Өз өмірің – өз қолыңда
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрық орта мектеп-гимназиясының физика пәнінің ІІІ деңгей мұғалімі, 9 «Ә» сынып жетекшісі: Темиргалиева Майра Аленовна.
Сыныбы: 9 «Ә» | Күні: 20.10.2014ж | ||
Сынып сағатының тақырыбы | Өз өмірің – өз қолыңда | ||
Мақсаты
| Оқушыларға әлемді алаңдатып отырған нашақорлық, СПИД, арақ, темекі сияқты зиянды әрекеттердің белең алып бара жатқандығын ескерте отырып, оны болдырмаудың алдын – алуға тәрбиелеу. Оларды жаман әдеттерден сақтандыру. Жас балғындарды мектеп партасынан- ақ жаман әдеттерден аулақ болып, өскен ортадан тек қана жақсы әдеттерді бойына сіңіруге, оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту және тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. | ||
Күтілетін нәтижелер
| Оқушылар жақсы мен жаманды айыра білуге, өз жақын адамдарына қамқор болуға, өз өмірлерін өз қолдарымен жасау керек екендігін түсінеді. | ||
Негізгі ресурстар
| Интерактивті тақта, компьютер, youtobe сайтынан бейнероликтер, стикерлер, А-3 қағазы. | ||
Сабақ кезеңдері | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | |
Кіріспе
| Сыныптағы психологиялық ахуалды қалыптастыру: оқушылармен амандасу, түгендеу. Тренинг (көңілді музыка әуенімен) «Досыңның портретін сал» Топтастыру (түрлі түсті конструктор арқылы) Бүгінгі сынып сағатымыз ой бөлісу, ендеше біздің ой бөлісуіміздің қызықты, әсерлі, проблемалы болуы сіздердің белсенділіктеріңізге байланысты болмақ. | Мұғаліммен амандасады, топқа бөлінеді, оқу құралдарын дайындайды. Сабақ мақсатымен, жоспарымен танысады. | |
Тұсаукесер
| Сынып сағатының тақырыбын ашу мақсатында атты бейнекөрсетілімге назар салыңыздар. Оқушылар, бүгінгі тәрбие сағатымыз не туралы деп ойлайсыздар? | Оқушылар: «салауатты өмір салты,» «Зиянды әдеттер», «Өз өміріміз өз қолымызда», т.б. | |
Негізгі бөлім
| Өз ойларын топ арасында талқылау. Постер қорғау тақырыбы: 1. Зиянды әдеттердің түрлері 2. Нашақорлықтың себептері 3. Нашақорлықтың салдары (неге алып келеді) 4. Нашақорлықтан қорғану жолдары 5. Нашақорлықтан емделу. Уақытты белгілеу үшін «Көңілді достар» әні жаймен жұріп тұрады. | Оқушылар өз тобында талқылып, ассоциация жасайды. | |
Қорытынды
| Ой жинақтау мақсатында алдарында жатқан парақты тең 5 бөлікке бөлу, оның әрқайсысына ең жаныңа жақын адамдарының аттарын жазу. Сосын оларды ең жақын, маңыздысынан бастап ретімен орналастыр. Енді соңғысын умажда, тағы соңғысын, осылай біреу қалғанша бір-бірлеп алып отыр. Қандай сезімде болдыңыздар? Оқушылар сөзі тыңдалғаннан кейін қайтадан умаждалған қағаздарды жазып қатарға қосуларын өтінеді. Кімде – кім өзіне өмір беріп, әлпештеп өсірген ата- анама қарыздармын деп білсе, соларға адал ұл, қыз боламын десе – арақ ішпесін өз ортасына қадірлі адам боламын десе – темекі шекпесін! Өз қоғамына пайдалы азамат боламын десе – нашаға әуестенбесін!
| Оқушылар мұғалім айтқандай орындайды. Топтан бір, екі оқушы қандай сезімде болғандары туралы өз ойларын айтады.
Оқушылар қуана іске кіріседі. | |
Рефлексия | Өз өмірің – өз қолыңда дегендей, өз бойымызды, өз ортамызды, өз елімізді, өз планетамызды зиянды әдеттерден сақтауға бір кісідей жұмыстанайық деп сынып сағатын аяқтаймын. Сіздің ойыңыз қандай?!
Сау болыңыздар.
| Оқушылар, бүгінгі сабақтан алған әсерлерін, ой түйіндерін алақанға (қиылған қағаз) жазып, Жер шарының айналасына жапсырады.
Мұғаліммен қоштасады. | |