Адам және табиғат
Тақырыбы: Адам және табиғат
Мақсаты:
Білімділік мақсаты: Адам және табиғат арасындағы байланысты, жер бетіндегі тіршілік атаулының қайнар көзі күн, су, ауа, жер, ай түсінік беріп, олардың өзіндік ерекшеліктері жайлы білімдерін нығайту.
Дамытушылық мақсаты: Логикалық ойлау қабілетін, тілін, шығармашылығын дамыту, өлі және тірі табиғатты салыстыра білуге үйрету.
Тәрбиелік мақсаты: Әсемдікке, сұлулыққа, табиғатты сүюге, қорғауға, бақылауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: слайд, жұмбақтар, дидактикалық ойындар, суреттер, газеттер, сызбалар, топ аттары.
Өтілу барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі: Тақырыппен, масатымен таныстырып өту. Бес топқа бөлу және топ жетекшілерімен таныстыру. Әділқазылар алқасын белгілеп алу.
ІІ. Ойын жарыстың кезеңдері мен таныстру.
- Топтың аты, ұраны, әні, газетін қорғау (3мин интерактивті тақтада).
- Реферат жазу (өзіндік жұмыс).
- Топты қорғау. (4 мин жұмбақтар, мақал – мәтелдер, өлеңдер, анықтамалар, ерекшелігі.).
- Өлең шығару сурет салу 8 мин әр топтан екі оқушы шығады да интерактивті тақтаға суреттерін салады.
- Көрініс көрсету 3 мин.
- Зиянды жері. (ластануы слайд жасап, сол бойынша көрсету.).
Әділ қазылар алқасына 5 баллдық жүйемен есептеу.
ІІІ. Әр топ өз бетінше жұмыс істейді.
Сұрақтарға жауап береді.
1 топ: «Күн»
Ұраны: «Күн жарық пен жылудың көзі»
Әні: «Әр қашан күн сөнбесін».
2 топ : «Ай»
Ұраны: «Айым тусын оңынан, жұлдызың тусын соңыңнан!»
Әні: «Желсіз тұнде жарық ай»
3 топ: «Жер»
Ұраны: «Жер тіршілік анасы»
Әні: « Туған жер».
4 топ: «Ауа»
Ұраны: «Ауа көрінбейтін жұмақ»
Әні: «Талғардың таза ауасы -ай».
5 топ: «Су»
Ұраны: «Су анасы — бұлақ»
Әні: «Сұлу қыз су іздеген»
ІV. Көңілді ойындар:
- «Орын тап!»9 планетаның орналасу ретін көрсет.
- Доппен «Жер, су, ауа»
- «Ойлан тап!» (жұмбақтар).
- Қосымша сұрақтар беру.
- Қазақстандағы қорықтарды атап беру.
- Қазақстандағы ірі суларды атап бер және картадан көрсет.
- Не себепті жердің беті бірдей ысымайды? Экватор сызығы деген не?
- Басқа планетаның адамдары дегенді қалай түсінесің? Барма?
- 9 планетаны ретімен атап бер.
- Тірі табиғат не үшін өлі табиғатқа бағынады?
- Табиғат апаты деген не?
- Қорытынды сөз: Сызба бойынша әңгмелеу.
Адам табиғатқа тәуелді.
Сондықтан да табиғатты қорғайық, аялайық!