Тақырыбы: «Мамандықтар»

Бағыты :Кәсіби- шығармашылық тәрбиесі.

Тақырыбы:  «Мамандықтар»

Мақсаты: Әр түрлі мамандық түрлері туралы түсінік беру.

 Мамандық иелерінің қызметі және олардың еңбегімен

 таныстыра отырып,олардың маңыздылығы туралы білім

 беру. Кәсіпті таңдап,игеру үшін оқып,білім алу  қажеттілігін түсіндіру. Әңгіме құрастыруда өз ойын,өз армандарын нақты және  түсінікті етіп жеткізе білу қабілеттерін қалыптастыру.

 Шығармашылық белсенділіктерін арттыру. Әр түрлі мамандық түрлеріне қызығушылығын тудыру және  еңбек адамдарына құрмет сезіммен қарауға тәрбиелеу.

Түзету мақсаты: Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуын бақылап түзету.

Көрнекілігі:  суреттер

Ұйымдастыру кезеңі

Ал, балалар мамандық дегеніміз не қалай түсінесіңдер?

 -Балалар сендер мына күнделікті келіп жүрген,өздерін тұрып жатқан үйлерді салатын адамдар бар,ауырып қалсақ емдейтін адамдар бар,киімдерімізді тігіп беретін адамдар бар,бізге білім беретін адамдар бар, шашымызды әдемілеп қиып беретін және дәмдеп тамақ пісіретін адамдар бар.Бұл адамдардың барлығын бір сөзбен айтқанда мамандық иелері дейміз.

Мамандық дегеніміз – адамның еңбек қызметінің түрі.

Мамандық таңдау да мектеп қабырғасынан басталады.

Әсемепаз болма әрнеге

Өнерпаз болсаң арқалан

Сен де бір кірпіш дүниеге

Кетігін тапта бар қалан,

деп өмірден өз орнын тауып, елімізге қажетті кәсіп иесі болу әр баланың  арманы.

Біздің таңдауымыз да әртүрлі. Біреуің ертең ақын, екіншің инженер, үшіншің құрылысшы боласың. Жаман мамандық жоқ. Мамандықтың бәрі жақсы.

 -Мына суреттерге қарайықшы не көріп тұрмыз?

 -Үй салатын адамды-құрылысшы дейді екен , балалар.

 -Ал мына суретте тамақ пісіріп жатқан адамды-аспаз, білім беретін адамды-мұғалім деп атайды,киім тігетін адамды-тігінші, ғарышқа ұшатын адамды-ғарышкер, көлік жүргізетін адамды-жүргізуші, емдейтін адамды-дәрігер деп мамандықтың түрлеріне қарай атайды.

 -Ал бұл мамандықты меңгеру үшін көп оқуды,көп ізденуді,қажымас қайратты,көп еңбекті талап етеді.Мамандық иесі болып шығу үшін, арнайы оқу орындарында дайындап оқытады. Сонда ғана өзің қалаған мамандық иесі болып шыға аласындар.

Дид/ойын «Сөйлеп тұрған кім?»

Балалар біз қазір мына сөздерді естіп қандай мамандық иесі сөйлеп тұрғанын анықтайықшы:

 1)Балмұздақ сатамын!Балмұздақ!

 2)Жүріңіз қай жаққа апарып тастайын?

 3) Қай жеріңіз ауырып тұр?Қазір ыстығыңызды өлшейін.

 4)Шашыңызды қандай үлгіде қиып берейін?

 5)Бүгінгі сабақта біз балалар күзгі табиғат туралы әңгімелесеміз.

 6)Мен манты жасап жатырмын,қазір дайын болып қалады. . Ойын: «Қай мамандық иесі?»

— Тарағы бар қолында,

Кімді айттым ойымда? (шаштараз)

— Қалағы бар қолында, Кімді айттым ойымда? (Құрылысшы)

— Ожауы бар қолында,

Кімді айттым ойымда? (Аспаз)

Сергіту сәті

 -Балалар отыра бермей бойымызды сергітіп алайық;

 Осы балалар биді билейтін адамдарды кім дейді?

 -Дұрыс ,биші дейді.Ендеше барлығымыз биші болып көрсек қайтеді.

 («Шөжелерім» әнін қосып, балаларды билету)

— Рахмет,балалар,біз өзімізді бір сәтке биші болып сезініп көрдік!

Әліппе дәптерлеріңді ашыңдар. №1 тапсырма

Суреттен қандай мамандық иелерін көріп тұрсыңдар?

Балалар жауап беруге қиналғанда көмектесемін

№2 тапсырма Сурет бойынша құрлысшылар туралы әңгімелету

 

№3 т Шахтер мамандығы туралы айт. Көмір еліміздің қай жерлерінде өндіріледі.

Мұғалім: Ал, балалар, кім мамандық пен еңбек туралы мақал – мәтелдер , өлең тақпақтар біледі? (өз білгенін айтқан балаға жұлдызша тарату.)

Дәрігер:                                        Ұшқыш:

Мен дәрігер боламын            Ар- намысын сақтаған

Үлкеннің де баланың           Жүректе сыр сақтаған

 Қиналғанда қасына              Жан тәнімен жаттаған

  Бірінші боп барамын          Ұшқыш болғым келеді

      Инженер:                               Ақын:

Мен инженер боламын              Ал мен ақын боламын

 Жерден алтын табамын          Сусылдаған қаламым

  Жолын қуған әйгілі                 Адамдардың жүрегін

 Академик ағаның                   Жырмен жаулап аламын

Агроном:                                       Мұғалім:

Нан беремін баршаға                Мен үлкейіп  толамын

 Жер маманы болам мен             Сонда  осы ауылдың

 Барып жүрмін бақшаға            Бөбектерін оқытып

 Агроном ағаммен                    Мұғалима боламын

Қорытынды:

— Сонымен балалар қандай маман иесі болсын ол адамның еңбегін бағалай білу керек екен.Ол мейлі бастық болсын,мейлі қарапайым шаруа иесі болсын ол адамның еңбегін бағалай білу керек.Осыны еш ұмытпаңдар!