Тақырыбы: «Мен Отанымды сүйемін»
Бағыты :Азаматтық құқықтық тәрбиесі.
Тақырыбы: «Мен Отанымды сүйемін»
Мақсаты: «Отан»құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
- Отан туралы түсініктерін кеңейту;
- Патриоттық сезімдерін дамыту;
- Отанын сүюге тәрбиелеу.
Түзету мақсаты: Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуын бақылап түзету.
Көрнекілігі: суреттер
Барысы : Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу
Отан деген- атамекен,
Отан деген- туған жер.
Отан-ана,
Отан-үлкен,
Қазақстан-туған елі.
- Балалар, біз бүгін сүйікті Отанымыз, яғни отбасымыз, ауылымыз, қаламыз, өскен ортамыз жайлы әңгімелесеміз.
«Отан» деген сөзді қалай түсінесіңдер?
-Әр адамның өз Отаны болады. Отан-ол біздің туған жеріміз, тұратын жеріміз, отбасымыз.
Отан-біздің атамекеніміз. Отан біздің табиғатымыз, айнала қоршаған ортамыз.
Біздің еліміз өте бай, өте әдемі. Біздің Отанымыз-Қазақстан.
Сенің Отаның
Көп аузынан түспейтін,
Отан деген немене?
Оның тұлға,түс, кейпі
Достым білгің келеме?
Отан-сенің ата-анаң,
Отан-досың бауырың.
Отан-өлкең астанаң,
Отан-аудан ауылың.
Отан-тарих, Отан-тіл,
Жасаған елің, өз халқың,
Отан-өлкең, Отан-жыр,
Көтерген көкке ел даңқын.
Қорытынды.
-Біз бүгін өзіміздің туған жер –Отанымыз туралы әңгімелестік. Біздің Отанымыз-отбасымыз, өз ауылымыз, қаламыз, өзіміз тұратын көшеміз екенін түсіндік.
Біз отбасымызды, елімізді, жерімізді, Отанымызды мақтан тұтып, қадірлеп, құрметтейміз. Ол үшін жақсы оқып, ақылды азамат болуға тырысамыз.қазақстан елінде тұратынымызды мақтан етеміз.