«Толағай» отбасылық сайысы
«Толағай» отбасылық сайысы
Ерасыл. Армысыздар, бармысыздар!
Айза. Қош келдіңіздер, ұстаздар, ата-аналар және барша сайысты тамашалауға келген көрермен қауым.
Ерасыл. Бүгінгі 5б-сынып оқушылары және ата-аналар арасында «Біз салауатты өмірді қолдаймыз» атты ұранмен өткізгелі отырған «Толағай» отбасылық сайысын бастауға рұқсат етіңіздер!
Айза. Ерасыл, сен бұл сайыс туралы білесің бе?
Ерасыл. Негізі теледидардан талай рет тамашалап, өзім де қатысуды іштей армандағанмын.
Айза. Онда сайысымызды бастамас бұрын бағдарламаның мақсатымен таныстырып кетсек қалай болады?!
Ерасыл. Жарайды, айтсақ айтайық.
Айза. « Толағай» отбасылар сайысы еліміздің барлық аймақтарынан келетін отбасылардың атсалысуымен өтетін тәрбиелік маңызы зор ойын-сауықты бағдарлама.
Ерасыл. Сайысқа үш отбасы қатысады. Әр отбасы жеке топты құрайды. Топ мүшелерінің саны төртеу. Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп беруі тиіс.
Айза. Тәлімді-тәрбие әр отбасынан бастау алса, дені сау ұрпақ-ұлт болашағы болады. Әр отбасында ата-ана шаңырақтың негізгі іргетасы болып есептелінеді.
Ерасыл.Ал осы мамырдың 15-дүниежүзілік жанұя күні.Осындай көп елене қоймайтын тамаша мерекені жанұялық сайыспен тұтас өткізуіміздің мәнісі осында.
Айза. « Спорт-денсаулық кепілі» десек, « Толағай» отбасылар сайысы отбасылық тәрбие мен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отырған шара.
Ерасыл. Олай болса, әркімге рухани және мәдени мереке сыйлайтын сайысымызға қатысқалы отырған жанұяларды ортаға шақырайық.
Айза. Ақ түсті жиекке орналасатын Тілекхайыр ағайдың отбасынан құралған « Жігер » отбасы тобы.
Баласы-
Келіні-
және 5б-сыныбында оқитын сыныптасымыз Рустам мен оның інісі-
-Ұранын айту-
Ерасыл. Сары түсті жиекке Темірбек ағайдың отбасынан құралған « Сұңқар »отбасы тобы орналасады. Бұл топта ағайдың
ұлы-
келіні-
және сыныптасымыз Венера мен оның сіңілісі
-Ұранын айту-
Айза. Қызыл түсті жиекке Карапиден атаның отбасынан құралған « Тұлпар » отбасы тобы орналасады.Бұл топта атаның
немересі-
келіні-
және сыныптасымыз Данияр мен оның інісі
Ерасыл. Басталды сайысымыз бүгінгі күн
Айырар әділқазы үздігі кім.
Бақ сынап алдыңызға келіп тұр ғой
Қарсы алайық топтарды қошеметпен.
Айза. Сайысымыздың негізгі арқауы болып отырған жанұялар тобының аяқ алысын бағалау үшін шақырылған әділ қазылар алқасы құрамымен таныс болыңыздар
Ерасыл. Мектебіміздің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі спорт жанашыры көптеген шәкірттері спорттық додаларда бәйге алған игі шаралардың бастауы болып жүрген ағайымыз-Орынбасаров Бақтығали
Айза. Тәрбие мен тәртіптің тірегі, тәрбие ісі жұмысының меңгерушісі-Тайыров Мереке ағай.
Ерасыл.
Айза.Сайысымыз 8 бөлімнен тұрады.Әр ойынның кезегі келгенде ережесін сынып оқушылары түсіндіріп береді.Ал әділ қазылар алқасы әр бөлімнен кейін бағасын беріп,сараптама жасап отырады.
Ерасыл.Бәйгені ат жаратып шапқан алар,
Олжаны жатқан емес,тапқан алар,-деп сайысқа қатысушы отбасы топтарына «Ақ жол» тілейік,ағайын.
