Тақырыбы:«Менің туыстарым»
Бағыты: Отбасы тәрбиесі.
Тақырыбы:«Менің туыстарым»
Мақсаты: «Өзара сыйластық» ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін түсіндіру. Туыс, туысқан ұғымы жайлы түсінік беру;
-туыстарға деген сыйластық қарым-қатынастарын дамыту;
-өзара сыйластыққа тәрбиелеу.
Түзету мақсаты:Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуынбақылап түзету.
Көрнекілігі: кітап, сурет
Барысы:Балалармен бірге шеңбер құрып тұрамыз,бір-бірімізбен сәлемдесіп, бір-бірімізге жақсы сөздер айтамыз.
- Сен әдептісің,
- Сен мейірімдісің,
- Сен қамқорсың,
- Сен ақкөңілсің,
- Сен шыншылсың.
Балалар туыс деп кімді айтамыз?
Өздеріңе ең жақын адамды туыс деп айтамыз. Олар әке, ана, ата, әже, аға, әпке, іні, сіңлі.
-барлық адамдардың өздерін жақсы көретін, жанашыр жақындары бар. Олар біздің туыстарымыз. Туыстар әрқашан да бір-біріне көмектеседі.
Өз туыстарың жайлы әңгімелеп беріңдер.
- Әжең үйге қандай көмек береді?
- Анаң үйде қандай шаруамен айналысады?
- Өзің үйде қандай жұмыстар істейсің?
- Үйлеріңде гүлдер өсіресіңдер ме?
- Гүлдерді қалай күтесің?
- Енді, балалар, осы «туыс»деген сөзге әрқайсымыз өзіміздің ең жақсы көретін сөзімізді айтайық. Мысалы: менің туыстарым тату болсын, бір-біріңді ренжітпеңдер,сыйлаңдар т.б.
Қорытынды:
Туысқандарыңмен қандай қарым-қатынас жасайсыңдар?
Отбасындағы сыйластық туыстарға деген сүйіспеншіліктен туындайды. Өзара түсіністік, сыйластық болғанда ғана туыстар арасында татулық орнайды. Туыстарды сыйлауымыз керек. Олар біздің жақын адамдарымыз.