Тақырыбы: «Гүл түрлерін жасау»
Бағыты: Еңбек және экономикалық тәрбиесі.
Тақырыбы: «Гүл түрлерін жасау»
Мақсаты:Гүлдер туралы түсініктерін дамыту, қалыптастыру. Табиғат туралы түсінік беру. Бірлесіп, ұжыммен жұмыс істеп отырып шығармашылыққа тәрбиелеу.
Түзету мақсаты: Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуынбақылап түзету.
Көрнекілігі: гүлдерге байланысты суреттер т.б.
Барысы:Балалармен бірге шеңберге тұрып, өлең шумақтарына сәйкес |
қимыл — қозғалыстар жасау.
Армысың асыл күн, Армысың ашық аспан, Армысың достарым, |
Сендерді көрсем қуанам
— Балалар біз бүгін гүлдерді жапсыру арқылы жапсырамыз. — Балалар орман деген не? — Ал, орман нелерден құралған? — Қандай гүлдердің аттарын білесіңдер? — Ал, біз гүлдерді кімдерге сыйлаймыз? — Балалар гүлдерді аяқпен басуға болама? — Ал, оларды жұлуға болама? — Гүлдерге біз не құйсақ өседі?
|
— Орман ол сұлу табиғат, ауасы таза.
— Орман ағаштардан, гүлдерден құралған.
— Қызғалдақ, раушан, түймедақ, қоңырау гүлі, жауқазын т.б.
— Біз гүлдерді анамыз бен әжемізге, әпкелерімізге сыйлаймыз.
— Гүлдерді аяқпен басуға болмайды, жұлуға болмайды.
— Гүлдерге біз су құйсақ өседі.
Сергіту сәті:
Жел еседі бетімізге,
Тербеледі ағаштар.
Кіп-кішкентай бұтақтар,
Үп-үлкен боп өседі.
Қорытынды:
Орман, гүлдер туралы не білдіңдер?