Тақырыбы: «Достық»
Бағыты :Отбасы тәрбиесі.
Тақырыбы: «Достық»
Мақсаты: Балаларға достың адам өміріндегі орны, достықтың шынайы белгісі туралы айтып түсіндіру, досқа деген танымын , талғамын шыңдау;
Өз ойларын ашық айта білуге, берілген сұраққа ойланып толық жауап бере білуге үйрету, ойлау қабілеттерін, сөздік қорын дамыту:
Балаларды адамгершілікке, имандылыққа, адалдыққа, татулыққа, мейрімді болуға тәрбиелеу, әр балаға өзінің, досының жақсы жақтарын үлгі тұтып, сол жақсы қасиеттерін өз бойына сіңіре білуге үйрету.
Түзету мақсаты: Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуын бақылап түзету.
Көрнекілігі: суреттер
Барысы : Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің басы ғой.
Ал канекей бәріміз,
Сәлем дейік үлкенге.
Сәлеметсіздерме апайлар!
Жарайсыңдар балалар! Енді барлығымыздың көңіл-күйіміз жақсы екен , олай болса бір-бірімізге жақсы тілек білдірейік.
Шаттық шеңбері
Арайлап атты жаңа күн,
Шуағын шашып баршаға.
Кане досым күлімде,
Қуаныш орнасын жүзінде.
Бүгінгі біздің өтейін деп отырған ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбы мен таныстырмас бұрын менім сендерге қоятын сұрағым бар?
-Өмірде орны ерекше тұлға кім?
-Адамдар қандай болу керек?
-Бақыт дегеніміз не?
-Тәртіпті, әдепті, ақылды, жақсы адамдарды қосқанда кімдер деп атаймыз?
-Достық дегенді қалай түсінесіңдер?
Балалар сұраққа жасқы жауап бердіңдер, біз бүгін сендермен дос, достық жайлы әнгімелесеміз.Бүгінгі ұйымдастырылған тәрбие сағатының тақырыбы: «Щын дос болу-бақыт» деп аталады.. Сонымен достар дегеніміз бірін-бірі сыйлап, әрқашан қасында табылып, көмектесетін адамдарды айтамыз.
-Қарақат,сенің неге көңіл-күйін жоқ қой, ауырып отырсын ба?
Әлде сені біреу ренжіттіме?
Қарақат: Мен досымды байқамай ренжітіп алдым.
-Сенің ойынша достық дегеніміз не?
Қарақат:- бірге ойнаймыз, сыйлаймыз, көмектесеміз, ойыншығымызды береміз.
-Балалар Қарақатты досымен қалай достастырсақ екен?
Балалар: Қарақат кешірім сұрасын.
— Міне,балалар біз шын достарды достастырдық, енді ренжіспейді деп ойлаймыз.
«Сыйқырлы орындық» ойыны
Ортадағы орындыққа бір бала отырады. Қалғандары сол баланың ұнамды жақтарын айтады. «Менің досым» тақырыбы бойынша әр бала өзінің досы жайлы айтады.
-Жарайсыңдар балалар, енді сендер білесіңдер ме достың екі түрі болады. Бірі-адал достық, екіншісі- амал достық. Адал достық сенімді, қамқор , адал сендердің достықтарың сияқты болады, амал достық өтірік айтады, мақтаншақ, арам болып келеді.
Сонымен балалар біз қандай достықты таңдаймыз? Мен сендерге екі дос әнгімесін айтып берейін, сендер олардық достығы адал ма, әлде амал достық па, қайсысы екеннің өздерің айтыңдар.
«Екі дос».
«Бірде орманмен екі дос келе жатқанда оларға бір аю бас салады. Бір бала сасқанынан жүгіріп барып ағашқа мініп кетеді. Ал екіншісі үлгере алмай, өтірік өлген болып,жата қалады.Аю оған жақындап келіп, иіскей бастайды.Бала болса демін шығармай тыныш жата қалады. Аю оны иіскеп-иіскеп кетіп қалады. Аю кеткен соң бірінші бала ағаштан түсіп алып: «Аю саған не айтты?,- дейді. «Ол маған, досын тастап кеткен дос-дос емес»,-деді »
Сұрақ:
1 Дос деген қандай болуы керек?
2.Нағыз дос деп осы екі баланы атауға бола ма?
Достық- әдеп, сыйласым,
Дос- өмірлік қимасың.
Дос арыңдай қымбатым.
Достық сезім тым тәтті,
Достық –игі жақсылық.
Достық ниет- жақсы үміт,
Достық жасап адамға,
Достаса біл әманда.
Доспен бірге жүреміз,
Бірге ойнап күлеміз,
Ажырамас іргеміз,
Әрқашанда біргеміз
Достар тату-тәттіміз,
Болса қолда тәттіміз,
Біз бөлісіп жатамыз
Бәріміз дәм татамыз.
Біздің топта ұл- қыздар
Тату –тәтті ойнаймыз
Әлемдегі бар адамға
Тек жақсылық ойлаймыз!
Суретпен жұмыс
Дос деген кім?
Достық дегенді қалай түсінесің?
(Жауапты сурет арқылы бер. Суреттегі балалардың қимылдарын айту.)
Сыр бөлісетін адам
Мені өте жақсы түсінетін адам
Көмекке әрдайым дайын адам
Сенімді адам
Қорытынды.
- Адамдар тек қана бір-бірімен дос болып қана қоймайды, қоршаған ортамен де дос болады екен.
«Ризамыз» әнін айту
Ризамыз бүгінге біз,
Ризамыз бүгінге біз.
Ризамыз бүгінге біз,
Ризамыз қазірге.
Ризамыз3 бүгінге біз,
Ризамыз3 қазірге.