Өмірі өнегелі қаламгер Оралхан Бөкей
Өмірі өнегелі қаламгер Оралхан Бөкей
Мақсаты: Оқушыларды жерлес жазушы – Оралхан Бөкейдің өмірбаянымен, шығармаларымен таныстыру;
Дүниетанымдарын кеңейту, шығармашылық қабілеттерін ашуға мүмкіндік жасау;
Ұлтжандылыққа, қамқорлыққа, жанашырлыққа тәрбиелеу, өз елінің біртуар азаматтарына деген мақтаныш сезімдерін ояту.
Көрнекіліктері: Оралхан Бөкей туралы видеофильм, слайдтар, буклет, шығармалары.
Түрі: ауызша журнал
Жоспары:
1-бет. Жазушының өмірбаяны
2-бет. Жазушы аға бейнесі
3-бет. Менің пірім – Оралхан
4-бет.Оралхан туралы ойлар
Мұғалімнің кіріспе сөзі
Тау қойнауы өзендер мен бұлақтар
Шөліркеген тыныс алып тұрақтар.
Еуропа жұрты Швейцария деп таныған
Ал сіздерге бұл қай жер деген сұрақ бар? (Жауап)
Жақсыларға айқара ашып есігін,
Катон осы – дарындылар бесігі.
Шығармасы жарты әлемге әйгілі
Жазушы бар біз білетін есімін. (Оралхан Бөкей)
I бет. Жазушының өмірбаяны
(Слайдтар арқылы жазушының өмірбаянымен таныстыру)
II бет.Жазушы аға бейнесі
- Оралхан Бөкей туралы видеофильм көрсету.
- Мектеп кітапханашысы жазушының шығармаларымен таныстырды.
- Өзге тілде жарық көрген шығармаларымен сынып жетекшісі таныстырды.
- Халық берген сый…(жазушының марапаттары)
III бет. Менің пірім – Оралхан (шығармашылық бет)
1.О.Бөкей шығармалары жас суретшілер көзімен (әртүрлі шығармалары бойынша салған суреттері туралы әңгімеледі)
- 7-сынып оқушысы – Имашпаева Айдана Оралхан туралы шығармасын оқып берді.
- «Апамның астауы» атты шығарманы сахналау.
IV бет Жазушы туралы ойлар
1-оқушы: Міндің де «Кербұғыны» «Мұзтауды» аңдып,
«Текетірес» тортуыл. Біз таңғалдық.
Жолығып ойда жоқта «Қар қызымен»
Өсірдің « Қасқа құлын»жүз тарландық.
Бұзатын «Сайтан көпір»дәрі қайдан?
«Құмдағы шағылдардың» ірі лайдан.
«Өшірмей өз отыңды» келе жатып,
Оралхан! Жүрген ерің — «Бәрі майдан».
( Төлеген Рақымжанұлы)
2-оқушы: Оралхан шығармалары шаршы әлемнің талай тілдеріне аударылды. Жиырмасыншы ғасырдағы қазақ әдебиетінің ең сүйікті, ең сүлей суреткерінің бірі ретінде әлемдік танымалдылыққа ие болды. Алыс-жақын елдерде «қазақ» деген сөзбен қабаттаса айтылатын азғантай тұлғалардың біріне айналды.
Оралхан азғантай ғұмырында асқаралы биікке өзін де, елін де, туған әдебиетін де көтере білді. (Әбіш Кекілбаев)
3-оқушы: Меніңше, жазушы парызы – өміршең шығармалар тудыру болса, оқырмандар парызы – оны рухани игілікке жарату болмақ. Ал оқырмандар дегеніміз – өзіміз, оның артында қалған жерлестері мен көзі тірі замандастары. (М.Қабимолдин)
4-оқушы: Жазушы Оралхан Бөкей – туған өлкесі әсем Алтайдың, асқақ Алтайдың жыршысы. Оның шығармалары Алтай өлкесінің Гимні іспеттес… (Академик Рәбиға Сыздық)
Мұғалімнің қорытынды сөзі.
Қаирдолдина Гульназ Нургуметовна
Чернова орта мектебі
Аққайнар ауылы
Катонқарағай ауданы
Шығыс Қазақстан облысы