Жолың болсын, балақай!

Г.ТУЛЕГЕНОВА

Ленин атындағы орта мектеп

Шығыс Қазақстан облысы

Катонқарағай ауданы

 

Жолың болсын, балақай!

Мақсаты: Жолда жүру ережесін есте сақтауға, оқушыларға жол белгілерінің түрлері, оны білу не үшін қажет, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету. Жол ережесін есте сақтау қабілетін, қызығушылықтарын арттыру, барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: жол белгілерінің суреттер, экран, ребус, жұмбақтар,«Бағдаршам» әні, бағдаршам макеті, көлік құралдары: мотоцикл,велосипед, самокат.

Әдіс – тәсілдері: сұрақ – жауап, топпен жұмыс, ойын, жол белгілерін құрастыру.

Түрі: сайыс сабақ

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру

Мұғалімнің кіріспе сөзі

Біздің елімізде әр түрлі көліктер жылдан-жылға көбейіп келеді.Жаяу адамдар мен көшедегі жолаушылар саны да көбейе түсуде. Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді. Жол-көлік оқиғаларының қаупі арта түсуде. Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет. Жол-көлік оқиғаларынан көбіне балалар зардап шегуде. Оның себебі – көптеген мектеп оқушылары жолда жүру ережелерін әлі де болса нашар біледі. Міне, осы мақсатта біз бүгін «Жолың болсын,балақай!!» атты жол ережелеріне арналған тәрбиелік шара өткізбекшіміз. Ендеше, қош келдіңіздер!

(Қысқа видео)

Сабақ 6 кезеңнен тұрады.

  1. Таныстыру
  2. «Жол тәртібін еске түсірейік»
  3. «Білгенің жөн»
  4. «Жол белгісін құрастыр»
  5. «Капитандар сайысы»
  6. «Қорытынды кезең»

Сайысымызға 3 топ қатысып отыр, оларға әділ төрелік ететін адамдармен таныстырып өтейін.

  1. Мектебіміздегі «Жас жол сақшылары» үйірмесінің жетекшісі, жоғарғы сыныптарда автокөлік жүргізу ісі пәнінің мұғалімі, көпшілік адамдардың қолына жүргізуші куәлігін ұсынған ұлағатты ұстаз –

Баянғазы Мамашевич.

  1. Жол жүру ережелерін өзінің бес саусағындай білетін, бірде бір рет жолда қалып көрмеген мектебіміздің тарих пәнінің мұғалімі, көлік айдаудың хас шебері – Фархат Муктарканович
  2. Көлік жүргізу бойынша 12 жыл еңбек өтілі бар, ешқашан жол тәртібін бұзбайтын, сыныбымыздағы ата – аналар комитетінің төрайымы – Есімханова Индира апайларың.

«Таныстыру» кезеңін бастайық, топтарды ортаға шақырамын.(топтар бидеп шығады)

І топтың аты: «Сұңқар»

Ұраны:

Қай көше, қалаға барсаңыз да,

Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да

Жол жүру Ережесі заңды тәртіп,

Ол ортақ, үлкен-кіші баршаңызға!

ІІ топтың аты: «Тұлпар»

Ұраны:

Шуақты өміріміз күндей күліп,

Жүректе бүршік атып, гүлдейді үміт.

Алысқа сапар шегу мүмкін емес

Жол жүру ережесін білмей тұрып!

ІІІ топтың аты: «Барыс»

Ұраны:

Арманға алда күткен асығармыз,

Біз қалай толқын атпай басылармыз,

Жол жүру ережесін жақсы біліп,

Сақтықта тұра алатын балалармыз!

2-кезең «Жол тәртібін еске түсірейік» деп аталады. Әр топ таңдау бойынша әріп алады (Ж,К,Б).Сол әріпке басталатын ереже айтуымыз керек.

3-кезең — «Білгенің жөн» кезеңіне өтейік. Мұнда әр топ үй тапсырмасы ретінде дайындап келген материалдарын ұсынады.

