Жарқын болашақ иесі- бүгінгі жас маман

Жарқын болашақ иесі- бүгінгі жас маман

 

    Сабақтың мақсаты :

Білімділік: Кәсіпкерлік білімдерін дамыта отырып, алған білімдерін іскерлік ортада өмір сүруде, қызмет етуде қолдануына жағдай жасау.

Тәрбиелік: Оқушылардың кәсіптік мәдениетін іс-әрекеттері арқылы өз білімдерін кәсіпкерлік ортада қолдануды қалыптастыру, бір-бірін құрметтеп, сыйлауға адамгершілікке тәрбиелеу.

 

Негізгі бөлім:

 

Кіріспе сөз

2.Мақал-жауап ойыны

3.Тестік ойын

4.Құрылғыны құрастыру

5.Қанатты сөздер мағнасын ашу

6.Кроссворд шешу

7 Минишығарма жазу

Бүгінгі сабақтың мақсаты- кәсіптік білімдерін дамыта отырып, алған білімдерін іскерлік ортада өмір сүруде, қызмет етуде қолдануына жағдай жасау және бір-бірін құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу.

Жаңа экономикалық жағдайларға жастарды дайындау — әлеуметтік қажеттіліктердің бірі. Әлеуметтік экономиканың тұрақтылығы, оның бәсекелес сипатын қалыптастырудың басты күштерінің бірі – кәсіпкерлік қызметті дамыту болып табылады. Сондықтан бүгінгі сабақтың тақырыбы «Жарқын болашақ иесі – бүгінгі жас маман» деген атты таңдадық. Мемлекетімізді дамыған өркениетті елдер деңгейіне көтеру үшін болашақ ұрпақты лицей қабырғасынан бастап жан-жақты білімді, кәсіптік ортаға бейімді етіп тәрбиелеу – мұғалімнің басты міндеті.

Оқушылар 3 дәнекерлеушілер тобына бөлінеді : 29, 39, 34.

Сайысқа қатысушыларға мынадай тапсырмалар беріледі:

Мақал-жауап ойыны

Тестік ойын

Құрылғыны құрастыру

Қанатты сөздер мағнасын ашу

Кроссворд шешу

Минишығарма жазу

Әділ қазылар алқасы 5 балдық жүйе бойынша  әр дұрыс жауапты бағалайды.

Олай болса миларыңды дамытып, ойларыңды сергітетін «мақал-жауап» атты ойын ойнайық.

 

Мақал- жауап ойыны

 

1 Еңбек түбі не?

2 Әдепті бала қандай бала?

3 Аңдамай сөйлеген қалай өледі?

4 Сөз неден өтеді?

6 Тіл нені жарады?

6 Айтылған сөз немен тең?

7 Ұрлық түбі не?

8 Қаhарлы сөз не бұзады?

9 Сөзі ненің оғындай?

10 Талпынған неге жетер?

11 Талаптыға не жауар ?

 

2 тапсырма- Тесттік сұрақтар

 

  1. Дәнекерлік генератор қатты қызады. Неге?

А) Коллектор ластанған

Б) Якорь орамдары арасында қысқа тұйықталу бар

В) Генератор якорының айналымы аз

  1. Шойынды мыс-темірлі электродтармен дәнекерленгеннен кейін жапсарды неге тапайды?

А. Жапсарды тегістеу үшін

Б. Жапсардың металын жалпайту үшін

В. Жапсар металын тығыздау үшін

3.дәнекерлік доға ұзын болса

А.  Дәнекерлеу жылдамдығы артады

Б. Дәнекерлік ваннаны қорғау нашарлайды, шашырау көбейеді, жапсар сапасы төмендейді

В. Жапсар металының сапасы жақсарады

  1. Мысқа қандай металды қосқанда жез алынады?

А. Магний

Б. Мырыш

В. Марганец

  1. Л70 маркілі жездің құрамында неше пайыз мырыш бар?

