Тақырыбы: «Жыл мезгілдері»
Бағыты :Интеллектуалды мәдениетті қалыптастыру.
Тақырыбы: «Жыл мезгілдері»
Мақсаты:Балаларды жыл мезгілдерімен таныстыра отырып, жыл
мезгілдерінің ерекшеліктері жайлы түсіндіру.
Түзету мақсаты: Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуын бақылап түзету.
Барысы: Ұйымдастыру.
Әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Сәлеметсіңдер ме балалар? Балалар,бізге шуағыын төккен күнмен, мейірімді жер анамен,қайырымды аспан атамен және бізге келген қонақтармен амандасайық. Өте жақсы балалар,ал енді әркім өз орындарына отыра қойсын. Табиғатты аялап, қорғасақ,өз денсаулығымызды қорғағанымыз. Балалар өз денсаулығымызды қорғағанымыз дегенді қалай түсінеміз? Біз табиғатты қорғасақ, яғни өсімдіктерді,ағаштарды ,гүлдерді көп етіп егіп, оларды күтіп баптай білсек олар біздің денсаулығымызға өте пайдалы. Олар бірігіп,саябақтарды,орман- дарды құрайды. Әрбір жыл мезгілі өз сәнімен ерекшеленеді. Жазда ыстық,күзде сары, қыста қар, көктемде жасыл болады. Балалар неше жыл мезгілі бар? Қане бәріміз бірге жыл мезгілдерін атайықшы. Дұрыс айтасыңдар балалар. Осы кезде қыс мезгілі қонаққа келеді. Қыс мезгілі: Аяз қысып,өрнек сызып, Терезеңді торлайды. Бөбектерім айтыңдаршы Бұл қай кезде болады? Жарайсыңдар балалар. -Балалар мен сендерге сұрақ қойғым келіп тұр. -Қыс мезгілі несімен қызықты?
Жарайсыңдар балалар. Ал балалар қазір жылдың қай мезгілі? -Күн,күн,сен неге күлімдейсің? -Жаңбыр,жаңбыр сен неге сыртылдайсың? -Құстар,құстар сендер неге сайрайсыңдар? Өте жақсы балалар. Көктем мезгілінде қандай ерекшеліктер болады?
Осы кезде Бәйшешек өсіп шығады. Балалар мынау қандай гүл?
Өте жақсы балалар. Біз бүгін жыл мезгілдері жайлы әңгімелестік. Ал енді іс-әрекетті «Гүл теру» ойыны арқылы қорытындылаймыз. Балалар мына жерде гүлдер тұр. Ал ендер гүлді ала отрып, сұрақтарға жауап бересіңдер. Сұрақтар: -Жыл мезгілдерін ата? -Тыйым сөздер айт? -Бүгінгі ауа райы қандай? -Қыс мезгілінің ерекшеліктерін ата?
Қорытынды. Балаларды мадақтау. |
Армысыз қайырмды Аспан ата! Армысыз,мейірімді Жер ана! Армысыз ,шұғылалы Алтын күн! Сәлеметсіздер ме апайлар!
Балалар мұқият тыңдайды.
Төрт жыл мезгілі бар. Қыс,көктем,жаз,күз.
Қыс мезгілінде болады.
Иә. Қар. Шана. Мұз. Қыста қар жауады, қардан аққала жасап ойнаймыз.Шанамен ойнаймыз.
Балалар мұқият тыңдайды. Көктем мезгілі.
-Көктем келді -Көктем келді. -Көктем келді. Күн жылынып,адамдар егін егеді. Жылы жақтан құстар келіп, көктемнің алғашқы гүлі бәйшешек шығады.
Бәйшешек. Мынау көтемнің алғашқы гүлі ғой. Қандай әдемі!
Балалар қайталайды.
Балалар мұқият тыңдайды.
Балалар ойын ойнау арқылы, сұрақтарға жауап береді. |