Тақырыбы: «Табиғат-Ана»
Бағыты :Әлеуметтік мәнді және жеке қасиетін қалыптастыру.
Тақырыбы: «Табиғат-Ана»
Мақсаты: «Табиғат» құндылығының маңыздылығы туралы түсінік беру.
Табиғат пен адамдар арасындағы байланысты түсіндіру;
Табиғатқа деген танымдық қызығушылықтарын дамыту;
Табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Түзету мақсаты: Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуын бақылап түзету.
Көрнекілігі: суреттер
Барысы: Ұйымдастыру.
Жарқырап күн де ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз!
Қайырлы күн! Біз сүйкімді баламыз!
- Балалар суретте не көріп тұрсыңдар?
Балалардың жауаптары тыңдалады.
- Дұрыс айтасыңдар балалар, біз табиғаттың жомарттығы мен сұлулығы жайлы біліп, оны қорғау мен, аялауды үйренеміз.
- «Табиғат» дегенді қалай түсінесіңдер?
Балалардың жауаптары.
Табиғат –Ананың сұлулығын сақтау үшін адамдар не істеуі керек?
Балалардың жауаптары тыңдалады.
Балалар! Табиғат пен адам бір-бірімен байланыста. Адамның Табиғатсыз тіршілігі жоқ.
Бізді қоршағанның бәрі-табиғат, ол жазира дала, биік таулар, көгілдір көлдер, мөлдір өзендер мен бұлақтар, сондай –ақ жан-жануарлар, аңдар, құстар мен жәндіктер.
- Неліктен табиғатты анаға теңеп «Табиғат-Ана» деп айтады?
Балалардың жауаптары.
Күтілетін жауаптар:
- Ауаны жұтамыз.
- Күн жылулығын, жарығын береді.
- Жер-Ана азықпен қамтамасыз етеді.
- Сусыз тіршілік жоқ.
- Ағаш айналаға көрік беріп, көлеңкесін тосады.
Қорытынды:
«Табиғат қорғау-Отанды қорғау» деген нақыл сөзді бүгінгі сабақтың дәйексөзі.