қанды қоюластыруы мүмкін.Осылай болғанда қанның жүрек қан тамырларына баруына кедергі болады да,нәтижеде, жүрек тоқтау,жүрек ұстамасы, жүрек бұлшық еті инфаркті туылуы ықтимал.Әр түрлі елдердің статистикалық деректері бойынша, қазіргі кезде жер тұрғындарының ішінде ерлердің 60, әйелдердің 20 пайызы ұдайы шылым шегеді.Планетаның ересек тұрғындарының 40 пайызы шылым құмарлар болып саналады.
Абзал: Зиянды әдеттерге: алкоголь, ішімдіктеріне үйір болу,нашақорлық,темекі жатады.
Нұрбол:Темекі тарту 15 ғасырда, 1496 жылы басталды. Алғаш темекі Испанияда дәрі ретінде қолданылды.
Нұрсауле: Португалияның Париждегі елшісі Жак Никонның өліміне байланысты 1560 ж. Әйел патша Екатерина Мединна басының сақинасы ұсталғанда, Жан Нико дәрі ретінде әкеп берген.Темекі осы кезден бастап шөп ретінде қолданылған.
Жамиғат: Темекінің көк түтіні , Көкіректі ұстайды
Жалқаулық –жан күтімі, Екі қолды ұстайды!
Мөлдір: Бұл отырған – шылымқор, сорады кеп шылымды ол
Қанша айтсаң да алмайды, тартпа деген тіліңді ол
Қой десең де қоймайды, көк түтінгі тоймайды
Сора-сора уыты, өн бойыңды жайлайды
Кірпік әсте қақпайды,жөтел қысып жатпайды
Бірақ шылым сорғанда, аузы тыным таппайды
Шылымсыз тек жүрмейді,жоқ боп қалса тілдейді
Бірақ оның зиянын, білсе дағы білмейді!
- «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дегендей, келесі кезекте дәрігерге кезек береміз.
Барша адам денсаулығын ойлаған, Еңбек еткен ел үшін ол жақсы адам!
Ақ халатты абзал жандар жанашыр, Ауырмаудың жолын әсте аңсаған!!!
СІЗГЕ СҰРАҚ: Дені сау адам мен темекі шегетін адамның өкпесінің айырмашылығы қандай?
Никотин |
Көміртегі тотығы |
Смола |
Мышьяк |
Бензол |
Кадмий |
Формальдегид |
Ацетон |
Темекі |
- Елдің экономикасын көтеруге, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға өз үлесін қосып жүргендер, әрине кәсіпкерлер.
Еліміздің өркендеуін тілейтін, Кәсіпкерлер біз білеміз ерлейтін!
Бизнесті дамытудың әр қилы! Жолдарын ойлап, ыстығы мен суығына терлейтін!!
Кәсіпкер ретінде сіздің мақсатыңыз, жұмысыңыз түсінікті.Әр темекі қорабында
былай делінген: «Денсаулық министрлігі бекітеді: темекі адам денсаулығына зиянды».Дегенмен тыйым салынған тауарды сіз заңды бұзып, қалай сатасыз? Зиян екенін біле тұрып, сіз зиянды заттарды халыққа үлестіріп берушісіз, бұған не дейсіз?
3.Экологқа сұрақ: Темекі түтіні қоршаған ортаға қандай зияндар келтіреді?
- Психологқа сұрақ: Темекі шеккен адам организміндегі өзгерістер қандай?
Студия көрермендеріне сұрақ:
1.Өмірімізді қысқарту да,ұзартуда өз қолымызда, осыған ой- пікіріңіз қандай?
- 2. Темекі, алкоголь,есірткі сияқты ғасыр дерттеріне ем табыла ма?
3.Темекінің адам өміріне пайдасы бар ма?
ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ: Денің сау, ғұмыр жасың ұзақ,
Ауруға 4 нәрсемен құрсақ тұзақ. Жылы сөз, жеңіл тамақ, жақсы әуен,
Күлкідей бола алмайды бәрі бірақ,- дей келе «Денсаулық- зор байлық » деген мақалдың мәні осында.
Д— ДҰРЫС ДЕМ АЛУ. Е-ЕРІНБЕУ КЕРЕК. Н— НИЕТТЕУ.С-СПОРТПЕН айналысу.А-ағзаны шынықтыру. У-Уақытты дұрыс ұйымдастыру.Л-лайықты өмір сүру.Ы- ынта-ықылас алға жетелейді.Қ— қозғалыс ағзаны шынықтырады.
Қорыта келдгенде,біздің басымызға төніп тұрған ғасыр дерттерінен,қауіптен сақтануымыз үшін не істеу керек?
САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН САҚТАУЫМЫЗ КЕРЕК!!!
Ол үшін: мына баспалдақтармен көтеріліп жетістіктерге жетуден үміттіміз:
ЕРТЕҢГІЛІК ГИМНАСТИКА. КҮН ТӘРТІБІН САҚТАУ. ЖАҚСЫ ЖӘНЕ УАҚЫТЫЛЫ ТАМАҚТАНУ. ЗИЯНДЫ ӘДЕТТЕРДЕН АУЛАҚ БОЛУ. СПОРТПЕН ШҰҒЫЛДАНУ. ЖЕКЕ БАС ГИГИЕНАСЫ. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ТАЗА БОЛУЫ. ТИІМДІ ДЕМАЛЫС.
Әр биіктің талабын орындап, өз өмірімізді басқарсақ, әрине болашақтың жарқын болуы айдан анық. Нұр шапағатын шашқан алтын Күн- бақытты болашақтың кепілі.Денсаулықтың кепілі- Салауаттылық.Салауатты өмір салтын сақтап, болашағымызды сәулелендірейік!! Темекі- тегіңе нұқсан, арақ- арыңа нұқсан!! Жақсыға жақын жүріп, жанымызды жадырата білсек, біз үшін төнген қауіп жоқ, бойды басар дерт те жоқ деп қорытындылағым келеді.
Олай болса, өмірден өз еншілерінізді алудан кеш қалмаңыздар!!!!
ӘРИНЕ, БҰЛ «АЙТУҒА ОҢАЙ …» ток-шоуы !!!