Балдырған арулар мен сал-серілер сайысы
Балдырған арулар мен сал-серілер сайысы
Мақсаты: — Ата- бабамыздың асыл мұрасы, салт- дәстүр, әдеп- ғұрып, шешендік сөздермен таныстыра отырып, халқымыздың даналығын, тапқырлығын, шешендік өнерін таныту.
-Сайыскердің танымдық белсенділігін арттыру, дүниетанымы мен мәйекті
сөздермен байыту, олардың ойлау және ойын тиянақты, жетік тілмен жеткізе білу дағдыларын дамыту.
— Ұлағатты ұлы сөздермен тәлім алып, халқымыздың салт- дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу, сахна өнеріне баулу. Қол өнерін,жылдамдық,
іскерлігін көрсете білу.
Көрнекіліктер: тақырыбы, плакатқа жазылған нақыл сөздер, шарлар, қабырға газет.
Өткізілетін шарты: 5 кезеңнен тұрады.
Жүргізу барысы: күй ойнап тұрады, ортаға І және ІІ жүргізушілер шығады.
І жүргізуші: Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!
Босқа қарап тұрмаңыздар!
« Балдырған арулар мен сал-серілер» тойы басталса,
Қызықтан тыс қалмаңыздар!
ІІ жүргізуші: Уа,халайық,халайық!
Мұнда назар салайық.
І жүргізуші: Қайырлы күн!
ІІ жүргізуші: Армысыздар.
І жүргізуші: Баршаңызды көктемнің алғашқы мерекесі 8 наурыз – халықаралық ана-қыздар мерекесімен құттықтаймыз.
ІІ жүргізуші: Баршаңызға отбасылық бақыт, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге шығармашылық табыс, мерекелік шат-қөңіл тілейміз. Мереке думанды болсын!
беріңіздер!
І жүргізуші: Той деп бүгін көңіл шіркін тасиды,
Той деп бүгін, халқым шашу шашады.
Бүгінгі болар сайыста
Ән мен өнер жыр шашуын шашады.
ІІ жүргізуші: Әділдікпен баға берер аруға,
Әділдікпен қара қылды жаруға.
Әділқазы алқаларын сайлайық
Нақ аруды таңдап бүгін алуға.
Құрметті көрермен қауым сайысымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасын сайлап алайық.
1 Шабанбаева Н.А
- Мусипова М.Б
- Абдина А.С
-Алдарыңыздағы парақтар бойынша бағалайсыздар.
— Ендеше « Балдырған арулар мен сал-серілер» сайысына қатысып отырған жігіттеріміз бен қыздарымыздың жолы ақ болсын, жүлделі орынға ие болсын деген тілекпен сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
—
Бүгінгі сайысымызға қатысушы балдырған арулар мен сал-серілерімізді ортаға шақырымыз.
І жүргізуші: Құрметті көрермендер, енді бүгінгі байқаудың бағдарламасымен таныс болыңыздар:
- « Беташар»( жұптар өздерін таныстырады)
- Ойнайықта та, ойлайық. ( сұрақ-жауап)
- «Ән думан» ( үнтаспа ойнып тұрады, сол әнді табу керек)
- «Шебердің қолы ( қол өнер көрсетеді)
- Өнерлі өрге жүзеді ( жұптар өнерлерін көрсетеді)
І жүргізуші :Беташарын сайысымыздың бастайық,
Көрерменді бір серпілтіп тастайық.
Сайыскерлер таныстырсын өздерін,
Жұптарды ду қол соғып қостайық. –дей келе « Беташар» атты
алғашқы сайысымызды бастайық.
Жұптар өздерін кезек-кезек таныстырып өтеді.
ІІ жүргізуші: Әділқазылар алқасы ұпайын бергенше, Ана туралы тақпақ оқылсын.
