Мың бір мақал,жүз бір жұмбақ.
Сабақтың тақырыбы: Мың бір мақал,жүз бір жұмбақ.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды рухани,зерделік жағынан тәрбиелеу.Мақал мен мәтелдің айырмашылығы мен ұқсастығын ажырату,шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру.
Қазақ фольклорының түрлі жанырларының ішінде мақал-мәтелдер аса қызығушылықты зерттеу нысаны болып табылады.Бұларда халықтың өмір туралы сан алуан пайым-байқауларының ,ойға түйгендерінің нақты дәл сипаттамаларының мәйегі сүзілген .Венн диаграммасын толтырайық.
Ой тұжырымдалып, даналық қорытынды,түйінді пікір түрінде айтылады |
Сөз өрнегі ,даналық ой,астарлы ауыспалы мағынада |
Жанамалау,нұс- қай салу,ишара түрінде айтылады
|
Мақал деген не ? Мәтін деген не?
- «Жалғастыр» ойыны
Еңбек түбі-береке,…..( көптің түбі- мереке)
Ер бір рет өледі,……( қорқақ мың рет өледі)
Сөз атасы-құлақ,жол атасы-тұяқ,…..( су атасы-бұлақ)
Аталар сөзі-…..( ақылдың көзі)
Жақсы сөз ….( жанға азық)
- «Жасырдым жұмбақ» сайысы.
Жұмбақты шешіп ,сол сөз кездесетін мақал-мәтел айту.
1.Қабат-қабат қаттама,қ аттамадан аттама
Ақылын оның ала бер,Айтқан сөзін жатта.( кітап)
Оқушы:Күн шықса жайлау жадырайды,
Кітап оқысаң жаның жадырайды.
2.Иесі оның-сәби, әрі төсек, әрі үй ( бесік)
Оқушы:Ел іші –алтын бесік.
3.Үй ішінде отыз екі батыр,
Кіргендерді отап, турап жатыр ( тіс)
Оқушы:Отыз тістен шыққан сөз ,Отыз рулы елге тарар.
- «Әрі қарай,әрі қарай» ойын мақалға жауап.
- Жыртық үйді жел табар,Қандай сөзді шын табар ( өтірік)
- Сүзеген сиырға ,Құдай не бермейді? ( мүйіз)
- Адам болатын бала ,Қайда қарайды? ( алысқа)
- Түйе малдың қасқасы,Жылқы малдың …( патшасы)
Қорытындылау.