А. 70%

Б. 30%

В. Мырыш жоқ

  1. Титан немесе ниобий қосылмаған тот баспайтын болат 500-700 –қа қыздырғанда өзінің негізгі қасиетін жоғалтып, сынғыш күйге түседі. Оның қасиеттерін қалпына келтіру үшін не істейді?

А. 150-ге дейін қыэдырып алып, жәйләп салқындатады

Б. 550-ге дейін қыэдырып алып, жәйләп салқындатады

В.850-ге дейін қыэдырып алып, жәйләп салқындатады

  1. Жәйләп салқындатуды талап ететін болаттарды газдық дәнекерлеуде қандай тәсілді қолданады?

А. Оңқай

Б. Солақай

В. «ваннаша»

  1. Дәнекерлік жалын қысқарса , металға жақындағанда өзінен-өзі сөнсе оттегі қысымының қандай болғаны?

А. өте төмен

Б. өте жоғары

В. Қалыпты

  1. оттегінің кесу режимдерінің негізгі көрсеткіштері

А. Кесуші оттегі қысымы және қыздырушы жалын түрі

Б. Кесу жылдамдығы

В. Кесуші оттегі қысымы және кесу жылдамдығы

  1. Дәнекерлік жапсардың сызаттануының басты себебі не?

А. Қыздыру және салқындатудың бірқалыпты болмауы

Б. Дәнекерлік ток күшінің өте аз болуы

В. Дәнекерлік доғаның ұзындығының бірқалыпты болмауы

  1. Электрлік доғаны ойлап шығарған алғашқы ғалым

А. 1802жылы Петров

Б. 1882жылы Бенардос

В. 1888жылы Славянов

12 Трансформаторлар қандай аппарат

А. Кернеулері бірдей

Б. Жиіліктері бірдей бір кернеуді екінші бір кернеуге айналдыратын аппарат

В. Айнымалы тогы өзгеріп отыратын аппарат

13 Айнымалы токпен дәнекерлеу үшін қандай аппарат қолданылады?

А. Өлшеуіш трансформатор

Б. Пісіру трансформаторы

В.Автотрансформаторлар

  1. Тұрақты ток тізбегінің энергия көздері

А. Двигательдер

Б. Генераторлар, батареялар, аккумуляторлар

В. Электр станциялары

15 Тұтыушы пайдаланатын төменгі кернеу?

А. 220/380В

Б. 30/35 Кв

В. 11/18 Кв

 

3 тапсырма бойынша алдарыңа берілген қиындылардан құрылғы құрастыру керек.

 

 

4 тапсырма- Қанатты сөздер. Әр оқушы өз ойын айту керек.

 

Адам мақсатына арамдықпен жете алмайды.

К.Маркс

 

 

Пайда ойлама, ар ойла,

Талап қыл артық білуге

Абай

 

Біле бер қанша білсең- — тағы тіле

Жетерсің мақсатыңа біле-біле

Ж.Баласағұн

 

5 тапсырмада кроссворд шешеміз, бергілі уақыт ішінде (3 мин)

 

6 тапсырмада минишығарма жазу. « Мамандықты қалай таңдадың ?» Деген тақырыпта.

 

Әділ қазылар алқасы енді  топтардың барлық жинаған балдарын айтыңыздар.

Қорытынды:

1 орын –

2 орын –

3 орын –

 

Сіздердің алдарыңа қойған басты мақсаттарың – білім шыңына талпыну, өз бетінше әрекет ету, қиындықтарды жеңе білу.

Шен-шекпенге жасыңнан

Құмар болма депті Абай

Милары жоқ масылға

Сыңар болма депті Абай

Бүкіл абзал адамның

Баласы бол депті Абай

Атаң менен анаңның

Панасы бол депті Абай

Өсиетін Абайдың

Орындап жүр кім қалай

Деген ұлы Абайдың қалдырған өсиетімен сабағымызды аяқтаймыз.