Айза.Ерасыл,бағдарламамызды әрі қарай жүргізуге екеуімізге көмек керек сияқты,қалай ойлайсың?
Ерасыл.Сонда мамамызды шақырайық дегің келіп тұр ма?
Айза.Жоқ,апайымызды шақырғым келіп тұр.
Ерасыл.Онда бізге сайысымызды әрі қарай жүргізуге көмектесу үшін Бекзада апайымызды шақырамыз.
Апай.Рахмет,балалар.Ал ендеше сайысымыздың бірінші бөлімі қалай аталады?
Екеуі.Кен-гу-ру!
Апай.Бұл ойынның жүрісін түсіндіру үшін ортаға М.Асылханмен Әлияны шақырамыз.
Шарты-қағазда берілген тапсырманы ағасы мен апасы ұстап тұрады,ал балалар кенгуру шарымен секіріп барып ,қаламдарын тістеп алады,келіп тапсырманы орындайды.Біреуі-есеп,біреуі-қазақ тілінен сөйлемді дұрыс орналастырып жазу.
Екеуі.Сайыскерлер дайынбыз ба,бір,екі,үш.Алға!
Апай.Сайыстың тұсаукесер ойынына беретін бағаларыңызды көрсетсеңіздер.
Ақ түсті « » отбасының ұпайлары.
Сары түсті « » отбасының ұпайлары.
Қызыл түсті « » отбасы ұпайлары.
Ойыншылардың кемшілігі мен қателіктерін айтып,ұпайларға сараптама жасап кетсеңіздер біреуіңіз.
Рахмет.Келесі сайысымыз қалай аталады?
Екеуі.Ар-ба!
Апай.Оны кім түсіндіріп береді,Ерасыл?
Ерасыл.Асылбек Асылхан.
Апай.Допты барғанша кругпен итеріп,кедергілерден айналып жүру керек.Ал қайтарда допты круг ішіне салып сүйреп келу керек.
Екеуі.Сайыскерлер дайынбыз ба?Бір,екі,үш.Алға!
Айза.Әділ қазылар алқасы қандай баға берер екен?
« » отбасы тобының ұпайлары.
« » отбасы тобының ұпайлары.
Сайыс барысындағы жетістік пен қателіктерге түсінік беріп кетсеңіздер.
Жалпы ұпай саны нешеу болды екен?
Апай.Рахмет.Келесі үшінші бөлімімізде ойыншылар қандай ойын түрінен сайысқа түсер екен?
Екеуі.Пин-гвин!
Апай.Пингвин?Ендеше ойын тәртібімен танысайық.Гүлнұр көрсетіп жібере ғой.
Допты екі аяқтың ортасына қысып алып межеге дейін және кері қарай сол күйінде қайтып келіп отбасының келесі ойыншысына ұсынады.
Екеуі.Дайынбыз ба?Бір,екі,үш.Алға.
Ерасыл.Қазылар алқасы бағалап жіберсек.
« » отбасы тобының ұпайлары.
« » отбасы тобының бағалары.
« » отбасы тобының ұпайлары.
Бағаларға түсініктеме беріп кетсеңіздер.
Жалпы ұпай саны қанша болды екен?
Апай.Рахмет.Ал,келесі сайысымыз қалай аталады?
Екеуі.Қаңбақ шар.
Апай.Қаңбақ шар ойынының ережесімен таныс болайық.Оны бізге түсіндіретін Айболат пен Айдана.
Отбасының ересектері шарды баспен секіртіп кедергілер арасымен айналып жүріп келуі тиіс.Ал балалар шарды үріп жүріп кедергілерден айналып келу керек.
Екеуі.Дайынбыз ба?Бір,екі,үш.Алға!
Апай.Әділ қазылар алқасынан осы бөлімнің бағасын сұраймыз.
« » отбасы тобы бағасы.
« » отбасы тобы бағасы.
« » отбасы тобы бағалары.
Сараптама жасап кетсеңіздер.
Жалпы ұпай саны қанша болды екен?
Айза.Рахмет.Келесі сайысымыз
Екеуі:Ғажайып суретші!
Апай.Ойын ережесін түсіндіруге Жандос пен М.Асылханды шақырамыз.
