Тақырыбы: «Достық»
Бағыты :Отбасы тәрбиесі.
Тақырыбы: «Достық»
Мақсаты: Оқушылардың арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір-бірін сыйлауға, адал дос болуға және қоршаған ортамен дос болуға үйрету.
Міндеті: 1. Адам қарым – қатынасындағы достық ұғымы туралы түсінік
беру;
- Оқушылардың арасында достық сезімдерін дамытуға ықпал
ету.
- Оқушыларды сыйластыққа, әдептілікке, шынайылыққа,
адалдыққа тәрбиелеу.
Түзету мақсаты: Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуын бақылап түзету.
Көрнекілігі: суреттер
Барысы : Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылар хормен: Үлкенге де «Сіз»,
Кішіге де «Сіз».
Бар адамға құрметпен,
Бас иеміз біз.
Шаттық шеңбері.
— Балалар, бәріміз шаттық шеңберіне жиналайық. Енді бір-бірімізге бүгінгі күніміздің тамаша өтуіне арнап жақсы тілектер айтайық. (Оқушылар «Досыммен бірге» ойыны арқылы бір-біріне бүгінгі күннің көңілді өтуіне арнаған тілектерін айтады.)
Кел, ойланайық, пікірлесейік.
- Енді, балалар, мына өлеңді тыңдап көрелік.
Шын достықтың оттары жалындайды,
Дос қамалдар ешқашан алынбайды.
Дос көңілдер есепке бағынбайды,
Дос үректер өсекке бағынбайды.
- Достық дегенді қалай түсінесіңдер?
- Шын досты қалай білуге болады?
- «Досы көпті жау алмайды» деген сөзді түсіндіріңдер?
- Достары көп болу үшін адам қандай болуы қажет?
Көмектеседі |
Адал |
Мейірімді |
Қамқоршы |
Ұқыпты |
ДОС |
Қайырымды |
Шыншыл |
Білімді |
Жанашыр |
«Достық.Бірлік.» үйін салу.
- Балалар, біздің адал достарымыз әлде де көп болу үшін, үлкен үй салуымыз керек. Сол үлкен үйді бәріміз бірге салып көрейік.
Мақал-мәтелдер
- Шын дос үшін қалайда,
Тік қатерге басыңды.
Айыра біл алайда,
Досыңменен қасыңды.
- Досы жоқпен сырлас,
Досы көппен сыйлас.
- Досың мың болса да – аз,
Дұшпаның біреу болса да – көп.
- Досыңменен дос болғанға шаттан
Дұшпаныңмен дос болғаннан сақтан.
- Ақылсыз достан, ақылды дұшпан артық.
- Дос басқа қарайды,
Дұшпан аяққа қарайды.
- Өрге жүзген өнегелі ісіңмен,
Адал дос тап тең құрбыңның ішінен.
- Кіммен дос болғың келеді?
- Партада кіммен бірге отырғың келеді?
- Мерекелерде кімге сыйлық бергің келеді?
Қорытынды.
- Адамдар тек қана бір-бірімен дос болып қана қоймайды, қоршаған ортамен де дос болады екен.
«Ризамыз» әнін айту
Ризамыз бүгінге біз,
Ризамыз бүгінге біз.
Ризамыз бүгінге біз,
Ризамыз қазірге.
Ризамыз3 бүгінге біз,
Ризамыз3 қазірге.