Тақырыбы: «Жол белгісі»

 

Бағыты :Кәсіби шығармашылық тәрбиесі.

Тақырыбы:  «Жол белгісі»

Мақсаты: Балаларды жол ережелерімен таныстыру. Бағдаршам арқылы  

                  үш   түрлі түсті ажыратып, жолға шыққанда өздерін қалай   

                 ұстау  керектігін үйрету.Балаларды сақтыққа, жол ережелерін         

                орындауға   үйрету.

Түзету мақсаты: Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуын бақылап түзету.

Барысы:Ұйымдастыру.

Жалғайтын достастырып бар елменен,

                              Жолдардан тұрады ғой әлем деген.

                              Бүгінгі бізге келген қонақтарға,

                             Ойын- сауық кешімізді бастаймыз сәлемменен!

                             Арманға алдап күткен асығамыз,

                             Біз қалай шапқан аттай басыламыз.

                             Жол жүру ережесін жақсы біліп,

                             Сақтықпен алға ұмтылған жас ұланбыз!

-Балалар, мына макетке қараңдаршы не бейнеленген?

— Бағдаршам.

-Ол неше түстен тұрады?

— Үш.

-Түстерін атаңдар?

-Сары,қызыл, жасыл.

Пішіндері қандай?

-Дөңгелек.

-Балалар, қане кім жұмбақ біледі екен?

Менің үш көзім бар,

                            Бір көзім кідір, — дейді,

                           Бір көзім жүгір, — дейді,

                           Бір көзім абайла, — дейді,

                          Қарап ал, маңайға, — дейді.

-Бұл не екен, балалар?

— Бағдаршам.

Көрініс .  «Көшедегі жол ережесі»

1 бала – бағдаршам

1 бала – жедел жәрдем

2 бала – жеңіл машина

4 бала – жолаушы

МАЙ қызметкері

Балалар белгіленген орындарға барып тұрады. Көше қиылысында машиналар зуылдап өтіп жатыр. Жолаушылар бағдаршамға қарап, тосып тұр. Дәл осы кезде жедел жәрдем машинасының сиренасы естіледі.

Тәрбиеші: — Балалар, мынау қай көліктің даусы?

                      Жедел жәрдем.

                      Ойпыр – ай, енді қай көлікті жібереміз?

Балалар: Жедел жәрдем  машинасын жібереміз.

Жүргізуші: Неге?

Балалар:  — Жедел жәрдем машинасында ауырып жатқан адам бар.

Жүргізуші: — Дұрыс айтасыңдар, балалар. Жедел жәрдем машинасын бірінщі жіберу керек. Себебі, олар адам өмірін құтқаруға асығып бара жатыр. Бағдаршамға бағынбай, жүгіріп өтіп бара жатқан баланы МАЙ қызметкері тоқтатып, ескерту береді.

Бір топ бала жаяу жүргінші жолымен жүреді.

Балалар МАй  қызметкеріне, бағдаршамға арналған өлеңдерін оқып береді.

  Бағдаршам, жасыл жанды,

                      Өте бер, бағың жанды.

Ал, егер сары жанса,

                     Кідір тұр, жолды байқа!

Қызыл жанды қып- қызыл от сияқты,

                    Қолыңды күйдіретін шоқ сияқты.

                    Бағдаршамды әр қашан есте сақта!

                   Қызыл түс жанғанда аялда, тоқта!                                                       

                   Қызыл – байқа, машина жоқпа?!

                  Сары – қозғалма, асықпа, тоқта!

                  Жасыл – жол сенікі осыны есте сақта!

Қызыл көзін ашқанда,

               Сынық сүйем баспа алға!

               Сары көзін ашқанда,

               Қарап қалма аспанға.

               Жасыл көзін ашқанда,

               Өте бергін, жасқанба!

              Көзін ашып- жұмады.

              Бағыт сілтеп тұрады.

Балалар МАЙ қызметкерімен қоштасып, шығарып салады.

Жүргізуші: — Балалар, мен сендерге «Бағдаршам» атты ойын ойнатқым келіп тұр.

Ойын шарты: Барлық бала дөңгелене тұрады.Қызыл түсті көтергенде, бір адым артқа, сары түсті көтергенде, сол орында тапжылмай тұрады, жасылтүсті көтергенде, бір адым алға жылжу керек.

 

Тәрбиеші: — Балалар,ойын-сауық кешімізге жақсы қатысып, жол жүру ережелері туралы білімдеріңді жинақтадыңдар.

Осымен,  бүгінгі өткен ойын- сауық кешіміз аяқталды.

                                           Сау болыңыздар!