Бұл ойында топтың үлкен ағасы шелекті басына киеді де баланың бірін арқасына мінгізіп алып кедергілер арасымен соқтықпай өтіп келіп,арқасындағы ойыншыны түсіріп,шелекті соның басына кигізеді.Отбасы мүшелері жабылып оны көтереді де қолына қалам ұстатып адамның суретін салғызады.Болған соң бәрі қол ұстасып межеге жүгіріп келеді.Әрі жылдамдық,әрі шеберлікті талап етеді бұл ойын.
Дайынсыздар ма?
Екеуі.Бір,екі,үш.Алға!
Апай.Қазылар алқасы сайысты бағалап,сараптама жасап кетсеңіздер.
« » отбасына.
« » отбасына.
« » отбасына.
Жалпы ұпай саны қанша екен?
Рахмет.Келесі сайысымыз?
Екеуі.Қо-ян!
Апай.Ойын ережесін түсіндіруге Орынгүл мен Ақеркені шақырамын.
Скакалкамен ересектер кедергілерден айналып шапшаң жүріп шығуы керек,ал балалар скакалкамен қос аяқпен секіріп жүріп келуі тиіс.Дайынбыз ба?
Екеуі.Бір,екі,үш.Алға!
Апай.Қазылар алқасы сайыскерлер ойынын қалай бағаладыңыздар?Түсінікті болу үшін сараптама жасасаңыздар.
Рахмет.Келесі кедергі ойыны қалай аталады?
Екеуі.Баскет-фут!
Апай.Ойынның жүрісін Алинур мен Майра көрсетеді.
Ересектер допты жерге соғып алып келуі керек,ал кішкентай топ мүшелері аяқпен теуіп кедергілер арасымен айналып өтуі тиіс.Түсінікті болса дайындалайық.
Екеуі.Бір,екі,үш.Алға!
Апай.Ойыншылардың аяқ алысы қалай болды екен,әділ қазылар алқасынан сайыскерлердің бағасын сұрайық.
« » отбасының ұпайлары.
« » отбасының ұпайлары.
« » отбасының ұпайлары.
Жалпы саны қандай болды?
Рахмет!Ал,енді соңғы бөлімге де келіп жеттік.Ол қалай аталады екен?
Екеуі.Үй-шік!
Сайыскерлер қорытынды ойында түгел топ мүшелерімен біріге отырып бір қолдан жең шығара білулері керек.Ойын барысын көрсету үшін ортаға Айзат,Бекзада,Әлия және Жандосты шақырамыз.Топ мүшелерінің барлығы кругтің ішіне орналаса отырып белгіленген межеден айналып орындарына қайтып келулері тиіс.Дайынбыз ба?
Екеуі.Бір,екі,үш.Алға!
Апай.Соңғы сайысымыздың ұпайларыменберсеңіздер.
« » отбасы тобына.
« » отбасы тобына.
« » отбасы тобына.
Айза.Таңданайық спортқа тамсанайық,
Бәріміз де қосылып қол соғайық.
Шабыттансын,көңілдерің көтерілсін
Сайыскерлерді мадақтап қол соғайық!-дей келе байқауымыздың аяқталар сәтіне де келіп жеттік.Олай болса,бүгінгі сайыскер жанұяларды мадақтау үшін сөзді әділ қазылар алқасына береміз.(Сыйлықтар ұсыну)
«Толағай» әнін хормен шырқау.
Ерасыл.Демеңіздер біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Сау болып тұрыңыздар кездескенше
Осымен Толағай сайысы аяқталды.
Айза.Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар!
Жанұямыз – сәніміз, 2.Қолды созып күнге біз,
Жарасымды әніміз. Шынығамыз күнде біз.
Тартысына «Толағай» Спортта да өнерде
Атсалыстық бәріміз. Әрқашанда біргеміз.
Әкеміз бен анамыз-
Қамқоршымыз,панамыз.
Ақылынан жан-жақты
Үлгі-өнеге аламыз.
Қ-сы:Біз Толағай,Толағай,
Тау көтерген баладай.
Ұмтыламыз жеңіске
Қиындыққа қарамай.
Алға достар бастаңдар
Ақ көңілдер аспаңдар.
Бас иеді біздерге
Асу-асу асқарлар.(2 рет)
Толағай,Толағай!