Тақырыбы: «Менің сүйікті қалам»
Бағыты : Әлеуметтік мәнді және жеке қасиетін қалыптастыру.
Тақырыбы: «Менің сүйікті қалам»
Мақсаты:Балалардың қала туралы білімдерін тиянақтау,тіл байлығын, ой-өрісін,грамматикалық тұлғада жүйелі сөйлеуге, елімізді, қаламызды сүюге баулу, қаламыздың тарихы ескерткіштерін аялауға, демалыс орындарында өздерін ұстай білуге тәрбиелеу.
Түзету мақсаты: Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуын бақылап түзету.
Көрнекілігі: кітап, сурет
Барысы :
-Балалар біз қайда тұрамыз?
— Қаланың үйлері қандай болады?
-Ауылдан өзгешелігі қандай?
-Қандай қалаларды білесіңдер?
-Қаламыз қандай?
-Көрікті жерлерін атаңдар?
Қаламыз тамаша,
Құлпырады тамаша.
Күннен күнге көркейіп,
Қуанамыз балаша.
Біздің қаламыз таулы аймақта орналасқан. Табиғаты өте тамаша. Сулы, құнарлы жерлері көп. Қаламыздың ортасында Төле би бабамыздың ескертіші бар. Қаламызға келген қонақтарестелік болсын деп, сол ескерткіштің жанына суретке түседі және әдемі саябақтарымыз бар.
Қорытынды:
Қаламыздың ауасы таза, табиғаты сұлу,гүл бағы көрікті болуы үшін бәріміз өз үлесімізді қосуымыз керек.ол үшін көп гүлдер, ағаштар отырғызып көгалдандырып күтуіміз қажет. Қаламызды гүлдендіре білейік.