Тақырыбы: «Оқушы табиғат-досы»
Бағыты : Экологиялық тәрбие .
Тақырыбы: «Оқушы табиғат-досы»
Мақсаты: 1. Балаларға табиғат туралы түсінік беру.
- табиғат саясындағы жанды-жансыз заттарға қамқорлық жасауға, туған табиғатқа сүйіспеншілік мақтаныш сезіммен қарауға тәрбиелеу.
- Туған жердің экологиясын қорғауға үлес қосу.
Түзету мақсаты: Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуын бақылап түзету.
Көрнекілігі: суреттер
Барысы: Ұйымдастыру.
Табиғат-адам баласын дүниеге келтіріп, бойындағы бар махаббат мейірімін шұғылаға шуағын жүрегімізге ұялатқан аяулы Ана.
Табиғат-бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы және аялы бесігі, құтты қонысы мен өсіп-өнер мекені.
Табиғат-адамның бойына қуат , көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі.
Табиғаттың көркін ажрландырып, жер бетін саялы баққа айналдыратын байлық көзі-су. Халқымыз ежелден-ақ суды қастерлеп, «Сулы жер-нулы жер», «Су-табиғаттың айнасы», «Судың да сұрауы бар» деп ерекше бағалай білген.
Соңғы жылдары өлкеміздегі көптеген өзен, көл сулары қалай болса, солай пайдаланудың салдарынан олардың қоры азайып, ластануы өріс алуда. Табиғат байлығының бір тобы, жер бетінің сәулеті, еліміздің дәулеті-жасыл әлем.
Сергіту сәті.
Қане, сапты түзейік,
Тіземізді бүгейік.
Ыршып алға түсейік,
Ыршып артқа түсейік.
Көбелекше ұшамыз,
Отырамыз, тұрамыз.
Сергітуге мың алғыс!
Қорытынды:Халқымыз өсімдікті өмір өзегі деп аялап, одан қамқорлығын еш уақытта аямаған.
«Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» деген өрнекті сөз-соның айғағы
Сондықтан да, табиғатты аялайық, қорғайық.