 

 

 

І топ «Жол белгілерін білу не үшін қажет» (бір-бір оқушыдан айтып береді)

1-оқушы:

Күндей күліп өмірде,

Гүлдейді өмір жүректе.

Ережені білмей тұрып,

Жолға шығу мүмкін бе?

2-оқушы:

Жыламасын аналар,

Жас ұландар өсе бер.

Сақ болыңдар, балалар!

Сақ жүріңдер көшеде.

3-оқушы:

Жол жүрудің тәртібін,

Ережесін білеміз.

Сақтағанда қатерден,

Сау-саламат жүреміз!

ІІ топ «Жаяу жүргіншілердің жол жүру ережелері»(бір бір оқушыдан айтады)

 

4- оқушы:

Басталар әр қадамың аңдауменен,

Жолда жүру ережесін сақтауменен.

5-оқушы:

Ирек-ирек көшелер,

Көше деген мың ирек.

Қиындыққа әйтсе де,

Үйренесің біртіндеп,

Барар жерге асықпа,

Бәйге алмайсың бұрын кеп!

ІІІ топ «Жол белгілері» (әрбіреуін жеке-жеке оқушылар түсіндіріп айтады).

-Ескерту білгілері

— Басымдылық белгілері

— Тыйым салушы белгілер.

— Нұсқау белгілері.

— Ақпараттық көрсеткіш

— Қызмет көрсету белгілері.

— Қосымша ақпарат белгілері.

4-кезең «Жол белгісін құрастыр» кезеңі. Онда ребусты шешу арқылы өздеріңе көлік түрін таңдап алу қажет (мотоцикл, велосипед, самокат сөздері шығады). Кейіннен сол көлікпен жолдан жүріп өтіп, конвертке салынған белгілерді құрастыру қажет. Қандай белгі екендігі жұмбақтың шешуіне байланысты.

І топ – Қып-қызыл үшбұрыш,

Қауіптен сақ бол деп.

Сәт-сапар жолдаған.

Аман-сау жүреді, жаяу да көлік те,

Мен барген белгіні, сақтаған, қолдаған. (Ескерту белгісі)

 

ІІ топ – Қызылмен боялған шеңберім аумақты,

Тыйымшыл белгімін, қаталмын, салмақты.

Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге,

Қауіп бар, бағдарла көз салып жан-жаққа  (Тыйым салу белгісі)

ІІІ топ – Баратын жеріңнің бағытын, тұрағын.

Үн-түнсіз жол сілтеп, жол нұсқап тұрады.

Күндіз де, түнде де от болып жанады.

Көк түске боялған төрт бұрыш шырағым (Нұсқау белгісі)

5-кезең – «Капитандар сайысы». (слайд бойынша белгілерді атау)

Велосипедпен жүруге тыйым салынады.

 

Жаяу жүргіншілер қозғалысына тыйым салынады.

 

Кіруге тыйым салынады.

Жаяу жүргіншілер өткелі

Тоқтауға тыйым салынады.

Велосипедпен жүру жолы.

Балалар өткелі.

Жол жөндеу жұмыстары.

Шлагбаумы жоқ темір жол өткелі.

Сертігу сәті – «Бағдаршам» әні. (Қошақан әнінің әуенімен)

Көреген дәу қырағы,

Көшемізде тұрады.

Оның аты – Бағдаршам,

Жол сілтейді әрқашан.

Қайырмасы:

Ашса кезек үш көзін,

Айтты деп ұқ үш сөзін.

Тоқта! Сақтан! Жол ашық!

Жүрме жолға таласып.

Қызыл көзін ашқанда,

Сынық сүйем баспа алға.

Сары көзін ашқанда,

Қарап қалма аспанға.

 

Жасыл көзін ашса егер,

Өте бергін, жасқанба!

Қарап қалма маңайға,

Кідір! Жүгір! Абайла!

 

6-кезең «Қорытынды кезең» — А-3 форматты қағазға өлең жолдарын толықтыр.