( Оқушылар тақпақ оқиды)
І жүргізуші: Келесі сайысымыз «Ойнайық та ойлайық», яғни сайыскерлерімізге сұрақ қоямыз. Қай жұп бірінші қолындағы нөмірді көтерсе, сол сұраққа жауап береді. Ал әділқазылар алқасы қадағалап отырыңыздар. Сұрақтары:
- Абайдың әжесінің аты кім? ( Зере)
- Әкеңнің анасы саған кім болады. (Әже)
- Ұлттық бас киімдерді ата.
- Абайдың «Күз» өлеңінен үзінді айт.
- Қазақ халқында тұңғыш рет ғарыш сапарына аттанған кім? (Т.Әубәкіров)
- Қандай ұлттық ойындарды білесің?
Енді мен мақал-мәтел жасырымын, Сіздер соның жалғасын айтыңыздар.
- Ананың сүті – бал, ————
( Баланың тілі- бал)
- Әке қарап ұл өседі,——-
( Анаға қарап қыз өседі)
9 . Ақыл азбайды ——-
( Білім тозбайды)
- Еңбек етсең ерінбей,—————
( Тояды қарның тіленбей)
- Қазақтың тұңғыш ағартушы ұстазы. ( Ыбырай Алтынсарин)
- Ер қанаты. (ат)
- Түйе пірі. ( Ойсылқара)
- Асықтың ең үлкені қалай аталады. ( сақа)
Әділқазылар алқасы бағасын бергенше әнге кезек берейік.
ІІ жүргізуші: Құлақтан кіріп, бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй,- деп Абай атамыз айтқандай, кезекті әнге береміз.
І жүргізуші: « Ән думан » сайысымызды бастайық. Үн таспадан фонаграмма
ойнайды. Сол әннің аттарын айту керек.
ІІ жүргізуші: Келесі сайысымыз « Қол өнер көрсету».
«Шебердің қолы ортақ ».
«Бармақтарың майысып, түрлі ою ойысып,
Шебер болар ма екенсің» деп үйреткен аналар.
Қол өнерді көрейік, әділ баға берейік,
Шеберлер ою-ойып бер қолыңнан,
Жаңылмаған ата-баба жолынан.
Шебер қолдар өз өнерін көрсетсін,
Біз айтайық төрелігін соңынан.-демекші, әр жұп өз қолөнерін көрсетіп, таныстырады. ( жұптар кезек-кезек қолөнерін көрсетеді)
Әділқазылар алқасы бағасын бергенше биге кезек берейік.
Алуан дыбыс шығарып ,
Оркестрден үн шалқиды
Білегі мың бұралып
Қамажайға қалқиды.
І жүргізуші: Ал сайысымыздың келесі соңғы түрі « Өнерлі өрге жүзеді » дегендей, өнерлерін көрсету.
Қазақ жұрты киелі.
Өнерліні сүйеді.
Сіздерді күтіп отыр сонша қауым,
Би билеп, ән салып бер енді.-демекші келесі сайысымыз «Өнерлі өрге жүзер». Жұптардың өнерлерін тамашалап көрейік.
Қол соғып бір желпіндіріп, әділ баға берейік.
-Жұптарды қошаметпен қарсы алайық.( жұптар кезек-кезек өнерлерін көрсетеді)
Әділқазылар алқасы қорытынды бағасын бергенше әсем әнге, биге кезек берейік.
Сайыста жеңіс те бар, жеңіліс бар,
Қуанып шаттанып, күлуде бар.
Өнерін тамашалап отыр қауым,
Сайыста әділқазылар тағы да бар.
Енді әділқазылар бағасын естиік, сөз кезегі өздеріңізде.
( Жұптарды марапаттайды)
ІІ жүргізуші: Бойларыңда от бар екен байқадық,
Жүректерде шоқ бар екен байқадық.
Әрқашан осы шоқты өшірмей,
Жалындатып, шарықтаңдар әрдайым.
І жүргізуші: Осымен « Балдырған арулар мен сал-серілер » сайысымыз аяқталды.
Келгендеріңізге көптеп-көп рахмет!
Келесі кездескенше, Сау болыңыздар!