Тақырыбы: «Мектеп, оқу құралдары»
Бағыты:Салауатты өмір салтын қалыптастыру тәрбиесі.
Тақырыбы: «Мектеп, оқу құралдары»
Мақсаты:Мектеп туралы түсінік беру. Оқу құралдарының атын атауға, әңгіме құрастыруға, жолдастарының айтқанын тыңдап ары қарай жалғастыруға үйрету. Ой-қиялын дамыту, сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру. Мектепті құрметтеуге оны қадірлей, бағалай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
Оқу құралдары, суреттер.
Түзету мақсаты: Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуын бақылап, түзету.
— Балалар мына суретке қараңдаршы. Не көріп тұрсыңдар?
— Мектептің балабақшадан айырмашылығы не?
— Қандай жақындықтары бар?
— Балабақшадан кейін қайда барасыңдар?
— Сендер онда немен айналысасыңдар?
— Мектепте қандай сабақтар оқиды?
Балалар мектептегі оқу құралдарының мынадай түрлері бар:
Парта, орындық, кітап, қалам, дәптер,қаламсап т.с.с. көптеген оқу құралдары бар.
Ойын шарты:
- Мен сендерге доп лақтырамын, сендер допты қағып алып оқу құралдарын атаңдар.
- – Мен сендердің нені дұрыс есте сақтап қалғандарыңды тексеремін. Әр түрлі заттардың атын атаймын, сендер тек мектепке қажетті затты атағанда ғана, қол соғасыңдар.
Мысалы: портфель, қуыршақ, кітап, шанышқы, парта, жастық, тақта, машина, пышақ, төсек.
Енді мына суретке қараңдар, нені көріп тұрсыңдар? (парта, тақта, терезе, сынып)
Қорытынды:
- Немен айналыстық мектепте қандай сабақ болады?